Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет22/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   121
Байланысты:
7-8 ткырып дезинфекция

ИФТ-ны қою техникасы:
1. Н е г i з г i т ә ж i р и б е. Алдымен антигендi планшет ойықтарында 
адсорбциялайды.
1.1. АР, КБР-ге арналған бруцеллез антигені натр карбонаты буферінде 
(рН 9.6) 1:100 рет сұйылтылып, полистирол планшетінің ойықтарына 100 мкл 
(0,1 см
3
) көлемде тамызылып, +4 

С-да келесі күнге дейін сақталады. 
Корпускулярлы бруцеллез антигені 1:100 сұйылтындыда ойықтары шұңғыл 
Санкт-Петербургте шығарылатын полистирол планшетке қарағанда, 
Москваның «Медтехника» ғылыми-зерттеу институты дайындаған, ойық-
тарының түбі тегіс планшетінде нәтижелі фиксацияланатыны және антиген 
фиксацияланған планшеті +4 

С-да сақтағанда, оның 1 айға дейін реакцияда 
қолдануға жарайтыны арнайы тәжірибелерде анықталды. 
1.2. Реакция қояр алдында антиген фиксацияланған планшет ойықтары 3 
рет тұзды фосфат буферімен (0,1% твин -20 қосылған), 3 рет физиологиялық 
ерітіндімен шайқалып жуылады.
1.3. Планшет ойықтарына 100 мкл зерттелетін қан сарысуының үлгілері 
арнайы автомат пипеткаларымен тамызылып, 1 сағат 37-38

С-да термостатта 
ұсталады.
1.4. Планшет ойықтары 1.3. пунктiнде көрсетiлген тәсiлмен шайқалып 
жуылады.
1.5. Ойықтарға 100 мкл сиыр глобулиндеріне қарсы антиглобуллин-
дерден дайындалған иммунды переоксидазды коньюгат (препарат Н.Ф. 
Гамалеи атындағы ЭМҒЗ институтының бактериологиялық препараттар 
өндіру мекемесінен алынған) жұмыстық титрде (антиглобулиннің ИФТ-дағы 
жұмыстық титрі қиылыстырып титрлеу арқылы алдын ала анықталады) 
тамызылып, планшет беті арнайы қақпағымен жабылып, 1 сағат 37-38

С-да 
термостатта ұсталады.
1.6. Планшет ойықтары 1.3. пунктiнде көрсетiлген тәсiлмен шайқалып 
жуылады. 
1.7. Қоспаға 100 мкл субстрат құйылып, 37-38

С-да 20-30 минут 
ұсталады. Субстрат дайындау үшін 10 мг ортофенилендиамин, 10 см
3
1%-ды 
лимон қышқылында (рН-4,5) ерітіліп, оған 5 мкл 30%-ды Н
2
О
2
қосылады.
1.8. Әр ойыққа 2 М күкірт қышқылы 100 мкл көлемде тамызылып, 
реакция тоқтатылады.
2. Р е а к ц и я н ә т и ж е с і н е с е п к е а л у.


35 
2.1. Реакция нәтижесі оптикалық тығыздығы (ОТ) бойынша фотоколори-
метриялық әдіспен спектрофотометрді (492 нм) қолдану арқылы немесе 
көзбен көру арқылы оқылады. Қойылымның дұрыстығы бақылаулық сынама 
үлгілерімен қадағаланды.
2.1.1. Спектрофотометрмен есепке алғанда теріс қан сарысуының ОТ-
нан зерттелген қан сарысуының ОТ-ы 1:400-ден 2 рет және одан жоғары 
болса, ол оң нәтиже ретінде саналады (ОТ зерт.сарысу/ОТ теріс сарысу). 
2.2. Көзбен көру арқылы реакцияны оқығанда, дұрыс қойылымда 
бруцеллезге позитивті қан сарысуы қызғылт қоңыр түске боялады, негативті 
сынама түрі өзгеріссіз қалады немесе сарғыш реңде байқалады. 
2.3. Реакция нәтижелерін бағалау: ++++ (4 плюс) қызғылт қоңыр, +++ (3 
плюс) сары қоңыр, ++ (2 плюс) сары, + (1 плюс) ашық сары, – (минус) қоспа 
реңі өзгеріссіз немесе сарғыш реңге боялған.
3. Н е г і з г і т ә ж і р и б е н і б а қ ы л а у. Негізгі тәжірибемен бірге 
келесі позитивті және негативті қан сарысуларымен бақылаулар қойылады.
3.1. Бруцеллезге позитивті сиырдың қан сарысуы 1:100-ден соңғы титрге 
дейін қойылады. 
3.2. Негативті қан сарысуы 1:100 және 1:200 сұйылтындыларда қойы-
лады. 
4. Р е а к ц и я н ә т и ж е л е р і н д и а г н о с т и к а л ы қ т ұ р ғ ы 
д а б а ғ а л а у. 
4.1. Вакцина қолданылмаған сиырдың қан сарысуын ИФТ-мен бруцел-
лезге зерттегенде: 1:100 сұйылтындыда екі плюс реакцияны – дүдәмал, ал 
1:200 және одан жоғарғы сұйылтындыларды – позитивті балау титрлері 
ретінде есептеледі.
4.2. Штамм 82 вакцинасымен егілген сиыр малының (иммундеуден 6 ай 
өткеннен кейін) қан сарысуын ИФТ-мен бруцеллезге зерттегенде 1:200 
сұйылтындыда төрт плюс реакцияны – дүдәмал, ал 1:400 және одан да 
жоғарғы сұйылтындыларды – позитивті балау титрлері ретінде есептеу 
ұсынылады (1:400 сұйылтындыда бруцеллезге оң реакция ретінде, тек төрт 
плюс реакция берген қан сарысулары ғана есептелуі қажет).
Соңғы жылдары С.Сейфуллин атындағы Қазақ Мемлекеттiк Агротехни-
калық Университеттiң ғалымдары (профессор А.Булашевтiң жетекшiлiгiмен) 
даярлап шығарған “БРУ–СЕРОТЕСТ” (ТУ 7100РК40345157-РГП-002-2004) 
деп аталатын иммуноферменттiк талдау тәсiлiмен сиыр бруцеллезiн балауға 
арналған реагенттер жиынтығы Қазақстандағы ветеринариялық лаборатория-
ларда кең түрде қолданыла бастады. 
Студенттердiң өзiндiк жұмыстарына тапсырмалар: 
 
1. Реферат тақырыптары: 
а) серологиялық реакциялар (гемагглютинация, конглютинация, т.б.) 
негiздерi және оларды қою әдiстемелерi (әр студентке кең түрде 
қолданылатын әдiстердiң бiрi берiледi). 


36 
ә) серологиялық реакцияларды класификациялаудың негiзгi прин-
циптерi және серологиялық зерттеудiң iндетке қарсы шаралар кешенiндегi 
ролi. 
Төмендегi сұрақтарға жауап беру: 
а) Қан алуға қандай құрал-жабдықтар қажет? 
ә) Доңыздан, иттен, мысықтан, қояннан, теңiз тышқанынан қан алу тә-
сiлдерi қандай? 
б) Қан сарысуларын консервациялау тәсiлдерi? 
в) ИФТ реакциясының механизмін түсіндіріңіз? 
г) Генетикалық зондтар көмегімен іске асырылатын молекулалық гибри-
дизация әдісінің мақсаты және ДНҚ-зондты қандай жолдармен алады? 
ғ) Химиялық жолмен синтездеу арқылы алынған нуклеотидті қандай 
заттармен таңбалауға болады және ДНҚ-зондты қандай реакциялардң 
көмегімен анықтайды? 
д) Полимеразалық тізбекті реакциясының принципі. 
ж) Амплификация дегеніміз не? Табиғи жағдайда ДНҚ репликациясы 
қандай сатыдан тұрады? 
з) Полимеразалық тізбекті реакциясының кезеңдері және полимеразалық 
тізбекті реакцияға арналған жиынтық компоненттері қандай? 
и) Полимеразалық тізбекті реакция зертханасында қойылатын талаптар 
және амплификация өнімдерінің детекциясы қалай жүргізіледі? 
Іскерлік ойын. 
Сәйкес жауабтарын табыңыз: 
А. компонеттері таңбаланған реакциялар: 
Ә. компоненттері тасымалдаушыда адсорбцияланған реакциялар: 
Б. компонеттері нативті реакциялар: 
а) Сайдулдин, Кумбс, комплементті байланыстыру; 
ә) агглютинация, преципитация; 
б) латекс агглютинация, коагглютинация; 
в) тік және жанама гемагглютинация; 
г) флуоресценция, иммунды диффузия; 
д) флуоресценция, иммунды ферментті талдау. 
1-А-а,ә,д; 2-А-а,ә; 3-А-б,д; 4-Ә-б,в; 5-Ә-б,г; 6-Ә-а,ә; 7-А-а,г; 8-Ә-
б,д,г; 9-Б-ә,а; 10-Б-а,д; 11-Б-а,в; 12-Б-г,д; 13-А-а,д; 14-Ә-г,д; 15-Б-в,д; 16-
Б-а,в,д; 17-А-а,г,д. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет