Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Астықты кептіру технологиясы мен техникасы



Pdf көрінісі
бет94/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

Астықты кептіру технологиясы мен техникасы 
Ылғалды астықты тиімді сақтау үшін негізгі технологиялық әдіс ретінде кептіру 
кеңінен қолданылады. Астықтың ылғалдылығы 15% болғанда дұрыс сақталады, ал егер 
ылғалдылық бұдан жоғарылай бастаса, дереу кептіру қажет. 
Әсіресе ауа райы ылғалды, астық суға көп тиетін Солтүстік Қазақстанда кептіру 
жұмыстарының маңызы зор.Бұл аймақта жаңадан жиналған астықтың ылғалдылығы 18-
20% шамасында болуы өте сирек, көбінесе ол 30-35 процентке дейін жетеді. 
Еліміздің оңтүстік аудандарында кейбір дәнді дақылдардың–жүгері,күнбағыс, тары–
кеш пісуіне байланысты астықты жинау уақыты жаңбырлы күндерге сай келеді, сондықтан 
мұнда да кептіру жұмыстары жүргізіледі. 
Ылғалы көп астықтың температурасы бірден жоғарылап, қызып кетеді. Соның 
салдарынан астықтың іші көгеріп, микроорганизмдер мен қойма зиянкестерінің өсуіне 
қолайлы жағдай туады.Сөйтіп астық бүлінеді. Сонымен қатар ылғал астықты зауыттарда 
өңдеуге және алыс жолға тасымалдауға болмайды. Бұл жабдықтардың қуатын кемітеді, тез 
тоздырады, өнімнің сапасын төмендетеді. 
Астықты кептіру оның ылғалдылығын төмендету үшін ғана керек емес, белгілі 
температурада ондағы зиянкестерді құрту үшін де керек. 
Кептіруді белгіленген режим бойынша жүргізсе, ол астықтың сапасын едәуір 
жақсартады және ол жақсы сақталады. 
Ауа райына байланысты кептірілетін астықтың көлемі жыл сайын өзгеріп тұрады. 
Кептіру процесінде қыздыру мен салқындату бірінен соң бірі циклмен жүргізілді. 
Онда астық кептіру агентімен жанастырылып рецикуляция жасалып жылу және ылғал 
айналымы толық қолданылып кептірілді.Осы әдіске негізделген Белорус ССР-і Ғылым 
академиясының Жылу және масса институтының конструкциясы бойынша жасалған 
астықтың ылғалдылығын 20 проценттен 14 процентке дейін төмендеткендігі қуаты 50 
тонналық пневмогазды (сығылған газбен жұмыс істейтін) кептіргіш пайда болды. 
Астық кәсіпорындарында дәнді дақылдарды тазалығы мен ылғалдылығына 
байланысты топтастырып, шахталы кептіргіштерді кең қолданады. Олардың қатарына 
мыналар жатды: ДСП-12; ДСП-16; ДСП-24; ДСП-32; ДСП-48; ДСП-50. Соның көп тараған 
типінің біреуі ДСП-32 4 -суретте көрсетілген. 
Кептіру процесі кезінде астық бірнеше рет қыздыру және салқындату циклдарынан 
өтеді, ал қоймаларға жіберер алдында түбегейлі салқындатылады. 
Пневмогазды кептіргіш кептіру трубасынан, жылу және ылғал айырбастау қорабынан, 
екі салқындату шахтасынан, ошақтан және кептіру агенті мен ауаны жіберетін 
желдеткіштерден тұрады. 


Астықтың ылғалдылығын төмендету кептіру трубасынан басталады,мұнда ылғалды 
астық диаметрі 1100 мм трубаға кептіргіш агенті жіберетін жерден (ол 5730 мм жерден 
еңгізіледі) жоғарыдан жұқа қабатпен түседі де 25-30 м/сек жылдамдылығы бар агентпен 
араласып труба арқылы 24 м биіктікке дейін көтеріледі. Осы көтерілу кезінде агентімен 
әбден араласып, жылу және ылғал айырбастау қорапіне барады. Бұл қорапдің қақпағы екіге 
бөлінген. Оның бірінен кептіргіш агенті астықтан бөлініп, желдеткіш арқылы сыртқа 
шығарылады, ал кептіретін астықтың температурасы және ылғалдылығы біртіндеп қалыпқа 
келе бастайды. 
Жылу және ылғал айырбастау қорабынан кейін астық ортадағы салқындату 
шахтасына жіберіледі. Егер астықтың ылғалдылығын әлде төмендету керек болса, одан 
қайтадан кептіру трубасына жібереді, осылайша рециркуляция астықтың ылғалдылығы 
тиісті шамаға дейін төмендегенше қайталанады. Соңғы салқындату шахтасынан кейін 
құрғақ астық кептіргіштен шығарылып, қоймаларға сақтауға жөнелтіледі. 
Кептіргіш қондырғысын пайдаланғанда әсіресе кептіргіш трубасына түсетін ылғалда 
астықтың мөлшерімен соңғы салқындату шахтасынан шығатын астық шамасының бір-
біріне сәйкес келуін қадағалап отыру керек. Сонымен қатар ортадағы салқындату шығып 
рециркуляция жасайтын астықтың мөлшері оның бастапқы ылғалдылығы шамасына және 
оны қай шамаға дейін төмендетуге байланысты болады. Бұл кептіргіште ылғалды және 
құрғақ астықты араластырып 1-1,5% дейін ылғалды бір-біріне бірыңғай етіп бөледі. Осы 
процестің арқасында кептіргіш қондырғысының өнімділік қуаты жоғарылайды. 
 
4-суретДСП-32 шахталы кептіргішінің жалпы көрінісі. 
1-қорап астындағы кептіргіш; 2- салқындату зонасы; 3-екінші кептіру зонасы; 4-
бірінші кептіру зонасы; 5-қолданған кептіру агентін шығару; 6-бірінші кептіру зонасының 
желдеткіші; 7-екінші кептіру зонасының желдеткіші; 8-редуктор; 9-салқындату зонасының 
желдеткіші 


Жоғарыда жазылған процестерге, яғни қыздыру біраз жатқызу, орташа салқындату 
және соңғы салқындату циклдарынан өткізуге негіздеп Бүкілодақтық астық ғылыми-
зерттеу институтының Қазақ филиалы «Тың» атты кептіргіш жасап шығарды. 
«Тың» атты кептіргіштердің пневмогазды кептіргіштер айырмашылығы мынада: 
мұнда кептіргіш түтік жоқ, яғни кептіргіш затпен ылғал астық қоспасы бір бағытта 
қозғалмайды. 
«Тың» кептіргіш қондырғысында ылғалды астық жоғары шанақтан тамшыдай 
дараланып түседі. Осылайша түсіп тұрған астық ағынын температурасы 300-350
о
С 
кептіргіш агент 6м/сек жылдамдықпен көлденең кесіп өтепді. Осы кезде кептіргіш пен 
ылғалды астық жанасып, дән қызады.Бұл процесс жүретін жерді қыздыру камерасы деп 
атайды.Астық ол камерадан жылу және ылғал айырбастау қорапіне жөнелтіледі. Одан 
кейінгі процестердің режимі жоғарыдағы пневмогазды кептіргіштегідей болады. 
Қазіргі кезде республикамыздың астық дайындайтын кәсіпорындарында «Тың» 
кептіргіштерінің көптеген түрін кездестіреміз. Олар: Ц-20,Ц-30, Ц-36, Ц-40, Ц-50,Ц-60 және 
Ц-100. 5-суретте астық кәсіпорындары мен элеваторларда кең тараған Ц-50 
рециркуляциялы кептіргіші көрсетілген.
Кептіргіш агрегаттары комплексті механикаландырылған үздіксіз тізбектің ең керекті 
буынына жатады. Себебі республикамыздың солтүстік облыстарында кәсіпорынға түскен 
астықтың ылғалдылығы жоғары болғандықтан, қабылдау және өңдеу технологиялық 
тізбегінің жұмысы тек кептіру агрегатының өнімділігіне байланысты. Соңғы жылдары 
астық дайындайтын кәсіпорындарда көптеген кептіргіш агрегаттары жетілдіріліп және 
қайта жасалды, олардың тиімділігі арттырылды, кептіруу технологиясы сапалы 
жүргізілетін болды. 
5-сурет. «Тың» кептіргіші (Ц-50) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет