172
35-сурет. Тілме.
А – жіті өршу кезіндегі терідегі эритематозды дақтар, Ә – аурудың
бастапқы кезіндегі тікбұрыш, ромб тәрізді эритематозды дақтар;
Б – аурудың даму кезіндегі тікбұрыш, ромб тәрізді эритематозды дақтар;
В, Г – жүрек клапанындағы фибринозды үйінділер (сүйелденген эндокардит);
Ғ – қарын түбі кілегейлі қабығының домбығып, нүктеленіп қанталануы;
Д – аурудың созылмалы түріндегі терінің некроздануы.
А у р у қ о з д ы р у ш ы с ы
(Erysipelothrix insidiosae) спора капсула
түзбейтін полиморфты Грамм оң боялатын бактерия.
І н д е т т а н у л ы қ з е р т т е у жүргізгенде бұл ауруға доңыздан
басқа ақ тышқандардың, көгершіннің, басқада үй және жабайы құстың бейім
екені ескеріледі. Ауру қоздырушысының
бастауы ауру жануар, сонымен
қатар ауырып-жазылған теңіз тышқаны, кеміргіштер, құс сонымен қатар
олардан бөлініп шыққан экскременттер болатыны,
індеттің шығуына орга-
низм резистентлігінің төмендеуі себеп болатындығына назар аударылады.
К л и н и к а л ы қ б е л г і л е р бұл ауруда айқын байқалады.
Инфекциялық процесс жіті өршіп ауру аяқ астынан басталып, жануардың
дене температурасы 41˚С дейін жылдам көтеріліп, доңыздың құты қашып,
азыққа тәбеті төмендеп, шөлдеу байқалады. Теріде
бұл ауруға тән төртбұ-
рышты ромбик тәріздес қызыл, эритемазды дақтар пайда болады (31-сурет).
Терідегі қызыл дақтар оба ауруында да кездеседі. Алайда доңыз обасында
қызыл дақтар қанталаулардан туындалса, тілмеде анықталатын қызару
гиперемия нәтижесінде туындалады. Обада пайда болған қызыл дақтарды
саусақпен басып қарағанда жоғалмайды. Керісінше екінші ауруда терідегі
173
қызыл дақтар саусақпен басып көргенде жоғалады.
Аурудың созылмалы
түрінде терінің некроздануы кездеседі (36-сурет).
П а т о л о г и я л ы қ ө з г е р і с т е р тілмеде айқын емес, әйтседе
теріде қызыл дақтар қалады, асқазан мен аш ішекте және лимфа түйіндерінде
гиперемия, жүрек клапанында фибринозды үйінділер (сүйелденген эндокар-
дит), қарын түбі кілегейлі қабығының домбығып, нүктеленіп қанталануы (35-
сурет) анықталады.
Тілменің нақтылы балауы бактериологиялық зерттеумен расталынады.
Е м і.
Ауырған доңызды телімді гипериммунды қан сарысуымен, анти-
биотиктермен, симптоматикалық дәрі-дәрмектермен емдейді.
Дауалау мақсатында түрлі вакциналық штамдардан (ВР-2, Конев, т.б.)
дайындалған, сонымен қатар ГОА формулвакцинасын жылына 2 рет
қолданады.
Індет ошағында шектеу қойылып, ауруға шалдыққан жануарлар оқшау-
ланып емделеді, саулары арнайы вакциналармен егіледі, ветсанитариялық
шаралар орындалады.
23- тәжірибелік сабақ.
Дизентерия мен вирустық трансмиссивті
Достарыңызбен бөлісу: