Телофаза. Телофазаның бастапқы кезеңінде хромосомалар
полюстерге толық жетіп, олардың жылжуы тоқталады.
Хромосомалар бастапқы дұрыс пішінін жоғалтып, ширатылып
барып ұзын жіпшелерге айналады. Сонымен хромосомалар
интерфаза хромосомаларының қалпына келе бастайды.
Телофазада ядрошық жəне ядро қабықшасы пайда болады. Бұл
48
кезеңде клеткада ядрошық аймағында РНҚ жəне белоктардың
мөлшерлері
көбейеді.
Телофазада
митоз
аппаратының
жойылуымен, ядрошықтың қайта құрылуымен қатар клетка
денесінің бөлінуі жүреді. Бұл процесті цитотомия немесе
цитокинез деп атайды. Осы процестің салдарынан цитоплазма
бөлінеді де, соның нəтижесінде, екі жас клетка пайда болады.
Бұл
клеткаларда
бастапқы
аналық
клеткалардың
хромосомаларына ұқсас хромосомалар пайда болады, демек екі
жас клеткалардың ядроларында хромосомалар дəлме-дəл
бөлініп беріледі.
Амитоз—дұрыс бөліну, бұл процесс үршық жіпше-
лерінсіз жүреді. Хромосома шиыршықтанбайды клетка-
ның ядросы ұзарып ортасынан бөлінеді де бір клеткадан
екі ядро немесе екі ядросы бар клеткадан ядросы бар 2
клетка пайда болады.
Амитоздың 3 түрі болады; генеративті, дегенеративті жəне
реактивті. Генеративті амитоз көбіне қарапайым организмдерде
болады. Ол эндомитоз түрінде жүреді де хромосома
шиыршықтанбайды. Хромосомалар бір-бірінен ажырасып
амитозды түрінде ядро бөлінеді, ДНҚ жас клеткаларға бірдей
беріледі. Мұндай жолмен бөлінетін қарапайым организмдерде
ядро бөліну алдында үлкейіп 40-қа дейін субнуклеус пайда
болады, олардың əрқайсысында толық ДНҚ кездеседі. Одан əрі
аналық клетка фрагменттеліп, көптеген жас клеткаларға
бөлінеді.
Олардың
əрқайсысында 1 субьединицадан
(субнуклеус) болады. Дегенеративті амитоз митоз жолымен
бөлінбейтін организмдерде жүреді. Полиплоидия процесінде
негізделген синтетикалық процесс күшейеді. Дегенеративті
амитоз көп ядролы клетканың пайда болуымен аяқталады.
Алайда көп ұзамай-ақ мұндай клеткалар өліп қалады, өйткені
бұл генеративті амитозға қарсы процесс. Регенеративті амитоз
ұлпа жараланғанда клетканы активтілендіруге байланысты
жүреді. Бұл процесте клетканың ядросы тез бөлініп жəне тез
жойылып отырады. Ал ұлпаның қайтадан қалпына келуіне
митоз процесі үлкен көмек көрсетеді.
Жануарлар ені өсімдіктердің əр түрінде хромосома саны
тұрақты болады. Бұл тұрақтылық митозға байланысты, себебі
митоздың алдында ДНҚ синтезделеді жəне əр хромосома екі
49
еселенеді. Сома клеткаларының (дене клеткалары) барлығында
хромосома саны — диплоидты, ал пісіп жетілген жыныс
клеткаларында тек жарым-жарты, яғни гаплоидты болады.
Хромосомалар санынын екі есе кемуі, тек қана пісіп жетілген
жыныс клеткаларында өтеді. Пісіп жетілу аймағындағы
бөлінудің екеуі де мейоздың екіге бөлінуі есебінен толады.
Мейоздың бөлінуі митоздарындай профаза, метафаза,
анафаза, телофазаларды қамтиды. Пісі жетілу аймағында
болатын жыныс клеткаларындағы мейоздың бірінші бөлінуі
алдында ДНҚ синтезделеді, демек, хромосомалар екі еселенеді,
əрбір хромосом екі хроматидтен құралады.
Мейоз. Мейоз екі сатыдан тұрады. Профаза өте жəй жүреді
жəне ұзақ уақыт алады. Бірінші мейоз профазасын бес сатыға
бөлеміз: лептотена (жіңішке жіпшелер сатысы), зиготена
(жіпшелердің бірігу сатысы), пахитена (жуан жіпшелер сатысы),
диплотена (екі жіпшелер са-тысы), диакинез (екі жіпшелердің
ажырасу сатысы). Одан кейін бірінші бөлінудің метафазасы
жəне бөлінудің басқа фазалары, екінші циклде жетілген жыныс
клеткалары
пайда
болды.
Лептотена
сатысында
хромосомалардың саны диплоидты болады. Зигонема жəне
похинема
сатыларында
хромосомалар
үлкейеді,
хромосомалардың саны азаяды. Гомологгы хромосомалар бір-
біріне жақындап жұптанады да кезекке коньюгация жəне
кроссинговер процестері келеді. Диплотена сатысында
хромосомалардың екі хроматидтерден тұратыны жақсы
байқалады. Əр бивалент төрт хроматидтен тұрады да хиазма
процесі жүреді. Диакинез сатысында ядрошық биваленттен
бөлінеді. Хромосомалар қысқарып хиазма центромерден
басталып хромосоманың шетіне дейін барады.
I Прометафаза — хромосомалар шиыршықтанып ядро
қабығы жойылады, ал метафазада хромосомалар экваторға
жиналады.
I Анафаза — жас хроматидтердің, əр гомологты
хромосомалардың центромерлері аркылы полюске ажырайды.
Анафазада гомологты хромосомалар бөліктерін ауыстырады.
I Телофаза — хромосомалар полюске жетеді. Мейоздың
бірінші бөлімінде жас клетка пайда болады.
Мейоздың екінші бөлімі.
50
II Профаза — ұршық жіпшелері пайда болады. П Метафаза
— хромосомалардың саны сома клеткаларына қарағанда екі
есе азаяды. Хромосомалар экваторларға жиналады.
II Анафаза — екі жас хромтидтер қарама-қарсы ажырайды,
сонда аталық хромосомдар төрт ядроға бөлінеді.
II Телофаза— хромосомдар толық ажырап əр ядроға тең
беріледі. Сонда əр ядрода гаплоидты хромосом болады.
Мейоздың маңызы төрт ядро құру, əрқайсысында бір аталық,
бір аналық хромосом болады. Мейозда кроссинговер процесі
арқылы ген алмасады жəне рекомбинация жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |