35
Олар бір түрден екінші түрге ауысып отырады.
Хлоропластар өзінің бойындағы хлорофилл пигменттері арқылы
Күн сəулесінің жарық энергиясы арқылы бейорганикалық
заттардан органикалық заттар синтездейді.
Бұл процесті
фотосинтез деп атайды. Фотосинтез реакциясын былайша
көрсетуге болады:
СО2+6Н2О=С6Н12О6+6О2
Хлоропластардың
құрылысы
митохондриялардың
құрылысына ұқсас болғанымен де
көптеген ерекшеліктері де
бар. Хлоропластардың пішіні көбіне сопақша болып келеді,
оның ұзындығы 5—10 мкм, ені 2—4 мкм. Хлоропластардың
саны əр өсімдікте əр түрлі, жоғары сатыдағы өсімдіктерде 10—
30 шамасында. Хлоропластарды ішкі жəне сыртқы мембраналар
қоршап жатады, олардың, қалыңдьғы 7 нм. Хлоропластардың
ішіне орналасқан стромалардың ламеллаларын құрайтын жəне
тилакоидтардың құрамына кіретін
мембраналарды байқауға
болады
36
(15-сурет).
Строманың
ламеллаларын
құрайтын
мембраналар жалпақ қапшықтар тəрізді: олар хлоропластардың
ішкі мембранасымен тығыз байланысып,
бір-біріне параллель
орналасады.
Жалпак, жабық мембраналы қапшықтар — тилакоидтер
бірінің үстіне бірі орналасып, граналар түзеді. Бір гранада 50-ге
дейін тилакоидтер бар. Хлоропластың барлық граналары өзара
мембраналар аркылы байланысқан.
Хлорофилл осы граналарда
шоғырланғандықтан, мұнда фотосинтез процесі жүреді.
Хлоропластардың матриксында нуклеин қышқылдары
(ДНҚ, РНҚ) жəне рибосомалар орналасады. Хлоропластардың
рибосомалары белок синтезін жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: