Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Қант қызылшасы егістігін арамшөптерден қорғау



Pdf көрінісі
бет118/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

Қант қызылшасы егістігін арамшөптерден қорғау 
 
Суармалы егістік жағдайында қант қызылшасы арамшөптерден көп мөлшерде 
ластанады. Суару топырақ қабатының ылғалдылығын сақтайды, арамшөп тұқымдарының 
күзге дейін өсіп -өнуіне мүмкіншілік жасайды.
Қант қызылшасы егілгеннен кейін, алғашқы кезеңдерде баяу өседі, арамшөптер 
егістікті тез басады. Қант қызылшасы арамшөптерге өте сезімтал, егістікте 4-6 қосжарнақты 
не 10 дана астық тұқымдас арамшөптің болуы өнімнің төмендеуіне,қанттылығының 
азаюына әсер етеді. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс аудандары жағдайында 
қызылша егістігі фитоценозында 20 ботаникалық туыстан тұратын арамшөптердің 87 түрі 
кездеседі. Қант қызылшасы егістігінде таралған арамшөптер –ақ алабота, кәдімгі гүлтәжі , 
мысыққұйрық, күрмек, қараалқа, ошаған, ермен жапырақты ойраншөп т.б., көпжылдық 
шөптердентікенді сарықалуен, далалық шырмауық және далалаық арамсояу. Бұл 
арамшөптерді құрту үшін агротехникалық шаралармен қатар тиімді гербицидтер қолдану 
керек. Гербицидтер қызылша егісіне зияндығын тигізбей, арамшөптерді құртуда тиімділік 
көрсету керек. Гербицидтерді тұқым себерге не сепкеннен кейін және қызылша егісінде 2-
3 нағыз жапырақ пайда болғанда, арамшөптерде 1-3 жапырақ болғанда беру өте тиімді әдіс. 
Қант қызылшасынан мол да сапалы өнім алуда басқа агротехникалық шаралармен 
қатар ауыспалы егістің де маңызы зор. Қант қызылшасы топырақты өте талдағыш келеді, 
сондықтан ауыспалы егісте оған ең қажетті орын тағайындау керек. Қызылшаны бір жерге 
үнемі қайталап себу зиянкес жәндіктер мен аурулардың егістік жерге көптеген тарауына 
себепші болады. Демек зиянкес жәндіктер мен ауруларға қарсы ойдағыдай күрес жүргізу 
үшін бір жерге бір дақылды қатарынан бірнеше жыл қайталап егу тиімсіз.
СӨЖ №82-83-84 
Қант қызылшасы тамыртүйнегінің сақталуы және қанттың жоғалуы 
 
Қант қызылшасының тамыртүйнегіне келесі физиологиялық процессте тән: тыныс 
алу, өну және ұлпаның жастық өзгерістері.
Зат алмасу процесінде химиялық өзгерістер де болады. Тыныс алу нәтижесінде 
сахароза су және көмірқышқыл газына дейін ыдырайды. Ал кейбір бөлігі инвертті қантқа 
айналады да, глюкоза мен фруктоза қоспасы түзіледі, трисахаридтердің мөлшері ұлғаяды, 
еритін пектинді заттардың мөлшері артады. Тамыртүйнект сақтау барысында ақуызды азот 
мөлшері азаяды және еритін формаға өтеді. Нәтижесінде қант жоғалып, сірне мөлшері 
артады. Онда азот «жағымсыз» деген атқа ие болды. 


Тамыртүйнекті 
сақтау 
барысында 
органикалық қышқыл алынады және қызылша 
шырынының рН төмендейді. Минералды заттар 
да өзгеріске ұшырайды: олардың арасында 
еритін күлдердің мөлшері өседі. 
Қолайсыз 
жағдайда 
тамыртүйнек 
микроорганизмдердің әсерінен залалданады. 
Әсіресе Botrytis cenerea, Phoma betae, Scleratinia 
intermedia 
және 
Fusarium 
culmorum 
саңырауқұлақтары өте қауіпті болып келеді. 
Сондай - ақ саңырауқұлақтар тыныс алуы 
барысында көптеген жылу бөледі, нәтижесінде 
кагаттарда өздігінен қызу процесі жүреді. 
Тамыртүйнектің өніп кетуі қанттың 
жоғалуына әкеліп соғады. Тамыртүйнектің өнуі 
нәтижесінде тәулігіне 0,006 % қант жоғалады, 
10 % өнген тамыртүйнектен - 0,009, 10 – 50 % 
енген тамыртүйнектен – 0,011 және 50 % - тен 
жоғары енген тамыртүйнектерден 0,013 % қант 
жоғалады. 
Тамыртүйнектің тыныс алуы нәтижесінде қант жоғалуы, өніп кетуі сақтау 
температурасына тәуелді болады. 
Тыныс алуға сондай – ақ мына факторлар да әсер етеді, өнімді жинау ұзақтығы мен 
тәсілі, тамыртүйнектің физикалық жағдайы, өлшемі және зақымдану деңгейі, қоршаған 
газды ортаның құрамы, сақталу ұзақтығы. 
Тамыртүйнектің әр бөлігіндегі тыныс алу қарқындылығы әртүрлі. Неғұрлым 
қарқынды тыныс алу басында байқалады (45,1 мг) неғұрлым аз тыныс алу, мойнында (38,1 
мг), ал одан да азы тамыртүйнектің негізгі бөлігінде (21,9 мг) сәл көбірегі – құйрығында 
байқалады. Бұл сандар 1 кг тамыртүйнектен 1 сағатта мг есебімен бөлінген СО
2
– көрсетеді. 
Қант қызылшасы тамыртүйнегінің тыныс алу қарқындылығының жоғарлауы және 
микрофлораның болуы сақьалаьын массасның өздігінен қызуына әкеліп соғады. Бұл 
процесті шектейтін негізгі фактор – температура. Сақтау кезіндегі температура 1 - 3 ºС 
болып бекітілген.
Температура 0ºС – ден төмендеп кетсе тамыр қатып қалады да, жасушадағы тургор 
жағалады. 
Қатырылған күйдегі тамыртүйнектерді климаты суық Татарстан, Башқұртстан және 
Алтай аймақтарында сақтайды, температура -15 – 18ºС. Сақтауға жайылған массаны қатыру 
үшін сыртқы ауамен белсенді желдетеді. 
Бүкіл сақталу мерзімінде тамыртүйнекті -7 - 8ºС аспайтын температурада сақтау 
керек, өйткені -3...-3,5ºС еру жүреді де, инвертті қант алынып, тургор жоғалады. 
Қант қызылшасы тамыртүйнегін сақтау барысында алаңдық әдіс қолданылады. 
Дайындалған алаңға тамыр массасын кагаттарға орнатады. Қабырғасындағы бұрышы 40 
градус. Кагаттардың ұзындығы 50 - 100 м, ені -10, 12, 15, 20, 25 м, биіктігі 3 - 6 м. 
Кагат алаңынан өсімдік қалдықтарын жолды да, катокпен жаяды. Кагат 
зиянкестерімен күресу үшін алаңды әкпен өңдейді (1га-ға 2 т) 
Кагаттарды пішіндеу тамыртүйнектердің сапасы мен сақталу тұрақтылығына 
байланысты жүргізіледі. Ұзақ сақтау үшін кондициялы партияларды пайдаланылады. Бұл 
кагаттардың ені 18 - 25 м, биіктігі 5 – 6 м, кагаттың жоғары алаңының ені 10 - 13 м. 


Орта мерзімді сақтауға ГОСТ 
талаптарына толық жауап бермейтін, 
бірақ сау тамыртүйнек партиясы 
алынады. Бұл кагаттардың ені 12 - 16 
м, биіктігі 3-4 м, Кондициялы емес 
тамыртүйнек 
партиясын 
бірден 
өңдеуге немесе қысқа уақытқа ені 8-
12 м, биіктігі 2-3 м кагаттарға 
сақтауға жібереді. 
Кагаттарды пішіндеу үшін 
буртоукладчиктерді қолданады. Биік 
кагаттарды қолдану тиімді болып 
есептеледі. Онда қант аз жоғалады. 
Кагаттардың ара қашықтығы ұзындығы бойынша 10 м, қабырға арасы бойынша 6 м. 
Кагаттарға сақтауға салу үшін топырақ қалдықтарынан, басқа қоспалардан 
тазалайды. 
Кагаттардың бетін қарқынды түрде әк сүтімен немесе сүт пен латекс қоспасы 
арқылы бүркиді. Тамыртүйнектер өніп кетпес үшін малеин қышқылының натрий тұзымен 
өңдейді. Зақымдалған тамыртүйнектер көп болған жағдайда фенол қоспасымен – 
пирокатехил және гидрохинонмен бүркиді (3-4 метрді 1 тоннаға) 
Тамыртүйнектерді жағымсыз әрекеттерден сақтау үшін кагаттың бетін, қабырғасын 
әртүрлі материалдармен қаптайды. Материалдар әртүрлі болғанымен олардың бәрі 
гидроизоляциялағыш қасиеттерімен және нашар жылу өткізгіштігімен сипатталады. Ол 
материалдарға камышит, сололит, опилка, торф, пенопласт, минералды мақта, поролон 
және т.б. жатады. Оларды плита, рулонды материал түрінде қолданады. 
Кагаттардың температурасын буртты термометр, термопар көмегімен бақылайды. 
Кагаттардағы физикалық ортаны реттеудің негізгі әдісі – белсенді желдету. 
Кагаттарды желдету қондырғыларымен жабдықтайды. Олардың көпшілігі ауданы 
ылғалдылығы бойынша кондиционерлейтін қондырғымен жабдықталған. Бұл жағдайда тек 
температураны реттемейді, сондай ақ кагаттағы ауа ылғалдылығын реттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет