1-сурет. Астықты орудан кейінгі өңдеу
технологиялық желісі
Астықты дер кезінде өңдеудің нәтижесінде кейбір партиялардың кәсіпорын
төңірегінде яғни ішінде жылжытып,
қозғап тасымалдауды азайтады, дәннің сақтауға
төзімділігін арттырады, қоймаларды тиімді пайдалану мүмкіндігі туады.
Астықты қабылдау кезінде өңдеу дәннің шығынын күрт қысқартады. Бұл кездегі
шығын астық жиымын сақтау барысында орын алатын физиологиялық құбылыстарының
өрбуіне байланысты.
Астықты толасыз өңдеуді іске асыру үшін бір-бірімен бір жүйелілікпен жинаушы
шанақтармен және көтергіш транспорт механизмдер арқылы байланытырылған машина
кешендерінен тұратын технологиялық желілер жасалынады.
Астықты қабылдау және өңдеу желілері
жалпы мынандай операцияларды,
шараларды қамтиды:
- сынама өлшем алып, келіп түсіп жатқан астықтың сапасын анықтау;
- автомобиль таразыларында астықтың салмағын өлшеу;
- астықты түсіру;
- дәннің технологиялық құндылығы және сапа көрсеткіштері бойынша партиялар
жасау;
- астықты бөтен қоспалардан және жармасын қалдықтардан бірінші кезекте тазарту;
- кептіру, астықты құрғақ күйінде құнды дән қалдықтарынан,
қоспаларын бөле
отырып екінші кезекте тазарту;
- қалған астықты таразыға тарту және қоймаға салып орналастыру.
Жүгері собықтарын өңдегенде жоғарыда аталған шаралардан басқа бастыру
операциясын пайдаланылады.
Азықтық және
жемдік жүгеріні өңдегенде бастыруды
бірінші
тазалау алдында, ал
тұқымдық жүгеріні собықтарды кептіргеннен кейін
жүргізген дұрыс.
Толассыз өңдеудің әрбір шарасына белгілі талап қойылады. Мәселен, бірінші
кезеңде, астық партиясынан
тез де дұрыс сынама өлшем алу, одан орташа тәуліктік
сынама құрастыру- келіп түскен астықтың бастапқы сапасы мен күйін тез және дәл
анықтаудың кепілі.
Әрбір партияның бастапқы салмағын кедергісіз анықтап жазып қою, астық әкелген
транспортты аз шығынмен түсіруді ұйымдастырудың да маңызы зор.