Лекцияларының жиынтығЫ 2 Сапаров Қуандық Əбенұлы (оқу құралы) Алматы 2004 бет



Pdf көрінісі
бет12/36
Дата10.02.2023
өлшемі1,13 Mb.
#66804
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
Байланысты:
Гисто-Цито.книга

 
ЯДРОНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН АТҚАРАТЫН 
ҚЫЗМЕТІ 
 
Клеткада жүретін күрделі процестер белоктардың
жəне баска да макромолекулалардың (нуклеин қышқылдары, 
майлар, полисахаридтер) кешендері мен қосылыстары арқылы 


37
жүзеге асырылады. Клеткадағы барлық синтездеу процестері, 
онымен қоса, белоктардың, нуклеин қышқылдарының, 
көмірсулардың, 
майлардың 
қайта 
кұрылуы 
ондағы
белоктардың — ферменттердің активті қызметтері арқылы 
жүреді. Тірі клеткалар өздеріне қажетті белоктарды синтездеп
отырады. ДНҚ-ның əрбір бөлігінде келешекте синтезделетін 
белоктар құрылымы туралы хабар жазылады. Осы арқылы 
белок синтезделетін бөлікке — рибосомға хабар беріледі. Осы 
хабарды хабарлаушы РНҚ, (Х-РНҚ) дəлме-дəл көшіріп 
рибосомға жібереді. Хабарды ДНҚ-дан белокқа Х-РНҚ ғана 
береді (ДНҚ РНҚ белок).ДНҚ молекуласы өзара
ширатылған 2-полипептид тізбегінен тұрады. Олардың 
мономерлері — дезоксирибо-нуклеотидтің 4 түрі: аденин, тимин 
(А — Т), гуанин, ци-тозин (Г-Ц). Нуклеотидтердің орналасуы 
əрбір ДНҚ молекуласында ерекше болады. ДНҚ
молекуласының əрбір бөлігі өз алдына бір ғана белок 
синтездеуге міндетті. Бұл бөлімді —«цистрон» деп атайды, яғни 
ол «ген» деген ұғымға сəйкес келеді. Сонымен осы ДНҚ 
молекуласының бір белок синтездейтін хабары бар ДНҚ бөлігін 
ген деп атайды. ДНҚ молекуласы бірнеше жүздеген гендердің 
жиынтығы болып саналады. 
Клеткаға кажетті белок синтезделуі үшін хабар ДНК 
молекуласынан алынады. ДНҚ молекуласында алғашкы хабар 
сақталады жəне оның көшірмесі клеткадан клеткаға, ұрпақтан-
ұрпаққа беріліп отырады. Эукариотты организмдерде ДНҚ 
молекуласы 
клетканың 
ядросында, 
прокариоттарда, 
нуклеоидтерінде орналасады, ал белок биосинтезі цитоплазмада 
болатын рибосомаларда өтеді.
Жоғарыда айтылғандай клеткада белок биосинтезі жүру 
үшін рибосомаға ДНҚ-ға жазылып, сақталып тұрған белоктың 
қүрылымы жөніндегі хабар хабарлаушы РНҚ-ға көшіріліп 
жазылады. Осы процесті транскрипция деп атайды. Бұл процесс 
комплементарлы принцип бойынша жүреді. Бір тізбектегі 
нуклеотидтен екінші тізбектегі нуклеотидтердің сипатын 
көрсетеді. Егер бір тізбекте А (аденин) болса, екінші тізбектің 
нак, сол деңгейінде Т (тимин), ал Г (гуанин) қарсы Ц (цитозин) 
орналасады. Баскаша болмайды. Комплементарлы Принцип 
хабардың РНҚ синтезі кезінде де қызмет жасайды, бірақ РНҚ-да 


38
Т (тимин) нуклеотидтерінің орнына урацил (У) нуклеотиді 
қатысады. 
Егер де ДНҚ-ның тізбегі екіге бөлінсе, ол сыртқы ортадан 
келген нуклеотидтерді комплементарлы принцип бойынша 
жинап жаңадан екінші тізбек түзеді. Сонымен клеткада жаңа 
ДНҚ синтезі бұрынғы болған ДНҚ тізбегінен синтезделеді, 
бірінші тізбегі алғашқы ДНҚ нуклеотидтерінен тұрса, екінші 
тізбек жаңадан комплементарлы принцип бойынша құрылады. 
ДНҚ синтезі ДНҚ-полимераза ферменті арқылы жүреді. 
Клетка ядросының негізгі қызметі ДНҚ молекуласында 
жүретін репликация (ДНҚ молекуласының екі еселенуі) жəне 
транскрипция процестерімен анықталады. Сонымен ядро 
аппаратының қызметі ДНҚ молекуласының осы екі маңызды 
қасиетіне; біріншіден, тұқым қуалау хабарынын, екі еселену 
жəне оның клеткадан клеткаға берілу екіншіден, ДНҚ 
молекуласында ДНҚ арқылы жүретін транскрипция процесіне 
бағынышты. Клетканың тіршілік циклі екі кезеңге бөлінеді: 1) 
бөліну кезеңі, онын нəтижесінде екі жас клетка пайда болады; 2) 
екі бөлінудің аралығындағы кезең, бұл интерфаза деп аталады. 
Осы екі кезенде ядро кұрылымында өте күрделі өзгерістер 
жүреді. 
Интерфаза кезінде клетканың ядросы: ядро қабықшасынан, 
ядро шырынынан (кариоплазма), ядрошықтан, хроматиннен 
тұрады. Ядро кабықшасы ядроны цитоплазмадан бөледі. 
Электронды 
микроскоппен 
ядро 
кабықшасының 
екі 
мембранадан (ішкі жəне сыртқы) кұралғаны əрі осы екі 
мембрананың арасында коймалжың затқа толы жұқа кеңістіктің 
бары байқалады. Бұл кеңістікті мембрана аралық кеңістік 
немесе перинуклеар кеңістігі деп атайды (16-сурет).


39
Ядро қабықшасының ішкі жəне сыртқы мембраналары үш 
қабаттан 
тұрады, 
осы 
белгілері 
клетканың 
сыртқы 
(плазматикалық) 
мембранасына 
немесе 
органоидтардың 
мембранасына үқсас. 
Ядро қабықшасында көптеген порлар болады, олар арқылы 
ядродан цитоплазмаға жəне, керісінше, белоктар, көмірсулар
майлар, нуклеин қышқылдары, су жəне əр түрлі иондар өтеді, 
яғни ядро мен цитоплазманың арасында үздіксіз зат алмасу 
процестері жүріп жатады. Ядро қабықшасы — барлық 
организмдер, бактериялар мен көк-жасыл балдырлардан басқа, 
клеткаларының ядроларында міндетті түрде болатын құрылым. 
Ядро шырыны — ядро қабықшасының ішіндегі жəне
ядроның барлық қуысын толтырып тұратын қоймалжың зат. 
Оның құрамында белоктар, нуклеин қышқылдары мен 
көмірсулар болады. 
Ядрошық — домалақ келген тығыз денешік, оның мөлшері 
1—2 мкм-ден 10 мкм-ге дейін жəне одан да көбірек шамаға 
өзгеруі мүмкін. Ядрошықтың құрамына РНҚ жəне белок енеді, 
РНҚ-синтезі жүреді. Клетка бөлінген кезде ол жойылып кетеді. 
Ядрошықта 70% цитоплазмалық РНҚ жəне 30% ядролық РНҚ 
синтезделеді. 
Өсімдіктер мен жануарлар клеткаларын тірі қалпында 
зерттегенде немесе бекітіп, бояп барып тексергенде олардың 
ядросының құрамында ұсақ түйіршікті, тығыз орналасқан 
заттарды — хроматинді байқауға болады. Бұл заттар өздеріне 
негізгі бояуларды жақсы сіңіреді, осыған қарап хроматиннің 
қышқылдық қасиеттерінің бары немесе ДНҚ мен белоктардың 
қосындысынан тұратыны анықталды. Хроматин ядро қабатына 
тақау немесе кариоплазмада біркелкі орналасады. Интерфаза 
кезінде 
хромосомалар 
тығыз 
денешіктер 
қалпына 
босаңқырайды. Егер хромосомалардың барлық бөлімдері бірдей 
босаңқы келсе, онда бұл аймақты шашыраңқы (диффузды) 
хроматин деп атайды, ал хромосомалардың барлық бөлімдері 
тығыз келсе, онда бұл аймақты тығыз— гетерохроматин деп 
атайды. Хроматиндердің осылай орналасуы синтетикалык, 
процестерге 
байланысты. 
Шашыраңқы 
(диффузды) 
хроматиндерде синтетикалық процестердің күшті жүретіні 
байқалған. РНҚ синтезі азайғанда хроматиндер тығыздалып 


40
гетерохроматинге айналады. Митоз процесінде хроматиндер 
тығыздалып, хромосомаға айналғанда ешқандай синтетикалық 
процесс жүрмейді. 
Сонымен хромосомдардың құрылымына қарай екі күйін 
байқауға болады: біріншісі — шашыраңқы (диффузды) күй, бұл 
ядродағы транскрипция жəне редупликация процесін көрсетеді, 
екіншісі — хроматиндердің тығыздалған күйі, мұнда, 
хромосомдар тек кана генетикалық материалдарды бөлу жəне 
оларды ұрпақтан-ұрпаққа беру қызметін атқарады. 
Хроматиннің химиялық құрамына негізінде ДНҚ, арнаулы 
хроматин белогі — гистон жəне РНҚ кіреді (олардың көлемі 
1:1,3:0,2). Сонымен хроматин өзінің химиялық құрамы жағынан 
ДНҚ 
мен 
белоктың 
күрделі 
қосылысы 
ДНП 
(дезоксинуклеопротеид) болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет