Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


полимеразалық тізбектеу реакциясы. ИФТ-ның жанама вариантын



Pdf көрінісі
бет19/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   121
Байланысты:
7-8 ткырып дезинфекция

полимеразалық тізбектеу реакциясы. ИФТ-ның жанама вариантын 
сиыр бруцеллезін балауға қолдану әдістемелері 
 
Сабақтың мақсаты. Заманауи серологиялық реакциялардың (ИФТ; 
ПТР) негiзiн, олардың қолдану аясын талдап, Дүниежүзiлiк сауда ұйымына 
кiретiн мемлекеттерде қолданылатын және қолдануға ұсынылған альтер-
нативтi тесттермен танысып, алыс шетелдерде кең түрде қолданыс тапқан 
ИФТ-ның бруцеллездi балаудағы әдiстемелерiн меңгеру.
Керектi жабдықтар. Плакат (серологиялық реакциялардың классифика-
циясы), ИФТ компоненттерi, арнайы автомат пипеткалар, пробиркалар, 
термостат, тоңазытқыш, ерiтiндiнiң оптикалық тығыздығын анықтауға 
фотометр, “БРУ–СЕРОТЕСТ” (ТУ 7100РК40345157-РГП-002-2004) – имму-
ноферменттiк талдау тәсiлiмен сиыр бруцеллезiн балауға арналған реагенттер 
жиынтығы (С.Сейфуллин атындағы мемлекеттiк агротехникалық универ-
ситет жанындағы ғылыми-инновациялық биотехнология орталығы өндiрген, 
адресi: Астана қ., Жеңiс даңғылы, 116), бруцеллезге позитивтi және негативтi 
қан сарысулары.
Орны және жүргізу әдiстемесi. Сабақ серологиялық лабораторияда 
немесе арнайы жабдықталған кафедра зертханасында жүргiзiледi. Сабақта 
серологиялық реакциялардың негiзi, классификациялану тәсiлдерi, олардың 
жұқпалы ауруларға қарсы күрес шаралары кешенiндегi қолданылу орны 
талданып, қан сарысуларын лабораториялық жағдайда зерттеу әдiстемелерi 
меңгерiледi. 
Иммунды ферментті талдау (ИФТ) әдісін V.Engval, T.Perlman алғаш 
рет 1971 жылы “Enzyme-linked immunosorbent assay” (ELISA) атауымен 
лабораториялық практикаға ұсынған болатын. Авторлардың деректеріне 
қарағанда, оның сезімталдық деңгейі радиоиммунологиялық талдаудан
төмен емес. Әдіс, антидене молекуласы мен ферменттің функционалдық 
белсенділіктерінің сақталуына негізделген, демек, антидене антигенмен 
байланысқанда, фермент субстратты ыдыратады. Классикалық қойылымда 
(қатты фазалы ELISA) антиген қатты материалда фиксацияланады. Антиген 
мен коньюгат (антидене-фермент) байланысқаннан кейін реакцияға субстрат 
қосылады. 
Гетерогендіден басқа (қатты фазалы), бұл тесттің гомогенді варианты да 
бар. Бұлардың кез-келгені, тура және тура емес (жанама) қойылымдарда 
қолданылады. Сонымен қатар, ИФТ-ның варианттары түрлі ферменттерді 


31 
(переоксиздаза, сілтілі фосфатаза, каталаза, т.б.) қолдануға байланысты 
өзгере береді.
Иммундыхимияда, физиологиялық белсенді заттарды анықтауға 
бағытталған жетістіктер антиген, антиденені ферменттермен таңбалауға 
байланысты болғандықтан, әдебиетте жаңа тест – “Иммунды ферментті 
талдау” атауымен қалыптасты.
Соңғы жылдары ИФТ-ның қолдану алаңы кеңіп: биология, медицина, 
ветеринария саласындағы проблемаларды шешуде үлкен роль атқарып 
келеді.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіретін мемлекеттерде жұқпалы ауру-
лардың нозологиялық балауында ИФТ-ның кең түрде қолданылуы – тестің 
қойылу әдістемесінің толық автоматтандырылуынан және оның жоғарғы 
сезімталдығынан туындалады.
ИФТ-ның негізгі бағыты: адамның, ауыл шаруашылық жануарларының, 
өсімдіктердің инфекциялық ауруларын ерте, нақтылы балау және 
медициналық, микробиологиялық өндірістер өнімінің сапасын бақылау 
болғандықтан, ИФТ-ны практикалық жағдайда қолдану, қазіргі заманның 
мал дәрігеріне өте қажет.
ИФТ-да зерттеу объектілерінің, фрагмент маркерлердің сан алуанды-
лығы, оны практикалық лаборатория жағдайында қолдануда қиындатады. 
ИФТ-ның негізгі принциптері мен түрлі варианттарының жалпы қойылу 
техникасы әдебиеттерде көптеп көрсетілген.
Соңғы кездері аса қауіпті жұқпалы аурулардың балауында белгілі бір 
ауру қоздырушысына тән генді немесе нуклеин қышқылдарының тізбегін 
анықтау әдістері қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет