Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет48/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Бекітілген сүннет – Мұхаммед пайғамбардың әрдайым орындаған құл-
шылықтары. Тек Аллаһ елшісі мұсылмандар ол құлшылықты парыз амал деп ой-
лап қалмас үшін анда-санда орындамай отырған. Парыз намазына қамат айтылған-
нан кейін мешітке кірген адам мешіттің сәлем намазын да, дәрет намазын да, парыз 
намазының алдында оқылатын бекітілген және бекітілмеген сүннет намаздары-
ның ешқайсысын оқымастан, бірден имамға ұйып, парыз намазын оқуға кіріседі 
(Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат). Қара: суннә муәккәдә.
Бекітілмеген сүннет – Мұхаммед пайғамбардың бірде істеп, бірде істемеген 
құлшылықтары. Сүннет намазы сунна муәккәдә (ратибә) және сунна ғайр муәк-
кәдә (мустахабба, мандуба) деп екіге бөлінеді. Оны қазақ тілінде бекітілген және 
бекітілмеген сүннет деп те атайды (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат). Қара: суннә 
ғайр муәккәдә.
Берекет ةكرب – береке, ырыс.
Бес уақыт намаз. Мұсылмандарға бір күнде бес уақыт намаз оқу бекітілген. 
Соны «бес уақыт намаз» деп атайды. Олар: таң (фажр, бамдат), бесін (зуһр), екінті 
(аср, намаздыгер), шам (мағриб, ақшам, намазшам) және құптан (иша, жашиық) 
намаздары. Бұл намаздардың әрқайсысының оқылатын бекітілген уақыты бар.
«Оның бес уақыт намазы ауыл балаларының қол сағаты сияқты»
(Қ.Сәрсекеев, Кілт.). 
«Бес намаз, он екі иман жанға пайда, 
Қалайын біраз сөйлеп, осындайда» (Айтыс). 
«Бесінші тілек тілеңіз:
Бес уақыт бес намаз 
Біреуі қаза қалмасқа» (Бұхар жырау). 
Бесмілла. Бисмилләһи. Бісміллә. Аллаһтың атымен. 
«Кемелдің ауылында сана тапсаң, 


68
«Бог один» деп бетінен сүйіп қара. 
Бесмілла әмір зибал, кәләм, қашап, 
Інім де, һәм дінім де Аллаға хас» (Ақан Сері, Шығ.).
Бесін намазы رهظلا ةلاص – күн ауғаннан кейін оқылатын намаз. Бесін намазы 
төрт ракағат сүннет, төрт ракағат парыз және екі ракағат сүннет намазынан тұрады.
Бесін намазы күн тас төбеден ауғаннан бастап, әр заттың көлеңкесі күн тас төбе-
де тұрған кездегі көлеңкесін алып тастағанда, өз бойынан екі есе болғанға дейін 
жалғасады (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат). 
Әбу Разин: «Нәфиғ ибн әл-Әзрақ Ибн Аббасқа (Аллаһ әкесі екеуіне разы бол-
сын) келіп: «Бес уақыт намаз Құранда (бар) ма?» – деп сұрады. Ол (Ибн Аббас): 
«Иә», – деп, «Кеш батарда...» («Рум» сүресі, 17-аят) шам намазы, «таң атарда» таң 
намазы «...және кешкілік» («Рум» сүресі, 18-аят) екінті намазы, «және түс кезін-
де» бесін намазы (деп осы аяттарды) оқыды және «құптан намазынан кейін ...» 
(«Нур» сүресі, 58-аят) деген аятты оқыды», – деп айтқан (Әл-Хаким ән-Найсабури. 
әл-Мустадрак).
«Ақсақалдар әңгімесі біткен кезде, бесін намазы да болып қалған екен» 
(С.Сейфуллин, Шығ.).
Қазақ тілінде осы бесін намазының уақытына байланысты бірнеше сөздер 
кездеседі.Күннің тас төбеден ауып, бесін намазы кіретін уақытты «бесін мезгілі» 
деп атайды. 
«Сәске түстен бесінге шейін Смағұл екеуміз аласұрып, жуан сырғауылды ара-
мен кескіледік» (С.Сейфуллин, Тар жол.). 
«Бесінге дейін біздің әскерлердің санынан асып кетуі мүмкін, – деді әмір-
лердің бірі» (Ә.Кекілбаев, Шығ.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет