Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет24/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   121
Байланысты:
7-8 ткырып дезинфекция

Керектi жабдықтар. Аллергиялық зерттеулер жүргiзуге арналған 
құрал-жабдықтар (4-сурет), аллергендер жиынтығы, плакаттар (3-сурет).  
Жүргiзу орны және әдiстемесi. Сабақ шаруашылықта немесе 
ветеринариялық клиникада, қасапханада жүргiзiледi. Студенттер аллергия-
лық сынама қоюға арналған құрал-жабдықтармен танысып, аллергендердi 
қолдану тәсiлдерiн меңгередi.
К ө з г е қ о й ы л а т ы н а л л е р г и я л ы қ с ы н а м а 
пипеткаларды қолдану арқылы iске асырылады. Жұмыс алдында пипеткалар 
ыстық сумен стерилизацияланады. Аллерген (3-4 тамшы) көздiң конъюнкти-
васына тамызылады. Көздiң бiреуiнде патологиялық жарақаттар болса, 
сынама қолдануға болмайды.
Зерттеушi аллергендi қолданар алдында және одан кейiн қолды 3%-ды 
фенол ерiтiндiсiнде батырылған сүлгiмен сүрту арқылы дезинфекциялайды. 
Зерттеу нәтижесi аллергендi тамызғаннан кейiн әр 3 сағат сайын (3, 6, 9, 12) 
және 24 сағаттан кейiн, ал туберкулезде 48 сағаттан кейiн есепке алынады.


38 
3-сурет. Туберкулин енгізілетін тері жүнінің қосу тәріздес қырқылуы. 
Оң реакция көздiң қызаруымен конъюнктиваның домбығуымен, iрiңдi 
экссудатпен сипатталады. Зерттеудi мал қораларында жүргiзгенде ауаның 
шаңдалмауын аммиак, т.б. газдардың жинақталмауын қадағалау қажет. Ол 
үшiн қора-жай желдетiлуi қажет.
Бұл сынаманы жылқы маңқасын, сиырдың туберкулезiн балауға 
ветеринариялық практикада кең түрде қолданады.
Т е р i i ш i н е қ о л д а н ы л а т ы н а л л е р г и я л ы қ с ы н а м а. 
Бұл әдiс оңай болып көрiнгенiмен өте мұқият түрде орындауды қажет етедi. 
Аллергендi сиыр мен жылқыға мойнының 1/3 бөлiгiне (3-сурет); қойға
құйрықтың астыңғы терiсiне, көздiң астыңғы қабағына немесе жамбастың 
iшкi жағына; шошқаға құлақтың (сыртқы жағынан) түбiне жақын терiсiне
құстың - сақалшасына; ит, маймыл, терiсi бағалы аңдарға – жамбастың жүнi 
жоқ iшкi жағына немесе шынтаққа; құндызға – көздiң үстiңгi қабағына; 
түйеге – құрсақ қуысының (қарынның) үстiңгi 1/3 бөлiгiне қолданады. 
Аллерген жiберер алдында терiнiң жүнi қосу үлгiсi тәрiздес қырқылып, 
препарат алдын ала залалсыздандырылған сызықтың қиылысқан жерiне 
енгiзiледi. Аллерген енгiзiлетiн терi аймағын дезинфекциялауға фенол, эфир 
ерiтiндiлерiн қолдануға болмайды. Себебi олар терiнi тiтiркендiредi және тез 
арада кеуiп кетпейдi. Сондықтан бұл мақсатта 70%-ды этил спиртi (гидролиз 
спирт) практикада кең түрде қолданылады.
Аллергиялық зерттеу жүргiзуден 1 күн бұрын зерттелетiн мал тiзiмделiп, 
клиникалық зерттеледi. Алдын ала 2 грамдық пiскектер, арнайы инелер 
дайындалып стерильденедi. 
Соңғы жылдары аллергендi терi iшiне енгiзуге арналған инесiз 
инъекторлар практикада кең түрде қолданылады. 4-суретте ветеринариялық 
практикада туберкулинді тері ішіне енгізуге арналған инесіз инъектор 
«Овод» көрсетілген. Ол зерттеушiнiң жұмысын жеңiлдетедi, сонымен қатар 
көмекшi адамдардың қажетi болмайды.


39 
4-сурет. Инесiз инъектор «Овод». 
Сынама нәтижелерiн есепке алу: қарау, пальпациялау арқылы iске 
асырылады. Арнайы iсiнген терi аумағы кутиметр немесе штангенциркуль 
арқылы өлшенедi. Бақылау ретiнде аллерген егiлмеген терi аймағының қа-
лыңдығы өлшенуi қажет. Мiндеттi түрде оң нәтиже берген жағдайда терiнiң 
қабынған жерiнiң аймағының қалыңдығы ғана емес, оның жергiлiктi 
температурасының бар-жоғы пальпациялау арқылы анықталады. 
Аллергиялық зерттеуге арнайы актi толтырылады.
Студенттердiң өзiндiк жұмыстарына тапсырмалар: 
 
1. Реферат тақырыптары: 
а) Аллергия және оның формалары; 
ә) Инфекциялық аллергияның ерекшелiктерi; аллергиялық зерттеудiң 
iндеттке қарсы шаралар кешенiндегi ролi. 
2. Төмендегi сұрақтарға жауап беру: 
а) Аллергиялық зерттеуге қандай құрал-жабдықтар қажет? 
ә) Сиырға, жылқыға, түйеге, доңызға, итке, құсқа, терiсi бағалы аңдар-
ға аллергендi қалай қолданады? 


40 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет