51
организмнің секрет бездерін алып жатады.
Эпителий-шекаралық ұлпа, өйткені ол ішкі ортамен сыртқы
ортаның аралығында жатады. Эпителий арқылы организм мен
сыртқы ортаның арасында зат алмасу жүреді.
Ішек эпителийі арқылы қоректік заттар, белок, майлар,
углеводтар қан мен лимфаға беріледі,
олар арқылы организмге
таралады, қоректік заттар энергия көзі болып табылады. Көп
уақытта организмнен сыртқы ортаға əртүрлі продуктылар
(заттар) сыртқа шығарылып отырады. Мысалы: көміртегі-
өкпеден сыртқа шығады, несеп, несепқышқылы бүйрек арқылы
сыртқа шығады. Эпителий шекарада тұрғандықтан қорғаныш
қызметін атқарады. Ол
организмді химиялық, механикалық
жəне басқа да əрекеттерден сақтап тұрады, микроб, улы
заттарды өткізбейді.
Секрет шығаратын бездердің эпителий ұлпасы маңызды
қызмет
атқарады, өйткені олар секрет шығарып отырады, ол
секрет бүкіл организмдегі зат алмасу процесінің дұрыс жүруін
қамтамасыз етеді. Мысалға, асқазан бөлетін сөл оны химиялық
жəне механикалық өзгерістерден сақтайды,
ішек эпителиі
шығаратын фермент ас қорту процесінде үлкен роль атқарады.
Қалқан безі(щитовидная железа) шағаратын гормон жалпы
организмдегі алмасу процесін реттейді.
Шығу тегі жəне атқаратын қызметіне байланысты
эпителийдің құрылысы əртүрлі болады, бірақ та эпителий
ұлпасының басқа ұлпадан ерекшелігі болады. Бұл ерекшелігі
оның шекаралық жағдайына жəне
атқаратын қызметіне
байланысты. Эпителий ұлпасы клетка пластысын құрайды.
Эпителий базальды мембранада жатады, оның астында
борпылдақ дəнекер ұлпасы жатады. Оларда қан тамырлары
болмайды, ал қоректік затты базальды мембрана арқылы алады.
Достарыңызбен бөлісу: