Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


гастроэнтеритті балау, дауалау, індет ошағынан арылу шаралары



Pdf көрінісі
бет94/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   121
Байланысты:
7-8 ткырып дезинфекция

гастроэнтеритті балау, дауалау, індет ошағынан арылу шаралары 
 
Керекті құралдар. Диопозитивтер, микроскопиялауға қажетті жабдық-
тар, дизентерияда қолданылатын дәрі-дәрмектер жиынтығы. 
Орны және жүргізу әдістемесі. Сабақ кафедра дәрісханасында жүргі-
зіледі. Студенттер балау әдістеріне талдау жасап, індеттанулық, клини-
калық, патологиялық-анатомиялық ерекшеліктері бойынша доңыз ауруларын 
(дизентерия, вирустық гастроэнтерит, оба, анэробты гастроэнтерит, колибак-
териоз) ажыратып, балау схемасын жасайды.
Дизентерия (Dysenteria bacterialis suum) – геморрагиялық іш өтумен 
және тоқ ішектің некрозды жарақаттануымен сипатталатын жұғымтал инфек-
циялық ауру. 
А у р у қ о з д ы р у ш ы с ы – Borreliae hyodylenteriae – анаэробты 
спирохета, Грамм теріс боялады, сыртқы ортаға төзімді, әсіресе анаэробты 
жағдайда сұйық қида ұзақ уақыт сақталады.
І н д е т т а н у л ы қ з е р т т е у жүргізгенде инфекцияның бастауы 
ауру және латентті түрде ауыратын доңыз болатыны, инфекцияның негізінен 
алиментарлы жолмен жұғатыны ескеріліп, ветеринариялық-санитариялық 
шаралардың орындалуына назар аударылады. Бұл аурудың індет түрінде 
байқалуы антисанитариялық жағдайда ұсталатын, серуендеу алаңдары жоқ, 
санитариялық режимдер (барлығы бос-барлығы бос емес қағидалары) 
сақталмайтын фермаларда байқалады. Дизентериядан тұрақты сау емес 
фермаларда аурудың лап беріп байқалуына стресс-факторлар: жануарларды 
тасымалдау немесе ауыстыру, тығыз орналастыру, мал азықтарының бірден 
өзгерілуі, т.б. факторлар әсер етеді.


174 
К л и н и к а л ы қ б е л г і л е р дизентерияда айқын байқалады. 
Жануарлардың іші өтіп, нәжісте қанның іздері байқалады. Ауырған жануар 
тез арада арықтап, іштері солып, кейбіреулері өлімге шалдығады. Аман 
қалғандары көп уақытқа дейін арықтап, оңалмайды.
Негізгі п а т о л о г и я-а н а т о м и я л ы қ өзгерістер тоқ ішекте 
дифтериялық қабыршықтар түрінде байқалады. Аш ішекте өзгерістер 
көбінесе болмайды. Ішектен алынған қырындыларды микроскопиялағанда 
спирохеттерді көптеп көруге болады.
Дизентерияны доңыздың асқорыту жүйесінің бұзылуымен сипатталатын 
басқа да аурулардан ажырату қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет