Нуржігіт Алтынбеков 331
жаңа ағарған дінге айналған болатын. - С.М.) Алайда адамға Құдай сырттан
келмейді, оны ол өз ішінен табуы керек.
С.Н. Булгаковтың ойынша, шығармашылық дегеніміз — ол «антроподицея»
(адамды ақтау). Оның негізгі себебі - дүние уақыттың шеңберінде өмір сүруде, олай
болса, ол әлі соңына жеткен жоқ. Дәл қазір жаратылу жалғасып жатыр. Ал адам болса,
ол Құдаймен бірге осы дүниені жарату ісіне, оны әрі қарай жетілдіруге
атсалысуда. Адам — Құдайға ұқсаған, Мәңгіліктің ұлы, Құдайдың рухын
жалғастырушы. Ол - микротеос, оның ішінде бүкіл дүниенің күш-қуаты бар, ол —
болмыстың ең жоғары ортасы.
С.Л.Франк адамды өзін-өзі анықтайтын және өзгерте алатын пенде ретінде
қарайды. Өзіндік санааркылы адам заттардан ғана емес, сонымен қатар өзінен де алшақтап, өз-өзіне басқа адамның көзімен қараған сияқты дәрежеге келеді.
Нәтижесінде екі ахуалтанушы мен танылатын, бағалайтын мен бағаланатын, сот пен
сотталатын - пайда болады. Міне, адам өзіндік санасы арқылы өзінің денелік
эмпириялық табиғатынан бөлініп, өз-өзін бағалайтын, сынайтын дәрежеге көтеріледі.
Адам - әрқашанда өзінің күнделікті болмысына қанағаттанбай, оны аттап өтіп,
басқа өмірге, өнегелікке қарай ұмтылатын пенде.
Н.О.Лосскийтұлғаларды шынайы және потенциалды деп екіге бөледі. Тұлға
өзінің дамуында құдайдың бейнесіне ұқсаудан бастап, соңында тіпті Құдайдың өзіне
тартуға тырысады. Ал соңғы -ол тұлғаның негізгі мақсаты, ол үшін адам неше түрлі
қиындықтар мен зардаптардан өтуі керек.
Руханияттық — адамның негізгі касиеті. Рухани адамның ішкі өнегелілігі қандай да
болмасын сыртқы жағдайлардың қысымына қарсы тұра алады.
Қорыта келе, біз орыс философиясының адам мәселесіне қомақты үлес косқанын
байқаймыз. Олардың айткан көп идеялары қазіргі өтпелі дәуірдегі калыптасқан көп
ахуалдарды талдауға өз көмегін береді. Сіз де ол жөнінде ойланып көріңіз.