47
басталады. Профазаның бастапқы бөлімінде жіңішке жіпше
тəрізді
хромосомалар
пайда
болып,
олар
бірте-бірте
тығыздалып, жуандап барып қысқарады. Бұл процесте
хромосомалар спиральданып ширатыла бастайды. Профазаның
орта бөлімінде əрбір хромосома шиыршықталған екі жіпшеден
— хроматидтен тұрады. Хромосомалдардың тығыздалуына
байланысты ядрошық жойылады. Сонымен қатар ядро қабаты
жəне ядро порлары бұзылып, ұсақ фрагменттерге бөлінеді.
Цитоплазмадағы түйіршікті эндоплазмалық тордың ыдырауына
орай белок синтезі төмендейді. Профаза кезінде центрольдар
полюстерге қарай тартылады. Екі полюстердегі центрольдердің
аралығында жіңішке ұршық жіпшелері түзіледі. Кейбір жоғары
сатыдағы өсімдіктер жəне қарапайымдыларда ұршық жіпшелері
центрольдерсіз пайда болады. Профазаның аяқ жағында
кариоплазма мен цитоплазма араласып кетеді.
Метафаза митоздың 1/3 бөлімін алады. Хромосомалар
ұршық жіпшелерінің экваторына.
Экваторға жеткеннен кейін хромосомалар бір жазықтыққа
орналасып, оның əрқайсысына ұршық жіпшелері жабысады.
Хромосомалардың экватор бөліміне орналасуын метафаза
пластинкасы деп атайды. Өсімдік клеткаларында метафаза
кезінде хромосомалар экваторда ретсіз орналасады.
Анафаза митоздың ең қысқа кезеңі болғандықтан, клеткада
көп өзгерістер жүреді. Анафазада əрбір хромосоманың
хроматидтері клетканың полюстеріне ажырай бастайды.
Хромосомалардың полюске жылжуы біркелкі, жылдамдығы 0,2
— 5 мкм/мин. Сонымен анафазаның ерекшелігі ұқсас
хромосомалардың клетканың əр полюсіне ажырауы болып
саналады. Хромосомалардың полюске жылжуына центромер
бөлімі мен кинетохор ықпал етеді. Хромосомалар жылжыған
кезде V — тəрізді иілген ұршық жіпшелер керіп тұрған
центромерлермен бірге алға жылжиды.
Достарыңызбен бөлісу: