Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет93/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
110 
ашады. 
Дұрыс түрлері: монархия (mоnоз - бір, аrсһе - билік) - бір адамның билігі, 
аристократия (аrіstоn - ең жақсы, асыл) - аз ақсүйектердің бірігіп басқарған билігі, 
полития (роlіs - қала) - ерікті адамдардың байлығына қарай байланысты құрылатын 
үкімет билігі. 
Бұрыс биліктерге келер болсақ, монархия, қандай жақсы билеу түрі болса да 
бірте-бірте тиранияға бір адамның зорлығына, заңсыз басқаруына әкелуі мүмкін. 
Аристократия да жүре келе бір-бірімен сыбайлас болып қыз алысып-берісіп, 
халыққа қызмет етпей, олигархияға ауысуы ғажап емес. 
Полития да бірте-бірте демократияға ауысып (Аристотель демократия ұғымын 
қазіргі мағынасынан гөрі басқаша қарайды), кез келген надан адамның кеудесін қағып 
«мен басқарамын» деген пиғылын туғызып, мемлекеттің билігіне олардың келуін 
тудырады (қазіргі өтпелі қоғамдағы кейбір сайлаулар кезіндегі үрдістерге ұқсас). 
Сонымен Аристотельдің біршама әлеуметтік-саяси көзқарастары бүгінгі таңға 
дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Оның көтерген көп мәселелері болашақ 
дәуірлердегі ғалымдарға рухани азық болып, олардың шығармашылық шабытын 
оятты. 
§ 7. Эллинистік-Римдік философия 
Егер Платон мен Аристотельдің шығармаларын антикалык дәуірдегі 
философиялык ой-пікірдің ең биік шыңына жатқызсак, б.з.д. IV ғ. - V ғ. екі 
ортасындағы 8 ғасырды көне заманның фило-софиясының бірте-бірте әлсіреп сөнуімен 
байланыстырамыз. Бұл 8 ғасырда неше түрлі соғыстар, қүлдардың көтерілістері, ұлт-
азаттық қозғалыстар - бәрі де болды. Бұл уақыт - құлдық коғамның пісіп-жеткен 
сатысынан етіп, сонымен қатар басқа даму жолын таба алмаған заман. Өндіргіш 
күштер сол бұрынғы мал мен адамның күшіне негізделген, жаңа күш-қуат көздері 
әлі ашылған жоқ. Сондықтан биіктігі 135 м. Александрия Фаросы теңіздің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет