Э. Шейн ұйымдастыру мәдениетінің үш деңгейін анықтаған:
Артефактілер
Ең үстірт деңгей бейтаныс мәдениеті бар
жаңа топқа ену барысында көруге, естуге және
сезуге болатын барлық құбылыстарды қамтитын артефактілер деңгейі болып табылады.
Артефактілер топтың көзге көрінетін өнімдерін қамтиды, мысалы, оның материалдық ортасының
архитектурасы, оның тілі, технологиясы және қызмет өнімдері, оның киім кию, қарым-қатынас
жасау, эмоционалдық ахуалы арқылы көрініс табатын
көркемдік қырлары мен стилі, ұйымға
қатысты аңыздар мен әңгімелер, қолданыстағы құндылықтары, рәсімдері мен дәстүрлері және
т.б. Мәдениетті талдау мақсатында бұл деңгейге топтың
көзге көрінетін іс-әрекеті және соған
сәйкес
ұйымдастыру процестері де кіреді.
Бұл деңгейді байқау оңай, бірақ түсіндіру қиын. Артефактілерді зерттеуге негізделген терең
идеяларды анықтау әрекеттері ерекше қауіпті, өйткені мұндай түсінік
беру зерттеушінің өз
сезімдері мен әсерлерінің проекциясы болып шығады. Егер бақылаушы топ құрамында біршама
ұзақ уақыт болса, артефактілердің мән-маңызы уақыт өткен сайын айқындала түседі.
Егер ол
қысқа мерзімде осындай түсіністікке қол жеткізгісі келсе, топ мүшелері
басшылыққа алатын,
күнделікті қолданатын принциптердің негізінде жатқан
жарияланған құндылықтарды,
Достарыңызбен бөлісу: