Керектi жабдықтар. Шаруашылық макетi, жұқпалы аурулардың
ветеринариялық есептерi, лабораториялық сараптамалар.
Жүргiзу орны мен әдiстемесi. Сабақ кафедрада және шаруашылық-
тарда жүргiзiледi. Тақырыпты игеру үшiн студенттер алдын ала төмендегi
сұрақтар бойынша дайындалып келулерi қажет.
1. Iндеттанудың зерттеу әдiстерi (iндеттанулық талдау мен бақылау,
салыстырмалы тарихи және географиялық сипаттау, iндеттанулық экспери-
мент, математикалық модельдеу, iндеттанулық болжау), олардың мазмұны?
43
2. Iндеттанулық балау дегенiмiз не? Оның iндетке қарсы күрес шаралары
кешенiндегi маңызы қандай?
3. Iндет процесiнiң негізгі буындары, даму сатылары?
4. Iндеттен сау емес пункт құрамы, олардың шекараларын анықтау
критерилерi.
Жұқпалы ауруға індеттанулық тұрғыдан балау қоймай, індет ошағын
тиімді жою мүмкін емес. Осыған қарамастан, ветеринариялық практикада
індеттанулық балауға жеткілікті көңіл бөлінбей, індеттен сау емес пункт
құрамы, олардың шекаралы нақтылы анықталмаған. Соның салдарынан, көп
жағдайда инфекциядан сау емес пунктті сауықтыру шараларының жоспары
індет процесінің негізгі қозғаушы күштеріне нақтылы бағытталмаған.
Ветеринарияда қалыптасқан анықтамада «Індеттен сау емес пункт» ретінде
аймақтық әкімшілік (ауылдық, поселкілік) немесе шаруашылық бірлігі (жеке
шаруа қожалығы, т.б. меншік иелері) алынған, яғни індеттен сау емес пункт
ретінде әкімшілік немесе шаруашылық территориялары есептеліп, оларда
карантиндік, ветеринариялық-санитариялық шараларды орындау қажеттілігі
айтылған (Бакулов И.А.,Третьяков А.Д., 1979).
«Індеттен сау емес пунктті» анықтаудың басқа бір жақын аналогы
практикаға ұсынылған. Оған елді мекеннің (ауыл, қыстақ, т.б.), шаруашы-
лықтың территориялары (жайылымдар, егістік, суаттар және т.б.) және аудан,
облыс, мемлекет аралық мал айдау трассалары мен уақытша қолдану
территориялары жатқызылған. Біреуінде ғана індет ошағы анықталса, барлық
территория індеттен сау емес деп есептелген (Джупина С.И., 1991).
Соңғысының кемшілігі үлкен елді мекенде немесе басқа да аудан, облыс
(республика) аралық бірлесіп пайдалану территориясында бірнеше мал
фермалары орналасуы мүмкін. Бұлардың бірінен індет ошағы анықталса,
шаруашылық бірлестіктері сау емес деп жариялануы қажет. Індеттен сау
емес пункттің құрамы, олардың шекаралары дұрыс белгіленбей, ауру шыққан
елді мекеннің (ауыл, поселок, т.б.) шаруашылықтың (ұжымдық, мемлекеттік,
жеке меншік) кең алқапта орналасқан әкімшілікке қарасты барлық террито-
риясына тұтастай карантин немесе шектеу жарияланып, кең ауқымды
территорияда сауықтыру шаралары жүргізілген.
Мұндай ауқымды аурудан сау емес пунктті сауықтыру көптеген
қаражатты қажет етеді. Бұған төменде мысал ретінде көрсетілген бруцел-
лезден сау емес пунктті індеттанулық зерттеу нәтижелері дәлел бола алады.
Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы “Қабанбай”
ауылдық округi оңтүстiгiнде Алматы облысымен, шығысында Қытай
мемлекетiмен, солтүстiгiнде Қарабұлақ ауылдық округымен шектеседi.
Ауылдық округтың әкiмшiлiк территориясы 80-100 шақырымдық кең
алқапты қамтыған, орталығы “Жарбұлақ” ауылы Алакөлдiң шығысында
орналасқан. Ауылдағы “Жарбұлақ” совхозы таратылып, үлкендi-кiшiлi 40-
тан аса жеке шаруа қожалықтары құрылған. Бұл ауылдағы жеке сектордағы
сиыр малы 10 табын болып құралып, сәуiрден желтоқсан айына дейiн
44
жайылымдарда бағылады. 1.07.2001 жылы жүргiзiлген iндеттанулық зерттеу
кезiнде, ауылдық округтiң статистикалық есебiнде: 8921 қой-ешкi, 280
жылқы, 2644 сиыр тiркелген, соңғысының 874-i сауын сиыр, 47-сi бұқа, 153-i
ұрықтандыру жасындағы тайыншалар және 843-i бiр жасқа дейiнгi бұзау-
тайыншалар. Бұл округте “Жарбұлақ” ауылынан басқа, мал ұстайтын 32 елдi
мекен бар. Ауылдық округ орталығынан ең алысы “Жалаңашкөл” маңында
орналасқан “Алтыншы” және “Қарағаш” елдi мекендерi, бұларда малдың
толық санаққа алынбағаны, таңбаланбағаны және бруцеллезге қарсы арнайы
шаралармен толық қамтылмағаны белгiлi болды.
2000 жылы бруцеллезге тексерiлген 1778 сиыр малының 17-сi
бруцеллезге шыққан (“Құмғанбаев”, “Қойшыбай” шаруа қожалықтарынан 6,
қалғандары Жарбұлақ ауылы тұрғындарының аулаларынан). 2001 жылы
сәуiр, мамыр айларында зерттелген 1809 малдың 46-сы ауруға шығып,
сойылған. Бруцеллез мал анықталған табындарда аурудың клиникалық
белгiлерi (iш тастау, т.б.) байқалмаған. Ауруға шыққан малдардың қан
сарысуларында агглютинин титрлерi: 16-сында 1:400, 10-ында 1:200, 13-iнде
1:100, ал комплемент байланыстырушы антидене тирлерi 1:5-1:160
сұйылтындыларда 12 малда анықталған. Бруцеллездiң iндет ошағы ауылдық
округке қарасты “Қарағаш”, “Алтыншы” елдi мекендерiнде орналасқан
“Қойшыбай”, “Бағатай”, “Ахметжан” шаруа қожалықтары мен “Жарбұлақ”
ауылынан анықталған. Округтағы басқа 25 шаруа қожалықтары бруцеллез-
ден таза болған, олардың iндет ошағындағы табындардан бөлек жерлерде
бағалатыны, бiрақ қыс айларында қыстақтардың жақын орналасуына
байланысты мал жайылған жағдайда, олардың араласып жататыны белгiлi
болды. Ауданның ветеринариялық есептерiнде, бруцеллез мал шыққан
ауылдағы барлық қора-жай механикалық тазаланып, күйдiргiш натрдың 2-
3%-ды ыстық ерiтiндiсiмен дезинфекцияланып, жаз айларында санация-
ланған. Ауылдық округте сиыр малының бруцеллезге шалдығуы 3,8%
құрайды.
30 мамыр 2001 жылы аудан әкiмiнiң №326 шешiмi негiзiнде, iндет
ошағының 3 елдi мекенде ғана анықталуына қарамастан, 60 шақырымдық
аумақта орналасқан “Қабанбай” ауылдық округы тұтастай бруцеллезден сау
емес деп жарияланып, карантин қойылған. Ауылдық округте жүргiзген
iндеттанулық зерттеу нәтижелерi негiзiнде, бұндай кең ауқымды
территорияны 1 жыл iшiнде сауықтыру өте күрделi. Округке қарасты елдi
мекендердегi шаруа қожалықтары мен жеке сектордағы табындардың 8 ай
бойы жайылымдарда қосылмай бағылуларына байланысты, сауықтыру
шараларын әкiмшiлiкке қарасты барлық территория шеңберiнде емес,
бруцеллез анықталған жеке табынның орналасу бойынша жүргiзiлуi қажет
едi. Яғни сау емес пункттегi бруцеллез мал орналасқан “Жарбұлақ”,
“Алтыншы”, “Қарағаш” елдi мекендерiне карантин қойылып, бруцеллезден
таза шаруа қожалықтары мен жеке меншiкке қарасты 5 сиыр табыны
орналасқан территория – қатер төнген аймақ ретiнде саналып, бiрiншiсiнде –
45
сауықтыру, екiншiсiнде – iндеттiң таралмауы үшiн шектеу шаралары жүргiзу
керек болатын. Бұндай iндеттiк жағдайларды басқада созылмалы түрде
өтетiн инфекциялық ауруларда (туберкулез, лептоспироз, т.б.) көптеп
көрсетуге болады.
Сонымен “Iндеттен сау емес пункт” шекарасын ауылдық округтың
немесе шаруашылықтың әкiмшiлiк территориясы бойынша емес, нақтылы
жағдайда iндет ошағы мен қатер төнген аймақтан тұратын кеңiстiк ретiнде
қарастыру қажет (6-сурет).
Iндет ошағында сауықтыру, ал қатер төнген аймақта дауалау шараларын
жүргiзу арқылы iндеттен сау емес пункттен арылу шараларының нәтижелiгiн
қамтамасыз етуге болады.
Сонымен, iндет ошағын iндет процесiнiң қозғаушы күштерiнiң
орналасуына байланысты анықтап, iндет ошағы және онымен шектесетiн
қатер төнген аймақты iндеттен сау емес пункттiң құрам бөлiктерi ретiнде
қарастыру қажет.
Қатер төнген аймақ
Індет ошағы
Індеттен сау
емес пункт
6-сурет. Індеттен сау емес пункт құрамы.
Індеттанулық категория ретінде «індет ошағы» дегеніміз – малдың
ауруға шалдығу мүмкіндігі сақталған инфекция қоздырушысының бастауы
мен оның берілу тетіктері бар территория. Індет ошағына инфекция
қоздырушысының бастауы (ауырған және микроб алып жүретін),
тасымалдаушылар (кемірушілер, ит, мысық, т.б.) және берілу факторлары
(тастанды төл, қағанақ су, шу, т.б.) арқылы зарарланған территория жатады.
Індет ошағының шекарасы ауру қоздырушысының бастауы мен берілу
механизмінің орналасуына байланысты анықталуы қажет.
Iндет ошағы жаңа, өше бастаған, тұрақты және табиғи болып бөлiнедi.
Соңғысы белгiлi бiр географиялық ландшафтта байқалады. Жұқпалы ауру-
дың табиғи ошақтылығы жайындағы мәселелер арнайы сабақта қарасты-
рылады.
46
Сауықтыру шараларын iске асырудың қажеттi алғы шарты – iндетта-
Достарыңызбен бөлісу: |