66
«мәні бар сөз», «салмақты сөз», «өзара келісім сөзі» деген мағыналарда қолданыла-
тын болған. Өйткені «пәтуа» тоқтау сөз болып табылады. Пәтуаның осы мағынасы
негізге алынып, қазақ тілінде қолданылу ауқымы кеңейген.
«Билер сонда мынадай бәтуаға келіпті: бұдан былай бақастықты, күншілдік-
ті, партияшылдықты тастайық, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарайық депті»
(О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас).
«Қазақстандық демократия ел басқару әдісін де, мәдени-ұлттық қарым-қаты-
настарда да, даулы мәселелерді шешуде де, уәждер мен бітім, уағдалар
мен бәтуа-
ларда да ұлттық үрдістермен синтезделгенде ғана өміршең, көңілге қонымды, ойға
сіңімді болмақ» («Жас Алаш»).
«Сөзден кетті бәтуа,
Базынаң жүрмей татуға,
Аңдысып құда сүйекпен,
Көтеріп тастап иекпен,
Қадір, қасиет, сый кетті» (Дулат
Бабатайұлы, Сөзім барда, көзім жоқ).
Қазақ тілінде «бәтуа» сөзінің «бәтуаласу», «бәтуалы», «бәтуасыз» және «бә-
туажа» сияқты туынды сөздері кездеседі.
Бәуеден. Баһауддин. Қазақ әдеби тілінің он бес томдық сөздігінде бұл сөзді
араб тіліндегі نيدلا ءاهب «баһауддин» (діннің әсемдігі) сөзінен енген,
көнерген сөз
ретінде көрсетіп, оның мағынасын «әулие», «пір» деп көрсеткен. Алайда келтірген
мысалда ол сөз «әулие», «пір» деген мағынадан қарағанда жеке адамның аты мағы-
насына жақынырақ келеді.
«Жүнінен жұлса бақырған,
Ешкі атасын шақырған.
Бәдеуден баққан жануар,
Шөкетайым қайдасың» (С.Қасиманов, Сиқырлы.).
Өйткені «Баһауддин» – сөзі мұсылман елдерінде
адамның аты ретінде жиі
қолданылатын сөз.
Бейіс. Пейіш, жаннат.
«Түзікті бейіске шығарамын деп, бұзықты тозаққа саламын деп айта тұра,
пендесінің біреуін
жақсылыққа мейірлендіріп, біреуін жаманшылыққа мейірлен-
діріп... тұрады екен. Осының бәрі Құдай тағаланың ғайыпсыз, мінсіз, ғафур ра-
химдағына, әділдігіне лайық келе ма?» (Абай, Тол. жин.).
Бейіт. Мола. Қайтыс болған адамды жерлейтін жер, қабір. «Бейіт» сөзі араб
тіліндегі «үй», «баспана» және «түнейтін жер» деген мағыналарды береді. Қазақ
тілінде араб тіліндегі түпкі
мағынасынан ауытқып, басқа мағынада қолданылып
кеткен.
Бейіш. Жаннат, жұмақ. Қазақ тіліне парсы тілінен енген кірме сөз. Қазақ
тілінде «бейіш» және «пейіш» деген екі варианты бар. Қазақ әдебиетінде «бейіш»
67
сөзі діни ұғымдағы «жаннат», «жұмақ» мағынасынан қарағанда «шырайлы», «өмір
сүруге өте қолайлы», «мал бағуға ыңғайлы» деген ауыспалы мағынада көбірек қол-
данылады.
«Сары арқа мүлде
бейіш боп,
Елі еркін кейіс жоқ,
Мыңнан бірді таңдатты.
Төрт түлікке толтырды,
Толағай тұлдыр қыратты» (Дулат Бабатайұлы, Замана.).
«Әділ әдейі ойламаса да, «жаз жайлаудан жайнаған жасыл шөп, жарқыраған
айнадай бұлақ, бейіштің әуесіндей жан беретін ауа қалды-ау!» дегендей шемірше-
гінің асты қызып кеткенін сезбей қалды» (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Достарыңызбен бөлісу: