Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


-тақырып. Организмнің иммунологиялық икемділігі



Pdf көрінісі
бет23/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   121
Байланысты:
7-8 ткырып дезинфекция

4-тақырып. Организмнің иммунологиялық икемділігі. 
 Аллергия, оның байқалуы 
 
Иммунологиялық икемділік немесе иммунитет реакциялары деп, 
организмнің генетикалық бөтен антигендік ақпарды өңдеп, оған иммуно-


37 
логиялық жауап реакциялар беру қабілетін айтады. Иммунологиялық жауап 
реакцияларына (антидене түзу, аллергиялық реакциялар, иммунологиялық 
толеранттылық) жұқпалы ауруларды балау әдістері негізделген. 
Аллергиялық реакциялар жедел типтi және баяу типтi болып бөлiнедi. 
Бұлар антидене түзу, иммунологиялық жады, иммунологиялық толерантты-
лық, идиотип-антиидиотип сияқты иммундық жауап реакцияларына жатады. 
Жедел типтi сезiмталдықты (ЖТС) антиденелер, комплемент жүйесi, 
полинуклеарлы фагоциттер iске асырады. Естен тану (анафилаксиялық шок) 
– жедел типтi сезiмталдықтың класикалық байқалуы.
Баяу типтi сезiмталдықтың (БТС) айырмашылығы – ол жедел типтi 
сезiмталдықтағыдай антидененiң әсерiнен туындамайды және енжар жолмен 
қан сарысуы арқылы берiлмейдi. Баяу типтi сезiмталданған организмнiң 
терiсi iшiне жiберiлген антиген орны шектелген, яғни дененiң антиген 
енгiзiлген жерiнде қабыну реакциясын тудырады. Оған мысал – туберкулин 
реакциясы. Бұл реакция баяу өрбидi, 6-8 сағаттан соң басталып шегiне 24-48 
сағат өткен соң жетедi. 
Аллергиялық реакциялардың арасында БТС өзiндiк қасиетi бойынша ең 
жоғарғысы. Сондықтан оны бруцеллез, туберкулез, маңқа, т.б. жұқпалы 
ауруларды балауға кең түрде пайдаланады. Қазiргi кезде практикада 
аллергендi терi iшiне, конъюнктиваға, терi астына жiбередi.
5-тәжірибелік сабақ. Аллергиялық сынама, жаппай аллергиялық 
зерттеудi ұйымдастыру 
Сабақтың мақсаты. Түрлi мал топтарын аллергиялық зерттеумен 
тексеру әдiстемелерiн және зерттеу нәтижелерiне құжаттар толтыру 
әдiстемелерiн үйрену.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет