Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


-тарау. ІНДЕТ ПРОЦЕСІ ЖӘНЕ ІНДЕТ ОШАҒЫ



Pdf көрінісі
бет25/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   121
Байланысты:
7-8 ткырып дезинфекция

2-тарауІНДЕТ ПРОЦЕСІ ЖӘНЕ ІНДЕТ ОШАҒЫ 
 
1-тақырып. Індет процесінің негізгі қозғаушы күштері 
Инфекциялық процесс нақтылы бiр жануар организмiнде байқалатын 
құбылыс болса, iндет процесiнiң ауқымы одан анағұрлым кең. Бұл жұқпалы 
аурудың жеке организмдi зақымдауы емес, оның ауру малдан сау малға 
жұғып, тұтас бiр аумақты жайлауы. Яғни індет процесі белгiлi бiр террито-
рия шеңберiнде өтедi. 
Iндет процесi 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Iндет процесiнiң байқалуы 
Қарқыны Берiлу механизмi Бейiмдiлiгi даму
бойынша бойынша бойынша сатылары 
Спорадия Жанасу Бiр түр Iндет алды 
Энзоотия Трансмиссивтi Бiрнеше түр Дамуы 
Эпизоотия Сыртқы орта Малға және Шегiне жету 
Панзоотия арқылы адамға Бәсеңсу 
Алиментарлы Зооантропоноз Iндетаралық
Аэрогендi Антропозооноз кезең 
Терi арқылы Адамға
(антропозооноз) 
Iндет ошағы 
Қатер төнген аймақ
Iндет ошағы Жаңа
Iндет Сөнген
ошағының Табиғи (тұрақты) 
ядросы Антропоургиялық 
Синантропты
5-сурет. Iндет процесiнің бұғауы, байқалу формалары. 
Сыртқы орта факторлары және малды күту жағдайы 
Ауру қоздырушысының 
бастауы 
Берiлу 
тетiктерi 
Бейiм
жануарлар 
Iндет бұғауы 
I
нд
етте
н са
у 
емес п
ун
кт


41 
Бірінші тарауда инфекция патологиясындағы сұрақтар микрожүйе 
(антиген, антидене, серологиялық, бактериологиялық диагностика, т.б.), 
мезожүйе (мал организмі, т.б.) деңгейінде, яғни инфекциялық процесс 
тұрғысынан қарастырылса, бұл тарауда жұқпалы ауыруларға байланысты 
құбылыстар макрожүйе (мал табыны, тобы, індеттің таралу қарқынына 
байланысты белгілі бір кеңістік) шеңберінде қарастырылады.
Індет ошағынан басқа аурудан сау емес пункт деген ұғым қалыптасқан. 
Аурудан сау емес пункт болып індет ошағы бар елді мекен, шаруашылық 
немесе әкімшілік территория есептеледі. Аурудан сау емес пункт деген 
ұғымның мағынасы оншама нақтылы емес. Бұл негізінен әкімшілік 
территорияға сәйкес ұғым және әрбір ауру кезінде оған деген көзқарас та 
әртүрлі. Мысалы, бір үлкен шаруашылықтың 3 мал фермасы болып оның 
біреуінде аусыл шыға қалса, шаруашылық түгелдей аурудан сау емес деп 
саналады. Ең дұрысы аурудан сау емес пунктті есепке алмай, індет ошағы 
бойынша есеп жүргізген дұрыс. Әсіресе Қазақстан сияқты кеңбайтақ өлкеде 
бір әкімшілік территорияда індет ошағының бірнешеуі болуы жиі кездесетін 
жағдай («Індеттану», Т.Сайдолдаұлы, 1993).
Табынды жұқпалы аурулардан (бруцеллез, туберкулез, лептоспироз, т.б.) 
сауықтыру, індет ошағынан (топалаң, қарасан, т.б.) арылу шараларын іске 
асырудың қажетті алғы шарты – індеттанулық балау, ол індет процесі мен 
індет ошағын толық сипаттайды. Індеттанулық балау қою мақсатында 
жүргізілетін індеттанулық мониторинг объектілері, әдістері келесі тарауда 
қарастырылып, талданады.


42 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет