Бұл нұсқадағы тиеу құрылғысының ұтымдылығы мен еңбек өнімділігінің
жоғарылығына қарамастан оған төмендегідей кемшіліктер тән:
-элеватордың өндірістік ғимараты жағалауға жақын жағалық жарқабақ үстіне
орналасқан, мұның өзі үнемі гидротехникалық жұмыстар жүргізу үшін күрделі құрылысқа
арналған көп шығын жұмсауды талап етеді;
-тиеу қораптарінің өндірістік ғимараттың жоғарғы бөлігінде орналасуы оның биіктігін
арттырады, құрылыс жұмыстарын жүргізуді қиындатады, сол арқылы элеватор құрылысын
салуға кететін жалпы күрелі қаржының көлемін көбейтіп жібереді;
-өте ұзын (33 метрге дейін жететін) тиеу құбырларын күтіп ұстау біршама
қиындықтар туғызады.
Осындай себептерге байланысты нұсқадағы көрсетілген жоба қолданысқа енбеді.
Порттағы элеваторлар жағалаудан алысқа салынып, жағалауды бойлай немесе теңіз
ортасындағы көрмеге дейін созылған тиеу құрылғыларымен жабдықталып жүр. Тиеу
құрылғысын орналастырудың бірінші үлгісін жағалаудағы ойлақ желісі шектеусіз болған
жағдайда қолданылады, ал екінші үлгіні теңіз порттарында қолданады.
Кеме трюидері қақпақтарының әртүрлі орналасуы салдарынан астық тиеу
жұмыстарында қиындықтар кездесуі мүмкін. Сондықтан кейбір жағдайда көлденең
жылжитын конвейерлер бар. Конвейерлердің ұшында астық өзінен өзі сусып ағатындай тік
орнатылған құбыр болады, оның төменгі ұшына астық сыпырғы ілінеді. Мұндай құрылғы
кеме трюмының кез-келген жұмысына астықты механикалық жолмен құюды қамтамасыз
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: