Нуржігіт Алтынбеков
325
Адамзат тарихына көз жіберіп, В.С.Соловьев халықтардың әртүрлі сатыда екенін,
адамдардың бір-бірінен алшақтанып, жаттанғанын, шынайы өмірдегі материалдыктың
басымдылығын байқайды. Олай болса, негізгі мақсат - адамзаттың басын рухани
жағынан біріктіру кажет.
Адамның рухани жетілуі тек қана дінмен емес, сонымен қатар адамгершілік,
өнегелілікпен байланысты. Этиканың негізгі ұғымы ретінде ойшыл «ізгілік»,
«жақсылықты» келтіреді. Осымен қатар, ол моральдың «ұят», «аяу»,
«пір тұту»
сезімдеріне көп көңіл бөледі. Бұл кісінің мынандай ғажап сөздерін келтірейік: «Мен
ұяламын, олай болса, тек қана табиғи емес, сонымен қатар рухани өмір сүремін,
өйткені мен өзімнің хайуандығымнан ұяламын, олай болса, мен адаммын». Аяу
дегеніміз - басқа адамға деген адами қатынас, оның өзіндік кұндылығын
мойындау, осы сезім әділеттілікті тудырады (өзіңе тілемейтінді басқаға да
жасама). Соңғы пір тұту адамның әке-шешесі алдындағы сезімін көрсетеді.
В.С. Соловьевтің адам мәселесіндегі негізгі идеясы ешқашанда адамға
құрал ретінде қарамау, оны әрқашанда мақсат ретінде тұту.
Достарыңызбен бөлісу: