Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


Хеморецепторлар. Иіс және дәм сезімі



Pdf көрінісі
бет73/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Байланысты:
Лекция Такырыбы П нге кіріспе Жоспары Физиология п ні, бас а с

 Хеморецепторлар. Иіс және дәм сезімі 
Хеморецепторлар қоздырғыш әсердің тікелей әсерінен қозуға түседі. Мысалы, ауызға дәмі тәтті немесе 
ащы тамақ түскенде, рецепторлар оны сезеді. Егер бұл заттар белгілі бір қашықтықта тұрса, ондай сезім 


тумайды. Сондықтан дәм сезу рецепторларын түйісу (контакт) рецепторлары дейді. Енді бір рецепторлар 
заттардың қандай екенін белгілі бір қашықтықтан сезе алады. Заттың иісін де алыстан сезеді. Мысалы, 
бақтың ішінде өсіп тұрған гүлдің, жемістің иісін бірнеше метр қашықтықтан сезіп, қандай гүл, қандай жеміс 
өсіп тұрғанын анықтап, айтып береміз. Бұл иіс сезім рецепторларын қашықтық (дистанттық) рецепторлар 
дейді. Хемосезгіш жүйеге иіс және дәм сезгіш рецепторлары жатады. Химиялық заттардың сапасын 
ажырата алуына байланысты оларды хеморецепторларға жаткызады.
Иіс сезу. Мұрын қос танау тесігінен, кеуілжірден тұрады. Мұнда иіс сезу рецепторлары иірім 
қабаттарында орналасқан. Иіс сезу жалғыз осы рецепторлар аркылы болып қана қоймайды. Тыныс алу 
аймағында бос жатқан жүйке талшықтары көп кездеседі. Оларға самай жүйкесі жатады. Бұлар иіс сезу 
қызметін атқара алады. Сондықтан иіс сезу рецепторларының қызметі уакытша нашарласа, осы жүйкелер 
арқылы біз иісті сезе аламыз. 
Кейбір қолайсыз иістер қорғаныш рефлексін (түшкіру, тынысты ұстап тұру) тудырады. Өткір иісті 
заттар, мысалы, мүсәтір спирті, тынысты рефлекторлы жолмен тоқтатады. Химиялық заттар (йод, хлор, 
бром, формалин, күкіртсутек, азот, тұз және күкірт кышқылдары) мүрынның шырышты қабықшасын 
тітіркендіреді. Бұлардың кейбіреулері шырышты қабықшаның терең қабатын бүлдіріп, ойық тыртық түзеді, 
кейде кеуілжірді тесіп жібереді. Ауаның кұрамында болатын металл қосылыстары мен минералды ұнтақтар 
мұрынның шырышты қабықшасына жабысады. Біздің елімізде ұзаққа созылатын атрофиялық (сему) тұмау 
өте жиі кездеседі. Ол жұмыс орындарының шаң-тозаң болуына, цемент, силикат, темекі тозаңдарына, т.б. 
жағдайларға байланысты. Бұлар тыныс алу жолдарының ауруына себепші болады. Мұрын аурулары зат 
алмасу мен ішкі бездердің жұмысының бұзылуынан, витаминдердің жетіспеуінен болады. Мұрын қуысынан 
пайда болған ақпарат басқа мүшелерге де әсерін тигізетіндіктен, организмде күрделі өзгерістер байқалады. 
Кейде мұрынның ішкі қабықшасы кұрғап, қаңсығанда дене ауырлап, бас ауырады. 
Иіс сезу рецепторларының қызметі бұзылмау үшін, адам өзін таза ұстауы қажет. Сыныптың ауасы
таза болғаны жөн. Үйді шаң-тозаңнан тазартып, адам денсаулығына зиян келтіретін химиялық заттар бар 
жерде жұмыс істегенде арнаулы сүзгі қою керек. Егер үздіксіз қабынудан мұрынның шырышты 
қабықшасы ісініп, тыныс ауырласа, одан қаңсып, құрғақ қаспақ пайда болады. Оны жұмсарту үшін 
вазелин, шырғанақ (облепиха), өрік, шабдалы майын тамызып, жібіткен дұрыс. Егер мұрынның шырышты 
қабықшасы ісінсе, мұрын ішіне шиқан шықса, гайморит ауруы пайда болса, дәрігерге қаралып, емделу 
қажет. Ауру асқынып кетсе, иіс сезу кабілеті жойылады. Иіс сезу қабілеті жойылғанда, дәм сезу кабілеті де 
нашарлайды. Сөз сөйлеуге әсер етіп, дауыс ырғағы өзгереді, адам мұрнынан мыңғырлап сөйлейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет