Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі


Эдгар Шейн бойынша ұйымдық мәдениет моделі



Pdf көрінісі
бет32/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
Байланысты:
Модуль1-Оқу құралы (1)

Эдгар Шейн бойынша ұйымдық мәдениет моделі 
1980 жылы америкалық менеджмент профессоры Эдгар Шейн ұйым мәдениетін жақсы 
түсінуге мүмкіндік беретін ұйымдық мәдениет моделін әзірледі. Ол мәдениеттің келесі ресми 
анықтамасын ұсынған: 
Топ мәдениеті сыртқы ортадағы өзгерістерге бейімделу және ішкі ықпалдастық 
мәселелерін шешу барысында топтың алған ұжымдық негізгі идеяларының үлгісі (схемасы, 
моделі, шеңбері) ретінде айқындалуы мүмкін, оның тиімділігі оны құнды деп танып, топтың жаңа 
мүшелеріне аталған проблемаларды қабылдау мен қарастырудың дұрыс жүйесі ұсыну үшін 
жеткілікті болып табылады.
Топ дегеніміз – кез келген көлемдегі, оның ішінде ұйымдар мен олардың бөлімшелерін 
қамтитын әлеуметтік бірлік. 


Э. Шейн ұйымдастыру мәдениетінің үш деңгейін анықтаған: 
Артефактілер 
Ең үстірт деңгей бейтаныс мәдениеті бар жаңа топқа ену барысында көруге, естуге және 
сезуге болатын барлық құбылыстарды қамтитын артефактілер деңгейі болып табылады. 
Артефактілер топтың көзге көрінетін өнімдерін қамтиды, мысалы, оның материалдық ортасының 
архитектурасы, оның тілі, технологиясы және қызмет өнімдері, оның киім кию, қарым-қатынас 
жасау, эмоционалдық ахуалы арқылы көрініс табатын көркемдік қырлары мен стилі, ұйымға 
қатысты аңыздар мен әңгімелер, қолданыстағы құндылықтары, рәсімдері мен дәстүрлері және 
т.б. Мәдениетті талдау мақсатында бұл деңгейге топтың көзге көрінетін іс-әрекеті және соған 
сәйкес ұйымдастыру процестері де кіреді. 
Бұл деңгейді байқау оңай, бірақ түсіндіру қиын. Артефактілерді зерттеуге негізделген терең 
идеяларды анықтау әрекеттері ерекше қауіпті, өйткені мұндай түсінік беру зерттеушінің өз 
сезімдері мен әсерлерінің проекциясы болып шығады. Егер бақылаушы топ құрамында біршама 
ұзақ уақыт болса, артефактілердің мән-маңызы уақыт өткен сайын айқындала түседі. Егер ол 
қысқа мерзімде осындай түсіністікке қол жеткізгісі келсе, топ мүшелері басшылыққа алатын
күнделікті қолданатын принциптердің негізінде жатқан жарияланған құндылықтарды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет