Астықты қоспалардан тазарту саласында кеңестік дәуір кезіндегі Бүкілодақтық
ауылшаруашылығын механикаландыру институты, Бүкілодақтық
ауылшаруашылық
машина жасау институты және Бүкілодақтық астық ғылыми-зерттеу институты
қызметкерларінің еңбектері зор. Сонымен қатар Москва тамақ өнеркәсібі технологиялық
институтының лабораторияларында көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Бұл салада көп еңбек сіңірген еліміздің атақты ғалымдарының есімдерін атап өткен
жөн. Олардың қатарына ауыл шаруашылығы ғылымының докторы С.В.Полетаев триерлер
жұмысының теориясын жасады, техника ғылымының докторы М.Н.Летошнев астық
тазартқыш
машиналарының теориясын жасады, академик И.И.Артоболевский еңбектері
тазарту теориясының іргетасын қалады, профессор П.Г.Демидов, В. Гортинский және
В.Я.Гришсонның еңбектері де тазартқыш машиналарын жасауда қосылған үлкен үлес
болды. Қазақстанда Д. Абдели және А.Б. Оспанов ғалымдарының еңбектері белгілі.
Кәсіпорындарда ең көп қолданылатын сепараторлар жұмысы қоспалардың ауаға
ұшуына және мөлшеріне негізделді. Сондықтан осындай
тазартқыштарды елеуіш-ауа
сепараторлары деп атайды. Олардың қатарына ЗСМ-50; ЗСМ-100; А1-БИС-100, А1-БЛС-
100, А1-БЦС-100 жатады.
Астықтан қоспаларды бөлудің негізгі принциптерінің схемасы 1-суретте көрсетілген.
1-сурет. Дән мен қоспаны бөлу әдістері мен принциптері
а-триер (ұялы) бетінде ұзындығы бойынша;
б- домалақ саңылауы бар електе ені
бойынша;
в-сопақша саңылауы бар електе қалыңдығы бойынша;
г-фасонды саңылауы бар
електе пішіні бойынша;
д- тегіс еңкіш бетте пішіні бойынша;
е-түкті еңкіш бетте бетінің
күйі бойынша;
ж- магнитті тұқым тазалағыш машинада дәнді магнитті ұнтақпен
араластырылғаннан кейін (штрихталған тұқымдар жабысқан ұнтақпен қоршалған);
з-
көтерілетін ауа ағынында аэродинамикалық қасиеттеріндегі
өзгешілігі бойынша;
и-
көлденең ауа ағынында аэродинамикалық қасиеттеріндегі өзгешілігі бойынша;
л-
сұйықтықтағы меншікті салмағы бойынша;
м- серпімділігі бойынша;
н-механикалық
беріктігі бойынша;
п-түсі бойынша;
р-электрлі алаңда;
с-магнитті қасиеттері бойынша
Қазіргі кезде астық кәсіпорындары мен элеваторларда А1-БЛС-100 және А1-БЦС-100
тазартқыштары кең қолданылады. (2, 3-суреттер)
2-сурет. А1-БЛС-100 сепараторының жалпы көрінісі
1-бөлгіш; 2-сепаратор; 3-пнемосепарациялау каналы; 4,5-патруптер; 6-жазықтық
циклон; 7-өткізетін; 8-винт; 9-гайка
3-сурет. А1-БЦС-100 сепараторының көрінісі.
1-астықта тазартқыш блогы; 2-рама; 3-шөгінді
Мұндай
сепараторлар
элеваторлардың
жұмыс
үйіне,
қоймалардың
механикаландырылған мұнараларына орнатылып, астық өңдеудің
тұтас технологиялық
тізбегіне қосылады. Бұл елеуіш-ауа сепараторларының торында үлкен және кішкентай
қоспалар ені мен жуандығы бойынша және жеңіл қоспалар аэродинамикалық күштің
әсерінен толық бөлінеді.
Машинаның барлық тораптары алынып-салынатын етіп, металдан жасалған станинаға
қондырылған. Жазықтық серіппесі арқылы үстіңгі және астыңғы торлық қораптары
станинаға бекітілген. Бұл қораптардың әрқайсысында төрт торлы рама бар. Торлардың
астында оларды тазартатын инерциялық тазартқыш механизмдері орнатылған.
Үстіңгі жағына астық қабылдау қорабы қойылған, оның торлы рамасы бар, ол үлкен
қоспаларды бөледі. Қораптардың екеуіне де эксцентрлік тербеткіш бекітілген. Ол
қораптарды ілгері-кейін қозғалтып тұрады. Тербеткіштердің өзі жеке электр двигатель
арқылы қозғалады.
Станинаның үстінде сору камерасы қойылған, екіге бөлінген каналы бар және жеңіл
қоспаларды машинадан сыртқа шығару үшін шнек қолданылады.
Станинаның алдыңғы
жағында қабылдау камерасы бар. Оның ішінде бөлек шнек орнатылған және ол жекеленген
червокты редукторын қолдану арұылы жұмыс істейді. Ал станинаның артқы жағында сору
трубасы бар, ол қораптан тазартылған астықты екінші рет ауамен үрлеп, қалған жеңіл
қоспаларды бөлу жұмысын атқарады.
Сепараторлардың жұмыс істеуін тексеру үшін сорып қабылдау камераларында және
сору трубасында ашылатын люктер жасалған. Астық қорапден белгілі мөлшерде ағынмен
қабылдау камерасына түсіп, ондағы шнек арқылы камераға жайылады. Астық клапан
кедергісін тойтарып, қалыңдығы біркелкі болып жайылған күйінде бірінші сору
камерасынан өтіп,жеңіл қоспалары ауа арқылы қалдық түсетін бірінші камераға барады.
Одан өткен астық 6 градус бұрыш бойынша орналастырылған қабылдау торына түседі.
Тордың бетімен қалықтап өткен ірі қоспалар науа арқылы машинадан шығарылады.Тордан
өткен астық
параллель екі ағынға бөлініп, үстіңгі және астыңғы қораптарға қарай
қозғалады.Сорттайтын тордан өткен астық және кішкентай қоспалар параллель бойынша
жылжып астыңғы және үстіңгі қораптардың елеуішіне барып түседі. Елеуіш үстінен өткен
астық тазартылған болып табылады және ол екінші сору трубасы арқылы желдетіліп, қалған
жеңіл қоспалар бөлініп, машинадан таза күйінде шығарылады.
Елеуіш көзінен өтіп кеткеннің бәрі қоспалар қатарына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: