Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Технологиялық тізбектер және олардың жіктелуі



Pdf көрінісі
бет92/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

Технологиялық тізбектер және олардың жіктелуі 
Астықты қабылдау және орудан кейін өңдеудің технологиялық тізбектері түгелдей 
мынадай талаптарды орындауы тиіс: 
- астық тапсырушылардан қабылданған астықтың сапасын өзінің кондициясына 
жеткізіп, ұзақ және шығынсыз, сапасын төмендетпей жоғарылатып сақтауға жағдай 
жасалынуы тиіс және астықтың сапасы өнім өндіру кәсіпорындарының сұранысына сай 
келуі керек; 
- астықты қабалдауда, өңдеуде, сақтауда және тиеуде орындалатын жұмыстарды 
толық механикаландыру, ал мүмкіндігінше автоматтандыруды іске асыру қажет; 
- технологиялық тізбектер неғұрлым әмбебап талабына сәйкес келуі керек; 
- қауіпсіздік техникасының, өртке қарсы және тазалық нормаларының талаптары 
орындалуы тиіс; 


- еңбектік және қаражаттық шығындар аз болып, соған сәйкес жұмыс үлкен 
өнімділікпен орындалуы қажет; 
Астық кәсіпорындары мен элеваторлардың өндірістік құрылымын және 
технологиялық тізбектерге қойылатын талаптарды ескеріп, олардың өзгешеліктерін 
көрсететін келесі түрдегі жіктелу жүйесін ұсынуға болады. 
4 – кестеде технологиялық тізбектің жіктелуі берілген. 
2– кесте. Технологиялық тізбектің жіктелуі 
№ 
Жіктелу белгілері 
Технологиялық тізбектің жіктелуі 
Функциалды орындалу (өндіріс көлемі бойынша 
таралуы) 
Қабылдау, тазарту, кептіру және тиеу тізбектері 
Астықты өңдеу орталығы 
Элеваторлық, мұнаралық, зауыттық және цехтық 
Механикаландыру және автоматтандыру 
дәрежесі 
Жартылай механикаландырылған, механикаландырылған, комплексті 
механикаландырылған және автоматтандырылған 
Мамандандырылу дәрежесі 
Мамандандырылған, әмбебапталған 
Үрдістің үздіксіз орындалу дәрежесі 
Үздікті және үздіксіз ағым 
Дайындау кәсіпорындарында технологиялық тізбектер функциалды орнына және 
өндіріске таралу дәрежесіне байланысты, өзінше жекеленген тізбектер ретінде өндіріс 
алаңдарында өтетін үрдістердің мына түрлерін кездестіруге болады: қабылдау, тазалау, 
кептіру, салқындату және тиеу. 
Барлық өндірістік орталықтардың ішінде элеваторлардағы астықты қабылдау және 
орудан кейінгі өңдеу технологиялық тізбегі жетілдірілген болып аталады. Өйткені мұнда 
барлық орындалатын операциялар механикаландырылған, ал кейбір өлшеу, тазарту және 
кептіру сияқты операциялар автоматтандыру жүйесіне қосылған. Тасымалдау және 
технологиялық жабдықтары өнімділігі жағынан оперативті қораптарды пайдалану арқылы 
үйлесімдірілген. Астықты сақтау силостарының бір бөліктері зиянкестермен күресу үшін 
қажетті техникалық аппараттармен жабдықталған. Сонымен қатар астықты ұзақ сақтауға 
және өздігінен қызу үрдістерін тоқтатуға арналған екпінді желдету қондырғыларымен 
жабдықталған силостары бар. 
Элеваторлық технологиялық тізбектегі технологиялық операциялар басқалармен 
салыстырғанда үлкен өнімділік пен аз тұрғыда еңбектік және қаржылық шығымды жұмсап 
орындайды. Оның негізгі кемшілігі элеватор технологиялық тізбегін салу үшін үлкен 
капиталды қаржыны жұмсауды талап етеді. 
Басқа дайындау кәсіпорындарында астықты қабылдап, өңдеп және сақтау үшін жай 
қоймалар қолданлады. Қазіргі кездегі жай қоймалар сыйымдылығы жағынан астық 
қоймасының барлық сыйымдылығының жарты көлемінен астамын құрайды. Сондықтан ол 
кәсіпорындардағы астыққа байланысты жұмыстарды атқару үшін мұнаралар негізінде 
құрылған технологиялық тізбектер жұмыстарды атқарады. Бұл технологиялық тізбектерде 
белгілі дәрежеде механикаландырылған және автоматтандырылған жүйелер қолданылады. 
Мұнда астық партияларының белгілі сападағы бөлігін ғана қабылдап, өңдеп, жайғастырып 
сақтайды. 
Технологиялық тізбектердің жабдықтары жоғары мамандандырылған, аралық 
оперативті қраптардың жоқтығы тасымалдау және технологиялық жабдықтардың 
өнімділігі бойынша үйлесімділігін азайтады. Сондықтан олардың элеватор технологиялық 
тізбегімен салыстырғанда тиімділігі төмендеу болады. Дән дақылдарының тұқымдарын, 
сонымен қатар жүгерінің гибридті және тұқымды сұрыптарын қабылдайтын, өңдейтін 
зауыттық, цехтық технологиялық тізбектері болады. 
Бұл технологиялық тізбектерге тән мезгілдік қысқаша уақыт аралығында жұмыс істеулері 
болып табылады. 
Сондықтан зауыттық және цехтық технологиялық тізбектер барынша әмбебапты 
болғаны дұрыс. Мұндай жағдайда оларды басқа дақылдарды қабылдауға, өңдеуге және 
сақтауға мүмкіншілік туады. Ол жұмыс уақытын ұзартып, өндірістің тиімділігін арттырады. 


Технологиялық тізбектер тұрақты және уақытша болып бөлінеді. 
Уақытша технологиялық тізбектер тек жылжымалы технологиялық және тасымалдау 
жабдықтарын асфальтталған алаңдарда тез арада аз көлемдегі астық партияларын 
қабылдап, өңдеп, үйірме күйінде жинап сақтау үшін кәсіпорындарда қосымша тізбектер 
ретінде қолданылады. 
Дайындау элеваторларының көпшілігінде технологиялық тізбектер толық 
механикаландырылған, 
ондағы 
операциялардың 
машиналарда 
орындалуы 
жұмысшылардың бақылауымен жүргізіледі. 
Элеватор өндірісіндегі автоматтандырылған технологиялық тізбектердің жұмысы 
автоматты бақылау қондырғыларын және технологиялық үрдістердің жүруін датчик 
элементтері арқылы реттеп басқарып отырады.
Дайындау элеваторларында астық партияларын қабылдау және өңдеу жұмыстары екі 
негізгі нұсқамен орындалады: 
- бірінші кездегі нұсқа бойынша әр түрлі сападағы партияларды толық қабылдайды 
және өңдейді; 
- екінші кездегі технологиялық үрдістің нұсқасында тек белгілі сападағы астық 
патияларын қабылдап өңдейді. 
Осы жағдайды ескеріп ағымды технологиялық тізбек әмбебапты және 
мамандандырылған болып бөлінеді. 
Ал технологиялық тізбектер үздіксіздігіне байланысты үздікті және үздіксіз болып 
бөлінеді. 
Үздікті технологиялық тізбектерде кейбір жұмыс орнындағы жабдықтар тоқтап 
жұмыс атқарады. 
Ағымды астық партияларын қабылдауда және өңдеуде технологиялық тізбектің ең 
тиімді жетілген түрі үздіксіз жұмыс атқаруы. Технологиялық тізбектердің үздіксіз жұмыс 
істеуіне кері әсер беретін факорларға мыналар жатады: технологиялық және тасымаладау 
жабдықтарының өнімділігінің бірдей болмауы, астық сапасының белгілі уақыт аралығында 
өзгеріп отыруы, партиялардың айнымалы көлемде келіп түсуі және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет