73
Бітуа. Бітуана. Араша, арағайындық. Араб тіліндегі ىوتف «фәтуа» сөзінің қа-
зақ тіліндегі мағыналық және фонетикалық өзгеріске ұшыраған варианты. Асылы,
пәтуа немесе фатуа – сөз муфтидің нақты бір діни мәселеге шығарған шешімі. Қазақ
тілінде бұл сөздің мағынасы кеңіп, кез келген адамның нақты шешімі, араздасқан
екі
жақты бітістіруге, тиянақты келісімге де қолданылып кеткен.
«Кешегі теңтегімізге бола талап тастамасын
десеңдер сендердің атта-
рыңнан-ақ патшаның алдында бітуаға жүруге әзірмін» (Ә.Кекілбаев, Шығ. жин.).
Бітуажа. Бітуәже. Араағайындық, дәнекерлік. Бұл да «фатуа» сөзінен алынған.
«Ел мен елдің арасы ру мен ру арасындағы дауды тыю үшін де талай перзент
бітуажа боп кетпеуші ме еді» (Ә.Кекілбаев, Шығ. жин.).
74
В
Вақф. Қара: уақф, уақып.
Ваххабизм. Мұхаммед ибн Абдул-Уаһһабтың жолы.
Өткен ғасырдың соңына қарай ваххабизм исламның
тек радикалды ағымы
ретінде танылса, қазіргі таңда ол шектен шыққан фундаментализмнің символына
айналып, Орталық Азиядағы егемен мемлекеттердің саяси жүйесінің тұрақтылығы-
на қауіп төндіріп отыр, өйткені олар экстремистік әрекеттерді қолданудан тайын-
байды («Егемен Қазақстан»). Қара: Уаһаби.
Достарыңызбен бөлісу: