Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет72/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   692
    Бұл бет үшін навигация:
  • Логос
Нуржігіт Алтынбеков 
81 
қарама-қарсылықтың үйлесімге келуі) келеді. Жоғарыға кететін жолмен төменге 
кететін жол сол жол, өлі мен тірі - біреу. Сонымен «Бәрі де - бір, біреуден – бәрі де 
шығады». Бұл Дүниенің гармониясын қадағалайтын - Логос. Логос - грек сөзі және 
оның мағынасы әртүрлі - ол ілім, сөз, сойлем, баяндау, есептеу, қатынастарды 
анықтау т.с.с. Гераклиттің философиясында Логос заң ұғымына жақын. 
«Ақылдылыққа үйрену үшін Логосқа жақынырақ болу керек, қаланы өркендету үшін 
оның заңдарын күшейту кажет», деген Гераклиттің нақыл сөздерінен Логосты 
Дүниенің өзгеру заңдылықтары деп түсінуге болады. 
Гераклиттің Логосын, ол кісінің айтуынша, қайсыбір адам түсіне бермейді. 
«Маған Логосты тыңдау, даналықты мойындау, бәрі де - бір». 
Гераклиттің «Аіоn — асықтармен ойнап жатқан сәби» деген ойы жөнінде осы 
уақытқа шейін философтар әртүрлі түсініктемелер береді. Біздің ойымызша, ол заңды 
түрде сөніп, тағы да лапылдап от болып жатқан Дүниедегі кездейсоқтықтың үлкен 
орнын көрсеткісі келгендей. Ал мұндай көзқарас қазіргі философиядағы Дүние 
жөніндегі, оның өз бойында орасан зор әртүрлі даму мүмкіншіліктерінің бар екені, 
олардың өмірге кездейсоқтық арқылы кішкентай ғана бөлігінің іске асатынын еске 
түсіреді. 
Сонымен алғашқы грек философтарының ішіндегі Гераклиттің орнының 
ерекшелігін, оның аса ғұлама түлға екенін, қорыта келе, тағы да атап өтуіміз керек. 
Келесі үлкен тұлға - Пифагор (VI-V б.ғ.д.). Жас кезінен бастап білімге деген 
құштарлығы оны шығысқа Мысыр еліне тартты. Еліне қайтып оралғаннан кейін, ол 
өзінің кұпия мектебін ашып, өзінің философиясын шәкірттеріне таратты. 
Пифагор математика ғылымымен айналыса келе, Дүниедегі құбылыстардың 
заңдылықтарын математикалық сандық өлшемдермен беруге болатынын байқайды. 
Олай болса, Дүниенің алғашқы негізі суда, ауада, жерде т.с.с. емес, санда болар деген 
ой келеді. 
Міне, осы сәттен бастап, дүниетанымға жаңа көзқарас кіріп, батыс мәдениетінің 
ерекшеліктерінің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Музыка саласында дыбыстардың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет