229
Математикалық білімді жетілдіру мен кеңейтуде ықтималдықтар теориясы
мен статистикалық сипаттамаларды оқытудың рӛлі айрықша. жалпы білім
беретін мектепте математика сабағының тиімділігін арттыруда ықтималдықтар
теориясы мен математикалық статистика элементтерін оқыту мәселесінің
маңыздылығымен анықталады.
Мектеп курсындағы ықтималдықтар
теориясы мен математикалық
статистика элементтерін оқытуға баса назар аударылса, онда оқушылардың
логикалық ойлау қабілеті жоғарылап, шығармашылық белсенділігі артады.
Мектеп математика курсында ықтималдықтар теориясы мен математикалық
статистика элементтерін оқытудың мүмкіншіліктерін тереңінен қарастыру
болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін алдымызға мынадай міндеттер қойып
отырмыз.
1.Мектептің математика курсында ықтималдық – статистикалық
сипаттамалар мазмұнының маңызымен таныстыру;
2.Мектеп
математика
курсында
ықтималдықтар
теориясы
мен
математикалық статистикаға нақты ӛмірден мысалдар келтіріп, оларды талдау
жолдарын кӛрсету;
3.Оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелері;
4.Оқушылар ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде
оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың қарыптап ӛсу дәуірінде
ықтималдықтар теориясының әдістері практиканың сан алуан салаларында
кеңінен қолданылып, физика, химия, биология құбылыстарының,
техника мен
экономика процестерінің заңдылықтарын жан-жақты және терең түсінуге
орасан зор ықпалын тигізуде [2].
Адам ойы мен қиялы ӛте шексіз. Жылдарға, ғасырларға кейіндеп те,
ілгерілеп те алға оза алады. Саналы адам кӛрсем, білсем, үйренсем деп тұрады.
Кӛрген, білгенінен ой түйіндейді, қорытынды шығарады. Математика,
физикада қарастырылатын есептер кӛбінесе бір мәнді анықталады. Мысалы:
қолымызбен тасты лақтырсақ, онда тастың орнын кез-келген уақыт кезеңінде
анықтай аламыз. Бірақ ғылымның әр саласында, техникада, шаруашылық
саласында қолданылатын кӛптеген есептер бір мәнді анықталмайды. Мысалы:
тиынды
лақтырып, оның қай жағымен түсетінін нақты айтуға болмайды.
Мұндай жағдайда осы сияқты есептерді шешуде белгілі бір нақты шешім
айтуға болмайтын тәрізді кӛрінеді. Алайда бұл тәжірибеде керісінше. Ойын
практикасы кӛрсеткендей тиынды неғұрлым кӛбірек лақтырсақ, солғұрлым
әрекеттің жартысында елтаңба жағы түссе, енді жартысында цифр жағы
түсетіні байқалды. Бұл кездей соқ оқиға.
Белгілі бір заңдылыққа байланысты. Міне осындай заңдылықтарды
ықтималдық теориясы қарастырады. Ең қарапайым мысал ретінде тиын
лақтыруды алдық. Бірақ ықтималдықтар теориясында бұдан да күрделірек
есептер қарастырылады. Шаруашылықтағы маңызды мәселенің бірі аудан мен
облысты байланыстыратын телефон жүйесін орнату. Бұл да таза ықтималдық
есеп. Мысалы: мұнда орталықтан ауданға телефон жүйесін тарту үшін қанша
230
сым қажеттігі белгілі болу керек. Ӛмірде мұндай мәселелер кӛптеп кездеседі.
Осындай мәселелер ӛндіріс
саласын жоспарлауда, зерттеулер жүргізуде
қолданылады. Мысалы:сынып арасында ӛткізілетін жарыстардың нәтижесі
дәлірек болу үшін нәтижелер ондық үлеспен, жүздік үлеспен есептелінеді.
Сонда әр сыныптың нәтижесі дәлірек болу үшін қанша таңбаға дейін алу
керек деген сұрақ туындайды. Неғұрлым сынақ кӛп жасалынса, солғұрым
нәтиже дәл болатыны белгілі. Ал ол үлкен шығынға әкеледі. Міне, осы арада
ықтималдықтар теориясы кӛмекке келеді. Адамның күнделікті ӛмірі, дүниені
танып-білу барысы кездейсоқ оқиғаға толы. Бұл кездейсоқтықтар ӛмірдің даму
заңдылығына кедергі келтірмейді, керісінше, кездейсоқтық пен заңдылық
біріне-бірі әсер етіп,ӛмірдің дамуына себепші болады. Кездейсоқтық? Оны
оқып үйрену не үшін қажет?-деп сұрайтын боларсыздар?
Шын мәнінде,
адамдар, ерте кездің ӛзінде-ақ оқиға ӛмірдегі бір ерекшелік емес, қағида
екендігін байқаған. Міне сондықтан да кездейсоқ құбылыстар туралы ғылым
пайда болды [3].
Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесі туралы болжамды қалыптастыру;
ықтималдықты-статистикалық объектілерді зерттеуден алынған нәтижелер
негізінде ақпаратты ӛңдеудің жаңа технологиялары мен ақпараттық
технологияларды жасау туралы білімді қалыптастыру; кездейсоқ ақпаратпен
жұмыс істеудің жалпы ғылыми және жалпы мәдениеттілік
дағдыларын дамыту
Қорыта келгенде ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана
емес, білімді ӛздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып
табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы ӛте
кӛп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген адам ӛз ойын жүйелі
түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған,
интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау
әдістерін меңгерген оқушы болуы тиіс.
Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші
– болашақ мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа
қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің
қатарына ену ұстаздар, студенттер, оқушылар
қауымына зор міндеттер
жүктелген.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы, 2011 жыл
2.
Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы
3.
«Математика және физика» журналы №4, 2007 жыл
Достарыңызбен бөлісу: