Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет289/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
330 
Мәдениет - қоғамның рухани дамуының шыңы, дін, философия, өнер 
құндылықтары, терең де нәзік ойлар, шығармашылық туындылары. Уақыт өткен 
сайын шығармашылықтың орнына күнбе-күнгі қажеттіліктерден шығатын карапайым 
өмірді көтеруге бағытталған істер келіп, «өзімшіл цивилизация» мәдениетті 
тұрпайылата бастайды. 
Цивилизация дегеніміз - өмірдің әлеуметтік, материалдық жағының дамуы, 
экономикалык мүдделердің басымдығы, пайдақорлыққа тырысу, құралдың мақсатты 
жеңуі. Цивилизация өз табиғатына сәйкес техникаға жақын, ол жеке адамның шығар-
машылығын ұжымдық еңбекке ауыстырады. Цивилизация машиналардың өмірге 
енуімен бірге келеді. Адам техниканы пайдаланып, табиғатты өз еркіне көндіруге 
тырысады, соның нәтижесінде адамның толыққанды органикалық табиғатқа сәйкес 
өмірі жойылып, оның орнына мамандандырылған, біржақты адам пайда болады. 
Цивилизация техниканың үстемдігіне әкеліп, рухты тоқыратады. 
Капиталистік, я болмаса социалистік цивилизация болмасын, ол өз табиғатына 
сәйкес әрқашанда «буржуазиялық». Ол дегеніміз рухтың тоқырауы, материалдық 
байлыққа, өмірден ләззат алуға тырысу. 
Дегенмен 
цивилизация 
мәдениетті 
толығынан 
құрта 
алмайды, 
ол 
ұсақталынғанмен аяғына шейін цивилизацияның пайдақорлығына қарсы түрады. 
Жалпы алғанда, Н.А.Бердяев адамзат тарихының төрт логикалық сатысын көрсетеді, 
олар - тағылық, мәдениет, цивилизация және «діни кайта өрлеу». Социалистік 
өзгерістер Ресейді цивилизация шеңберіне кіргізіп, мәдениетті тоқыратты. 
Мәдениетті қайта жаңартуда дін шешуші қызмет атқаруы керек. 
Орыс философиясындағы діни антропология бағытының өкілдері ретінде 
С.Н.Булгаков, С.Л.Франк және Н.ОЛосскийді атап мөтуге болады. 
С.Н.Булаковтың айтуына қарағанда, адам Құдайсыз өмір сүре алмайды, егер 
ішкі дүниеңде Құдай болмаса, онда көңіл құлазиды. Құдайға қарсы күрес, бір дінді 
тарату қажетті түрде екінші дінді тудырады (мысалы, Кеңес заманында марксизм 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет