190 ц/га және 200 га аумағында қызылшаны топтық әдіспен жинауды ұйымдастыру
үшін керек:
-Қызылшақазғыш КСТ – 1,4 немесе КТН – 2В , МТЗ-80-4 шт агрегаттаушы
тракторларымен
- бір агрегатқа қызылшаны іріктеу үшін 30-40 адам қажет
-самосвальді тіркемесі бар тракторлар...4 шт
-қызылшасорттағыш пункттар КСП-15...2шт
-ленталы тасымалдау жүйесі...1 жинақ
-пункттан қызылшаны тасу үшін тіркемесі бар тракторлар ... 2 шт
Топтық жинауда қызылшақазғыштардың және жинағында сорттау пунктісі бар
комбайндардың топтық жұмысын қарастыратындықтан егістіктер бір-бірінен алыс
орналаспауы және кем дегенде 40-50 га жерді алуы керек. Өлшемі жағынан кіші
егістіктердің алыс ара қашықтықта шашылып орналасуында жиі көшіру (қолайсыз: оны
тасымалдауға және орнатуға кем дегенде 4-5 сағ керек) немесе адам санын немесе
транспорт санын жоғарлатуға тура келеді.
Қызылша жинауға арналған машиналар мен заманауи технологиялар зерттеуі
технологиялар белгілі бір кемшіліктерге ие, ал машиналар кейбір қиын топырақты-
климаттық жағдайларда жұмыс істей алмайды. Түйнектердің зақымдалуын тез арада
бақылау жоқ және сәйкес қызылшажинағыш машиналардың жұмыс сапасын бақылау
жинау сапасының төмендеуіне алып келеді. Сепаратаушы жұмыс органдарыында
сепараттау қабілеттілігі жеткіліксіз, жоғары ылғалдылық жағдайда жабысып және
қызылша түйнектеріне үлкен зақымдалу алып келеді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының
нәтижесі қазу және сепараттау жұмыстарына 70% энергошығын, 60% түйнек жоғалуы,
40% зақымдалу болады екен. Сондықтан рационалды тәртіп жұмысын құрастыру және
жинау, белсенді жұмыс органдарын қолдану негізінде қиын жағдайларда жұмысқа қабілетті
қызылша жинау үшін машиналар мен мұндай технологияларды жасау керек.
Достарыңызбен бөлісу: