сауықтыру шаралары жүйесі Керекті құралдар. Шаруашылықтың инфекциялық аурулардан ветери-
нариялық есеп құжаттары, вакцинация жүргізуге қажетті жабдықтар,
лабораториялық экспертизалар.
Орны және жүргізілу әдістемесі. Сабақ доңыз фермасында жүргізіледі.
Студенттер індеттанулық зерттеу жүргізу арқылы шаруашылықтың тілмеден,
обадан басқа да жұқпалы аурулардан індеттік жағдайын анықтайды.
Жүргізілген күрес шаралар жүйесіне талдау жасап, бағалайды. Практикалық
жағдайда жануарларды егу әдістемелерін меңгереді. Тілме мен обаны
өздеріне тән клиникалық және патологиялық ерешеліктеріе байланысты
ажыратып балауға арналған іскерлік ойын тапсымаларын шешеді.
Студенттер сабаққа келесі сұрақтар бойынша алдын ала дайындалып
келулері қажет:
1. Оба мен тілменің Қазақстандағы доңыз өсіретін шаруашылықтары
мен фермаларында індеттік жағдайы қандай?
2. Бұл аурулардың балауында қандай тәсілдер маңызды рөл атқарады?
3. Бұл ауруларда қандай вакциналар қолданылады?
4. Обаны тілмеден қандай клиникалық белгілері, паталогиялық-
анатомиялық өзгерістер арқылы ажыратуға болады?
Оба (Pestis suum) – геморрагиялық диатезбен, өлі тиюмен, ішектің
крупозды-дифтериялық және ойық жаралы жарақаттануымен сипатталатын,
өте жұғымтал вирустық ауру.
Қоздырушысы РНК-лы тоговирус. Сыртқы ортада вирус ұзақ уақыт
сақталып (негізінен қыс кезінде) вируленттігін жоймайды, тиімді дезин-
170
фектанттар ретінде күйдіргіш натрдың және формальдегидтің 2-3%
ерітінділері қолданылады.
Індеттанулық зерттеужүргізгенде обамен үй және жабайы
доңыздардың жасына, жынысына, тегіне қарамай ауыратыны назарға
алынады.
34-сурет. Доңыз обасы.
А – терідегі қанталаулар; Ә - лимфа түйініндегі қанталаулар; Б – жұтқыншақтағы қанталаулар; В – Еуропа обасында талақтағы инфаркттар; Г – бүйректің нүктелі қанталаулары; Ғ – тоқ ішектің кілегей қабығындағы «бутондар». Ауру қоздырушысының бастауы ретінде вирусты тасымалдаушылар,
ауырып жазылған доңыздар басты рөл атқаратыны ескеріледі. Талдықорған
обылысының шаруашылықтарында 1980 жылдары бұл аурудың шығуына
европалық мемлекеттерден әкелінген ет-сүйек ұнтақтары (витаминді-
минералды азықтар) себеп болған.
Обаға індеттанулық тұрғыдан талдау жүргізгенде шаруашылықтың
немесе індет анықталған ауылдық округтің басқа аймақтармен шаруашылық-
экономикалық байланыстары, ол өңірлерден мал өнімдерінің қалдықтары
171
әкелінгендігі, әкелінсе ондай азықтардың залалсызданғандығы анықталады.
Шаруашылыққа жануарлардың өзге өңірлерден әкеліп, әкелмегендігіне назар
аударылады. Обаның ошағын табиғатта жабайы доңыздардың сақтайтыны
назарға алынады.