Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет29/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   121
Байланысты:
7-8 ткырып дезинфекция

1. Жалпы мәлiмет 
1.1. «Iндеттен сау емес пункт» деп, территориясында iндет ошағы бар 
елдi мекен (ауыл, т.б.) немесе шаруашылық (ұжымдық, мемлекеттiк) 
есептелiнедi. Сау емес пункт құрамына iндет ошағын қоршаған қатер төнген 
аймақ та кiредi.
1.2. Індеттанулық зерттеудің мақсаттары: 
- аурудың шығу және таралу себептерін анықтау; 


47 
- нозологиялық диагноз анықталғаннан кейін инфекциялық ауруға індет-
танулық балау қою. Індеттанулық балау – індет процесі мен індет ошағының 
толық сипаты.
1.3. Індеттанулық талдау объектілері: 
- инфекция анықталған мал табыны, отары; 
- мал қоралары мен аулалары; 
- суаттар, басқадай суару жүйелері; 
- ветеринариялық-санитариялық обьектілер; 
- синантропты кемірушілер; 
- мал өнімдері, қалдықтары; 
- ветеринариялық және санитариялық-эпидемиологиялық мекемелердің 
есептері; 
-лабораториялық сараптамалар, ветеринариялық куәліктер, сертифи-
каттар. 
2. Iндеттiң шығу және таралу
себептерiн анықтау 
2.1. Індеттің шығу және таралу себептерін анықтау үшін мынандай 
жағдайлар талданады:
- малдың күйі мен күтімі; 
- мал тұқымын іріктеу, табын құрау немесе толықтыру; 
- сол жерде және шекаралас аймақтарда бұл аурудың болу-болмауы.
2.2. Малдың күйі мен күтімін анықтау үшін: 
- меншік түріне қарамастан бруцеллезге бейім жануарлардың түрі, жасы, 
жынысына қарай саны (шаруашылық, әкімшілік есебі бойынша); 
- олардың таңбалануы; 
- клиникалық тексеру арқылы малдың жалпы күйі; 
- бағып-күтілу, азықтандырылуы, суару жүйесі және пайдалану жағдайы;
- ферма территориясының қоршалуы, зоналарға бөлінуі және онда 
санитариялық реттіліктің сақталуы (малды жасына, жынысына қарай бөлек 
ұстау, «бос, бос емес», «демалыс» қағидаларының орындалуы); 
- мал қораларының, мал төлдейтін бөлімдердің, қолдан ұрықтандыру 
пункттердің санитариялық жағдайлары және олардағы микроклимат; 
- мал серуендейтін ауланың бар-жоқтығы;
- ветеринариялық-санитариялық объектілердің (ветеринариялық-санита-
риялық жібергіш, дезинфекциялық тосқауыл, көң орны, биотермиялық апан, 
қалдықтарды өтелдеуші қондырғы, қасапхана, оқшауханалар) бар-жоқтығы, 
олардың жағдайы, орналасуы; 
- мал шаруашылығы өндірісінің қалдықтарын (көңді, өлексені, шуды, 
тастанды төл өлексесін, т.б.) жинау және зарарсыздандыру тәсілдері; 
- ферма территориясында, мал қораларында синантропты кеміруші-
лердің, бұралқы ит, мысықтардың, т.б. бар-жоқтығы; 


48 
- дезинфекция, дезинсекция, дератизацияның жүргізілу реттілігі, олар-
дың қолданылу сапасы.
2.3. Iндеттен таза шаруашылықтарда инфекциялық аурулардың (бруцел-
лез, туберкулез, лейкоз, лептоспироз, т.б.) шығуына көп жағдайда сырттан 
әкелiнген асыл тұқымды мал (тайыншалар) себеп болады. Сондықтан, мал 
тұқымын жетілдіру, аналық табындарды құрау немесе толықтыру жайындағы 
деректер соңғы 2 жыл бойынша талданып (бруцеллез, туберкулез), мынандай 
жағдайлар қарастырылады: 
- малды өз төлінен өсіру және табын құрау сипаты; 
- аталық малдың пайдаланылуы және жұқпалы ауруларға тексерулердің 
нәтижелері; 
- мал және мал өнімдерінің сырттан әкелінуі, бұл кезде тиісті ветерина-
риялық-санитариялық ережелердің орындалуы; 
- малды әкелмей тұрып және дауалық карантиндеу кезіндегі жұқпалы 
аууларға тексерулердің нәтижелері; 
- сүттің және көксүттің зарарсыздандырылу сапасына лабораториялық 
бақылау нәтижелері. 
2.4. Ауылдық округтің, елді мекеннің, шаруашылықтың және оларды 
қоршаған қатер төнген аймақтың бруцеллезден індеттік жағдайы, соңғы үш 
жылдағы ветеринариялық және санитариялық-эпидемиологиялық қызметте-
рінің есебін талдау арқылы анықталды, атап айтқанда:
- індетке бейім жануарлардың балаулық тексеру нәтижелері, ал 
бруцеллез мал анықталған жағдайда, сау емес пунктте жүргізілген сауықтыру 
шараларының нәтижелілігі; 
- эпидемиологиялық бақылау мәліметтері; 
- инфекциялық аурулармен (бруцеллез, туберкулез) ауырған адамдар-
дың, олардың меншігіндегі малдың лабораториялық зерттеу нәтижелері;
- мал айдайтын жолдың бар-жоқтығы, онымен жұқпалы ауруларға шал-
дыққан малдың өтуі және олардың тексеріліп жатқан территориядағы 
жануарлармен жанасу мүмкіндігі;
- мал өнімдерін өңдейтін, өндіретін орындардың (ет комбинаты, қасап-
хана, сүт өңдеу мекемесі) орналасуы және оларда өндірілетін өнімдері мен 
тастандыларының жұқпалы аурулардан санитариялық тазалығы; 
- жануарлар сататын базарлар, орындар болса, бұл объектілердегі 
індетке қарсы бақылаудың жағдайы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет