нулық балау. Бұл салыстырмалы жаңа түсiнiк, оны ветеринария, медицина
саласындағы орыс тiлiндегi басылымдардан “эпизоотологический диагноз”
немесе “эпидемиологический диагноз” атауларымен кездестiруге болады.
Бiрақ, бүгiнгi күнге дейiн эпизоотологияда iндеттанулық зерттеу жүргiзудiң
жалпы жобасы көрсетiлiп, инфекциялық ауруларда оны iске асырудың
нақтылы әдiстемелерi дайындалмаған.
Көпжылдық ғылыми iзденiстерiмiздiң нәтижелерiн талдау, синтездеу,
iндеттанулық ойлау, сонымен бiрге эпизоотолог ретiнде жылдар бойы
қалыптасқан практикалық тәжiрибелерiмiз негiзiнде iндет процесi мен iндет
ошағын толық сипаттай алатын жұқпалы аурудан (бруцеллез) сау емес
пункттi iндеттанулық зерттеу әдiстемелерi дайындалды (Қасымов Е.И., 2003).
Әдістемелік ұсыныс ҚР АШМ ғылыми-техникалық кеңесінде қаралып,
бекітілген. Бұдан бұрын ғылыми, практикалық басылымдарда iндеттанулық
зерттеудің жалпы схемасы көрсетіліп, оның нақтылы қолдану әдiстемесi
берілмеген. 7- тәжірибелік сабақ. Жұқпалы аурудан (бруцеллез, туберкулез) сау емес пунктті індеттанулық зерттеу әдістемелері Сабақтың мақсаты. Iндеттанулық талдау объектiлерiмен танысып,
iндеттен сау емес пункттi зерттеу әдiстемесiн меңгеру, iндеттiк жағдайды
қадағалау, аурудың шығу, таралу себептерiн анықтау, жұқпалы ауруларды
iндеттанулық тұрғыдан балауда iндеттанулық талдау, ойлау, синтездеу
ұғымдарын қалыптастыру, iндеттанулық зерттеу актiсiн толтыруды үйрену. Керектi құралдар. Шаруашылық макеттерi, шаруашылықтың iндеттiк
жағдайын сипаттайтын ветеринариялық есептер, лабораториялық сертифи-
каттар (соңғы деректер, дипломдық жұмыс дайындаған студенттердiң зертеу
материалдарынан алынады).
Жүргiзу орны және әдiстемесi. Сабақ кафедрада және түрлi мал
шаруашылықтарында, фермаларда жүргiзiледi. Студенттер iндеттанулық
талдау объектiлерiмен (нысандарымен) танысып, аурудың шығу, таралу
себептерiн анықтап, ауруға iндеттанулық түрғыдан балау қоюды үйренедi.
Мысал ретінде бруцеллез, туберкулез т.б. созылмалы аурулар алынады.