Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары



Pdf көрінісі
бет72/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Байланысты:
Лекция Такырыбы П нге кіріспе Жоспары Физиология п ні, бас а с

Бұлшық ет сезімі. Адам үшін бұлшық ет, буын сезімі өте маңызды. Бұл сезім арқылы біз көзімізді 
жұмып, денеміздің қандай қалыпта екенін айыра аламыз. Саусағымызбен тура мұрнымыздың ұшын ұстай 
аламыз. Көзді жұмып, өзіміздің маңайымыздағы заттарды табамыз. Бұл бұлшық еттерде, буында, буын 
қалтасында, сіңірде арнаулы сезім рецепторларының болуына байланысты. Бұлшық ет сезімі де 
рефлекторлық доға арқылы жүзеге асады. Бұлшық еттегі сезім арқылы біз заттың салмағын, көлемін 
анықтаймыз, оның үйлесімді қимылына талдау жасай аламыз. Бұлшық ет, буын сезімі адам бұлшық еттерін 
көбірек қимылдатып отырса (гимнастика, түрлі еңбек қимылдары), жақсарады және жылдамдайды. 
Сипап сезу. Адам терісінде толып жатқан сезім рецепторлары бар. Сезім рецепторлары атқаратын 
қызметіне қарай төрт топқа: қозу және сипап сезу, дірілді сезу, ноцицепторлар болып бөлінеді. 
Қозуды сезетін рецепторлар суықты және ыстықты қабылдайды. Саусақ терісі мен бас сүйек заттың 1 
секундта 2—10 рет жылдамдықпен дірілдеуін жақсы сезе алады. Сипап сезу, қызуды сезу рецепторлары 
көбінесе саусақ ұшында, бетте, алақанда, табанда, тіл ұшында, ерінде кездеседі. 
Ноцицепторлар. Қоздырғыш күштің әсері ете үлкен болса, ауру пайда болғанын сеземіз. Бас ауруын, 
жүрек ауруын, бұлшық ет ауырсынуын және т.б. мүшелердегі ауырсынуды ондағы рецепторлар сезеді. 
Ауырсыну сезімінің пайда болуы — организмнің әсер етуші күшке қайтарған жауабын сезуі. Сондықтан 
ауырсыну рецепторлары, негізінен, қорғаныш қызметін атқарады. Ноцицепторлар (ауруды сезетін рецептор) 
арқылы біз ішкі немесе сыртқы мүшеде пайда болған ауруды сезіп, езімізді сақтаймыз. Ноцицепторлар — 
клетка мембранасының бүтіндігін және ұлпаға тыныс алу үшін оттектің жеткізілуін, оның қалыпты 
жағдайын бақылайтын рецепторлар. Сондықтан ноцицепторлар денеміздің барлық жерлерінде кездеседі. 
Ауырсыну сезімі пайда болғанда, кешіктірмей, дәрігерге барып емделу қажет. 
1. Тепе-теңдік мүшесінің құрылысы мен маңызы қандай? 2. Вестибула мүшесі қандай қызмет атқарады? 
3.Бұлшық ет сезімінің маңызы неде? 
7) Ноцицепторлар қандай рецепторлар және олардың маңызы неде? 
8) Тепе-теңдік сезімін қандай жағдайда сезетіндеріңді еске түсіріңдер. Бұл кезде физиологиялық 
жағдайларың қандай өзгеріске түседі? Мысалдар келтіріп, түсіндіріңдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет