лекция 15 Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары. Жоспар: 1. Адамның онтогенездік дамуының негізгі заңдылықтары.
2. Организм мүшелері мен жүйелерінің жасқа қарай өзгерістері. Сенситивті кезеңдер.
3. Балалардың өсуі мен даму заңдылықтары
4. Эпохальді және жеке акселерация, биологиялық және паспорттық жас.
Жас ерекшелік физиологиясы – онтогенездің әр түрлі кезеңдерінде организмнің тіршілік
әрекетінің ерекшеліктерін, даму мен өсу кезіндегі мүшелер, жүйелер қызметін зерттейді. Онтогенез
(грек.ontos-особь; qenesis-даму, пайда болу д.м.б.)– бұл организмнің ұрықтанғаннан бастап, өлгенге дейінгі
жеке дамуын айтады.
Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы - балалар мен жасөспірімдер денесінің дұрыс өсіп-
дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етеді және оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы әр түрлі
аурулардың алдын алады, жұмыс қабілетін күшейтеді, күн режимі мен сабақ кестесінің бала ағзасына
тиімді әсер ететін жолдарды анықтайды.
2. Организм – біртұтас құрылым. Гомеостаз және организм қызметінің реттелуі. Организм –күрделі жүйе. Ол бірнеше деңгейден тұрады:
Клетка ұлпа мүше мүшелер жүйесі организм. Күрделі жүйенің ең кіші бірлігі бұл – клетка. Адам
организмінде 100 триллионнан астам клекалар бар. Әр клетка мембранадан, цитоплазмадан және ядродан
тұрады. Цитоплазмада органоидтар (рибосома, митохондрия, лизосома, т.б.) орналасқан.
Құрлысы және қызметі жағынан ұқсас клеткалардың жиынтығы ұлпаны құрайды. Ұлпаларды 4
топқа бөлінеді: эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпалары. Әрбір ұлпа белгілі қызмет атқарыды
және өзіне тән қасиеті болады. Мыс: бұлшық ет ұлпасына жиырылу қасиеті, нерв ұлпасына –қозу және
өткізу қасиеттері тән. Ұлпалардың жиынтығы мүшені құрайды. Мүшелер ерекше құрлысты болып келеді
және белгілі қызмет атқарады. Мыс: жүрек организмде насос қызметін атқарып, қанның барлық мүшелер
мен ұлпаларға таралуын қамтамасыз етеді. Белгілі қызмет атқаратын мүшелер тобын мүшелер жүйесі деп атайды. Мыс: сілекей безі, қарын, бауыр, ішек – ас қорыту жүйесін құрайды, жүрек және тамыр – қан айналу
жүйесін. Сөйтіп, организмнің барлық құрылымдары бір-бірімен тығыз байланыста болып, біртұтас жүйені құрады.
Ішкі ортаның салыстырымды тұрақтылығын сақтау кезінде ғана организмнің барлық тіршілік
процестері жүзеге асырылады. Организмнің ішкі ортасына қан, лимфа және ұлпа сұйықтығы жатады. Ішкі
ортаның салыстырмалы тұрақтылығын гомеостаз деп атайды. Мысалы, қан қысымының мөлшері с.б.б.
110/70 немесе 120/80 мм, дене температурасы 36,6С. Бұл қасиеттердің тұрақты болуы ағзада өздігінен
реттелу процесінің үздіксіз жүруіне байланысты. Ағзаның өздігінен реттелуі 2 түрлі жолмен жүзеге
асырылады:
1) ағзаның сұйық ортасы (қан, лимфа, т.б.) арқылы - гуморальдық жолмен
2) жүйке жүйесі арқылы – жүйкелік немесе рефлекстік жолмен
Сонымен қатар ағзада болатын өзгерістерге ішкі секреция бездері де әсерін тигізеді.