69
«Жаз жайлауы «Бесқұдыққа» ұлы бесінде салығып жетті» (З.Шүкіров,
Ізгілік.).
Бесінші парыз. Қажылық ғибадаты. Ислам дінінің басты бес тірегі немесе не-
гізі бар. Олар: иман келтіру; намаз оқу; ораза ұстау; зекет шығару және қажылыққа
бару. Осы бесеуінің бесіншісі қажылыққа баруды кейде «бесінші парыз» деп те
атайды.
Мұсылмандықтың бесінші парызын өтеген қажылар саны қазір Аллаһ таға-
лаға мың да бір шүкір, әлденеше мыңға жетті. Олардың бірқатары Алланың ри-
залығы үшін қоғамымыздың сауығып, өркендеуіне шама-шарқынша атсалысуда
(«Түркістан»).
Биғат. Байғат. Басшы ретінде мойындап, бұйрықтарына бағыну.
«Шаһзада әскеріне шақыртты жар,
Ұлыстан қол көтеріп тоқтатыңыздар.
Биғат қып Ислам дінге кіріп жатыр,
Қырыстан аман қалған көп зәңгілер» (Бабалар сөзі // Діни дастан).
«Патшалық тәж кигізіп шаһзадаға,
Барша халық тегіс биғат етті енді» (Бабалар сөзі // Діни дастан).
Достарыңызбен бөлісу: