Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет286/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
327 
Орыстың діни философиясына қомақты үлес қосқан Николай Александрович 
Бердяев (1874-1948 жж.) болды. Негізгі еңбектері: «Еріктік философиясы. 
Шығармашылық мағынасы», «Тарих мағынасы», «Өзіндік тану» т.с.с. 
Оның ойынша, философия -- рухты зерттейтін ілім, яғни адамның өмір сүруіне, 
сол арқылы болмыстың мән-мағынасын ашуға бағытталған пән. Ғылым сыртқы 
дүниені зерттесе, филосо фия адамның ішкі рухани өміріне үңіледі. Сондықтан 
философи
я 
объективті емес, ол - әрқашанда субъективті. 
Н.А.Бердяевтің ойынша, экзистенциалдық философия адамның өмір сүру 
диалектикасынан, сол арқылы жалпы дуниенің өзін таниды. «Таным дегеніміз 
субъектінің болмысты бейнелеуінде емес. Таным әрқашанда шығармашылық 
жолмен жүріп, мән-мағынаға жетуге тырысады. Адамның құпиясын танып-білу -
болмыстың құпиясын танып-білумен тең». 
Адам абсолюттік болмыстың алдында тұрып, оны танып-білгісі келеді. Бұл 
мақсатқа жеткізетін екі-ақ жол бар. Ол өзін дүниенің бір бөлігі ретінде сезініп, оған 
терең шомылуы мүмкін. Бірақ ол жол нәтиже бермейді, өйткені бөлшек біртұтастыққа 
жете алмайды. 
Екінші жол - өзіңнің дүниеге деген маңыздылығыңды сезініп, өз болмысыңды 
бүкіл дүниенің өзегі ретінде қарасаң, онда өз тереңдігіңе үңілу, оны танып-білу - 
бүкіл болмысты танып-білумен тең болады. Мұндай көзқарас көне замандағы 
гректердің «макрокосм» мен «микрокосм» идеяларына кетеді. Адам «кіші ғарыш» 
ретінде «үлкен ғарышқа» сай келеді. Сондықтан сыртқы болмысты тану үшін өзіңнің 
ішкі болмысыңды білуің қажет. 
Н.А.Бердяевтің философиясының негізгі категориясы - еркіндік. Оның 
ешқандай өлшемі, шегі, түбі жоқ, оны ештеңемен теңеуге болмайды. Оның 
оқшаулығын түсіну - оның болмысқа дейін өмір сүргенін мойындаумен тең. Бұл 
арада Н.А.Бердяев Орта ғасырда өмір сүрген Я.Беменің: «Құдайдың өзі түбі жоқ 
түңғиықтан пайда болды» - деген пікірін қолдап, сол алғашқы «түбі жоқты» ерікпен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет