Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология


§ 3. Діни экзистенциализм мен антропология



Pdf көрінісі
бет285/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

§ 3. Діни экзистенциализм мен антропология 
Орыс философиясының антропологиялық бағыты, яғни адам мәселесіне 
басымырақ карау — оның негізгі ерекшеліктеріне жатады. XIX ғ. ортасынан бастап 
адамның өмір суруі, оның бостандығы мен құндылығы, тұлғаның нәзіктігі, 
болмыстың неше төрлі үрейлерге толылығы т.с.с. экзистенциалдық сұрақтар орыс 
философиясының негізгі мәселелеріне айналады. Осы бағыттағы ұлы философтар 
қатарына Лев Исаакович Шестовты (Шварцман) (1866-1938 жж.) жатқызуға 
болады. Н.А.Бердяевтін айтуына карағанда, Л.Шестовтың философиясын 
экзистенциализм бағытына жатқызуға болады, «оның философиясының қайнар
көзі ретінде адамның қайғы-қасіреті, үрейі мен зардабы, үмітсіздік сезімі 
болды». Ол рационализм, сциентизм бағытын алғашқылардың бірі болып қатты 


Нуржігіт Алтынбеков 
326 
сынға алады. Оның ойынша, өмірдегі әсемдік, өнегелілік, сенім рационалдық, 
логикалык танымға жеткізбейді. Ғылыми зерттеу - заттар мен құбылыстардың жалпы 
жақтарын тұжырымдайды, адамға келгенде оның қайталанбас, ерекше болмысын еске 
алмайды. Сонымен адам өмірінің мақсат-мұраты, мән-мағынасы, қайғысы мен 
қуанышы, махаббаты т.с.с. сыртта қалады. Олай болса, ғьлым мен философия ымыраға 
келмейді. Философияның негізгі мәселесі - адам, оның өмірінің мән-мағынасы. 
Л.Шестовтың ойынша, ғылым мен философия ақиқаты да екі түрлі. Ғылыми 
ақиқат дүниедегі қажеттілікті зерттеуден шығып, барлык адамдарға бірдей болып 
келеді. Ал философиялық ақиқатқа келер болсақ, оған әрбір адам өзінше өзінің 
болмысында жетуі керек. Адамзаттың негізгі мақсаты - табиғаттың кажеттілігін жеңіп, 
адамға бостандық, алғашқы еріктікті кайтадан әперу. 
Еріктік мәселесіне келгенде, Л.Шестов оны Библияның аңызына негіздеп қарайды. 
Алғашында дүние мен адамды Құдай өзіне ұқсатып, оларды құдіретті, ерікті, жетілген 
кылып, жоқтан жаратқан болатын. Бірақ Құдай адамға ескерту жасады: Эдем 
бакшасындағы өсіп тұрған таным ағашының жемісін жесең — өлесің!! Жыланның сөзіне 
еріп, өзін Құдаймен теңегісі келген адам тыйым салынған жемістің дәмін татып, 
«білімді» пендеге айналды. Біліммен бірге күнә өмірге келіп, зұлымдыққа жол ашты. 
Білім шындыкты қажеттілікке айналдырып, еріктікті жойды. Мұндай жағдайдағы 
адамның алдындағы мақсат - жойылған еріктікті қайтару, дүниені зұлымдықтан 
құтқару. Ол үшін моральдық нормалар, неше түрлі ережелерді орындау қажет емес, 
өйткені олардың бәрі де ғасырлар шеңберінде ақыл-ойдың таразысынан өтіп, 
қажеттікке айналды. Олай болса, адам моральдық нормалардың талаптарына қарсы 
шығып, өзін ерікті сезіну үшін ойына не келсе, соны жасауы керек, өйткені оны 
жаратқан Құдайдың өзі. Адам әрқашанда ішкі тебіреністе, алаңдауда болып, өзінің 
еріктігін Құдайдан іздеп, онымен қайта кездесу жолында табуы керек. Ол үшін тек 
қана сенім керек деп қорытады Л.Шестов. Тек қана сенім ештеңемен шектелмеген 
бостандықты береді. Адам таным ағашынан бас тартып, өмір ағашына қайта оралуы 
қажет. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет