Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет287/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
328 
теңейді. Сол алғашқы тұңғиықтан шыққан Құдай дүниені жаратады. 
Осы арада Н.А.Бердяевтің философиясыньщ ғажап қызықты жағын көреміз. Ол 
- алғашқы Еріктік пен Жаратушы-Құдайдың арасындағы дуализм, қайшылық. Құдай 
дүниедегі зұлымдыкка жауапты емес, өйткені оның өзінің негізі жоқ, Ол өзі 
шыққан түбі жок еріктікке ештеңе жасай алмайды. Керісінше, Құдайдың өзінің 
болмысына, содан кейін оның дүниені жаратуына жол ашқан сол алғашқы 
Еріктік емес пе? Олай болса, адамның өзі, бір жағынан, Құдайдың жаратқан 
пендесі болса, екінші жағынан, түбі жок еріктіктің нәрестесі. Сондықтан еріктік 
бүкіл адамның іс-әрекетін баурайды. Еріктік дегеніміз - еш нәрсеге тәуелсіз таза сана, 
күш-қуат. 
Белгілі бір «метафизикалық ессіз кезеңде» еріктік өзін Құдайға қарсы койып, 
онымен күресе бастады. Ол барлық жаратылған дүниеге, адамның өзіне де тарады. 
Сондықтан дүние мен адам зұлымдыққа белшесінен батты, ал Құдай болса, оған еш 
нәрсе жасай алмайды, өйткені Ол еріктікті жаратқан жоқ. Міне, осы сәтте дүниеге 
Христос келіп, бүкіл дүние мен адамдардың күнәларын өз мойнына алып, тұңғиыққа 
тереңдеп, оны өз сәулесімен жарқыратады. Сонымен Н.А.Бердяев Құдайдың ессіз 
еріктікті жеңетініне сенгенмен, бірақ, оған үзілді-кесілді кепіл беруден бас тартады. 
Н.А.Бердяевтің философиясындағы негізгі болмыстық категория - ол адамның 
өзі, өйткені ол дүниенің ортасында, оның тағдыры дүниенің тағдырын анықтайды. 
Адам мен Дүние Құдай-дың өмірін байытады, өйткені адам - рухани пенде, ол ізгілік 
пен әсемдікті сүйеді. Екінші жағынан, ол - ең жоғарғы материалдық құрылым, бүкіл 
дүниенің барлық элементтері оның бойында бар, сондықтан Ғарыш оның 
шығармашылық іс-әрекетін қабылдайды. 
Сонымен адам — қайшылықты пенде, ол «табиғаттық дүниедегі үзіліс», оны 
түсіну үшін одан да жоғары - Құдайға деген оның қарым-қатынасын білу қажет. Оның 
ойынша, осы уақытқа дейін адам өзін Құдайға тәуелді пенде ретінде түсініп келді. Ал 
тәуелділік бар жерде шынайы махаббат жоқ. Сондықтан Құдай мен адамның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет