Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет282/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
322 
Қоғамды реформалаудағы негізгі мәселелердің бірі - Ресей қоғамы жекеліктің, я 
болмаса қауымдастықтың негізінде даму керек пе? - деген сұрақка жауап ретінде 
олар соңғыны таңдады. Қауымдасып өмір сүру - Ресей халқының табиғатына тән нәрсе. 
Қауымдастықтың шеңберінде ғана рухани бірлік бар. Қоғамның дамуының негізінде 
бақталастық, көре алмау т.с.с. емес, керісінше, адамды сүю, достық, өзара көмек беру 
жатуы қажет. «Біз сүйіп сенеміз, олай болса, өмір сүреміз» деген нақыл сөздің 
астына әрбір славянофил өз қолын қойған болар еді. 
§ 2. В.С.Соловьевтін «бәрінің бірліктегі» философиясы 
Владимир Сергеевич Соловьев (1853-1900 жж.) аса дарынды орыс діни 
философы. Адамның әлеуметтік-мәдени және діни қажеттіктерін өтей алатын 
философиялық жүйе жасауға тырысты. Христиандық діндегі бағыттардың 
(католицизм, протестантизм, православие) басын біріктіріп, діни көзқарасты ең жаңа 
ғылымдағы ашылған деректермен толықтыру кажеттігін айтты. 
В.С.Соловьевтің философиясыньщ негізгі идеясы - дүниедегі бәрінін бірлігі. Ол 
оны славянофилдер сияқты, халықтың бірлігіне теңемейді, оған ғарыштық, яғни 
онтологиялык мән-мағына береді. Оның ойынша, болмыс, өмір сүргеннің бәрі - 
бірегей, бір-бірін қамтып жатыр. Болмыстың төменгі деңгейі жоғарыға өтуге, 
жоғарыдағы төменді бойына қамтуға тырысады. Дүниенің бірлігінің негізінде Құдай 
жатыр. Ол - Жаратқан мен жаратылғанның бірлігі. Бірақ В.С. Соловьев Құдайды 
адамға ұқсатып қарауға болмайды деген пікір айтады. Оныңойынша, Ол 
«ғарыштық зерде», «тұлғадан жоғары», «дүниеде іс-әрекет жасайтын ерекше 
ұйымдастырушы күш» т.с.с. 
Бізді айнала қоршаған жағалай ортаны кемеліне келіп, еш мінсіз жаратылған 
дүние деп айтуға болмайды. Оның негізгі себебі - Құдай - Абсолюттің өзінің іштей 
қайшылығы. Дүниедегі барлығын қамту үшін көптік қажет. Сондықтан алғашқы 
«ғарыштық зерде» сан алуан мән-мағынаға бөлініп, Аристотельдің терминімен 
айтсақ, әртүрлі заттардың энтелехиясын, яғни ішкі мақсатқа лайықтылық




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет