Жайшылықта жұмыстан қолдары тимейтін адамдар жалқау
болады. Күн көріп табыс табу үшін, барлық күшін салып жұмыс
істейтін адамдарды білеміз. Ол отбасын толық қамтамасыз етуге
тырысады. Түнге дейін жұмыста болады, демалыс күндерінде де
жұмыс істейді. Күндердің-күнінде үйінің бос қалып, ешкімнің жоқ
екенін көреді. Əйелі балаларын алып кетіп қалады. Ол, əйелімен
екеуінің арасында кикілжіңнің бар екенін білетін, бірақ өз-ара қарым-
қатынасты дұрыстауға жұмыстан қолы тимейтін.
Енді жұмыс оған
сүйкімді жəне соншалықты тартымды емес, жұмысқа салғырттығынан
басшылар тарапынан ескертулер көбейе бастайды. ақырында
жұмыстан шығарады.
Бай болмақ түгіл, оны ойлауға да қолдары тимейтін адамдарды
білемін.
Жұмыстан Қолдарың босамаушылығы соншалықты, денсаулықтарына
да мəн бермейтіндерді де жиі кездестірем.
Мəселе біреу-ақ. Олар өз
проблемаларымен бетпе-бет кездеспеу үшін,
əдейі жұмыстан қолдары тимеушілікке ұмтылады. Оған мұны
түсіндірудің қажеті жоқ, іштей оның бəрін жақсы біледі. Ал,
оған бұл
туралы айтсаң, ызалануы жəне өкпелеуі мүмкін. Егерде жұмыста
болмаса, телевизор көруден, гольф ойнаудан немесе аңға шығып, балық
аулаудан қолы тимейді. Дегенмен, ең терең ой түкпірінде
маңызды бірдеңеден қашып жүргенін ол сезеді. Бұл жұмыспен
көлегейленген нағыз сұрқия жалқаулықтың түрі.
Бұдан қалай құтылуға болады?
Рецепт біреу-азғана сараңдық қосу керек. Бала кезімізде, барлығымызга
да сараңдық жаман деп айтылатын. Менің шешем: «сараң адам-ол жаман».
-дейтін. Дегемен, барлығымызда іштей жақсы
бағалы, сұлу заттарды немесе жаңа бірдеңелерді алуды жақсы көреміз.
Ата-аналарымыз
бұл қылығымызды бақылауға алып, көңілімізді
басқаға аудару үшін, көбіне кінəлəйтін. «Сен тек қана өзің туралы ғана
ойлайсың, Сенің інілерің мен қарындасыңның бар екенін білмейсің
бе?»дегендер менің шешемнің сүйікті сөздері болатын. Ал, əкем
болса: «Мен саған не алайын? Немене бізді ақшадан құрылды дейсің
бе, əлде ақша ағаштың бұтағында өседі дейсің бе? Біз миллионер
емеспіз», деп айтатын. Маған əсер ететіні ақшаның жоқтығы емес,
осындай сөздердің астарындағы олардың ашуы мен өкпелері еді. Ал,
көршіміз болса, кедейлігіне қарамай балаларының қолдарын қақпай,
сұрағандары мен қалағандарын орындайтын.
Бай əкем: «Мен мұны, өзіме істей алмаймын», "дегенді айтуға
тыйым салатын.
Керісінше, өз үйімде мұндай сөздерді жиі еститінмін.
Бай əке болса: «Мен мұны өзіме қалай істей алам?»-деген
сөздерді айтыңдар, деп талап ететін. «Мен мұны өзіме істей
алмаймын» деген сөз, адамның ойлау қабілетін əлсіретеді. —деп
есептейтін бай əке. Ал: «Мұны өзіме қалай істеймін?» деген сұрақ
адамды ойлануға жəне оған жауап табуға итермелейді. «Мен мұны
өзіме істей алмаймын» деген сөздің өтірік екенін, бай əке жақсы
түсінетін. Осылай екенін, адам өзіде іштей сезінеді. «Адамның рухы
күшті. Ол барлығын істей алатындығын біледі», -дейді бай əке. Ал, Сіз
жалқау əрі ойлануды қаламасаңыз, онда Сіздің алдыңыздан: «мұны
істей алмаймын...» өмірбақи кетпейді. Мұндай пиғыл: əлсіздікке,
енжарлыққа, тіпті депрессияға ұрындырады.
Ал: «Мен мұны өзіме қалай істеймін?»-деген сұрақ жаңа
мүмкіндіктерді, ұйқыда жатқан ойыңызды түрткілеп
оятып көруге,
жаңалыққа қарай итермелеп, бір нəрсеге түбегейлі қол жеткізуге
ықпал етеді. Сондықтан бай əкені бізге не керек екендігі
толғантпайтын өздеріңе: «мен өзіме мұны қалай істей алам?» ,-деген
сұрақты жиі қойып, ақыл-ойымызды жаттықтырып, алға
ұмтылуымызды қатты талап ететін. Солай, ол Майк екеуімізге
жарытып ештеңеде бермейтін. Оның орнына: «мұны қалай істей
аласыңдар?»-деп сұрайтын. Сөйтіп, біз колледждегі оқуымызды да
өзіміз төлегенбіз. Ол біздің көңілімізді
мақсаттың өзіне емес, оған
жету тəсілдеріне аударуымызды қадағалайтын.
Көп адамдардың, өздеріңің армандарына жете алмағандарына
өкінетіндіктерін мен сезінем. Оларға бала көзінен бастап: «Сен мұны
істей алмайсың», «Бұған біздің қолымыз жетпейді», «Байлардың бəрі
сараң» деген сөздер теріс ұғым беріп, аяғы кедейшілікке, жоқшылыққа
əкеліп соқтырған.
Мен «егеуқұйрық жүгірісінен» шығуды ойлағанымда : «Жұмыс
істеушілікті қалай тоқтатсам екен?», —деген сұрақты қойдым. Сонда
менің ойым сан-саққа жүгіріп, жауаптар мен əртүрлі амалдарды
іздестіре бастады. Сонда бала кезден қалыптасып қалған: «Мұны біз
істей алмаймыз». «Жалғыз өзің туралы ойлауды кысқарт» немесе
«Басқалар туралы неге ойламайсың?»,-деген басқа да осындай
догмалар
етегімнен тартып, оларды жеңу қиынға түсті.
Сөйтіп, жалқаулықты қалай жеңуге болады?
Сараңдықтың бір кішкентай бөлігімен, -дер едім мен.
Бір уақытта отырып, асықпай мыналарға ойлану керек: «Егер, менің
денсаулығым мықты əрі сауатты, кісілерге ұнамды болсам, мен
не мақсатқа жетемін?», «Менің өмірім не болады, егер жұмыс
істемесем?» немесе «Менде барлығына жеткілікті ақша болса, маған
не қажет?» Біздің əлем қашанда даму үстінде, адамдар қай уақытта
болсын жақсы өмірге ұмтылады. Мектепке,колледжге
барып оқимыз,
себебі: бірдеңеге қол жеткіземіз, -деп ойлаймыз. Сондықтан, бірдеңені
істеуге міндетті болып, бірақ одан қашқақтап жүрсеңіз, онда өзіңізге:
«Ал,бұдан мен не пайда табамын?» деген сұрақ қою ғана қалады.
Кішкене сараң болсаңыз, ол Сізді қуалайды. Бұл жалқаулықтың жақсы
дəрісі. Алайда, орынсыз сараңдық, басқа да теріс қылықтар секілді
зиянды. Майкл Дуглас «Уолл стрит» киносында: «Сараңдық-ол
жақсы»-дейді.
Бай əке бұл жөнінде кішкене басқаша айтады. «Өкініш
сарандықтан да жаман. Өйткені, ол адамның жанын жейді» дейтін.
Маған бəрінен бұрын Элеанор Рузвельттің: «Өзіңді
дұрыс дегенді
істеңіз, бəрібір қандай жағдай болсада Сізді сынайды. Істесеңізде
қарғайды, істемесеңізде қарғайды». -деге сөзі ұнайды.
Достарыңызбен бөлісу: