Екінші себеп.
Өз күшіне сенбеушілікті қалай жеңуге болады? «Аспан шайды!
Аспан құлайды!» Аулада зыр жүгіріп, «келе» жатқан қатер жөнінде
жар салған, Кішкентай балапан жөніндегі ертегі əңгімені бəріміз
білеміз. Мұндай адамдардың да баршылығын тағы бəріміз білеміз.
Кішкене балапан, баршамыздың ішімізде бар. Өз күшіне сенбеген
адам бол кіші балапан тəрізді. Ақылды, үрей мен сенбеушілік
жеңгенде, бəрімізде осындай күйге түсеміз. Сізге, мынандай
сенбеушілік түрлері белгілі деп есептеймін. мысалы: «Мен
соншалықты ақылды емеспін», «Менің мұндайға қабілетім жетпейді»,
«Ол менен артық». Мұндай сенбеушіліктер, адамды тырп еткізбейді.
Сөйтіп, біз «ертең не болады?...»атты ойынын ойнағандаймыз: «Мен
ақшамды салғаннан кейін, экономикада дағдарыс болса не
болады?», «Мен табыс таба алмай, алған ақшаны қайыра алмасам не
болады?»сияқтылар.
Оның
сыртында,
біздің
достарымызбен,
туыстарымыз, олардан бұл жөнінде ештеңе сұрамасақта, біздің
«ағаттығымыз» туралы, өзімізге жамырап айта бастайды.
Мысалы, «Сен мұны істей аламын деп сенесің бе?» немесе «Егер
бұл жақсы идея болса, онда басқалар оны неге істемейді?», «Бұл еш
уақытта болмайды», «Сен не айтып тұрғаныңды түсінбейсің»-дейді.
Мұндай сенбеушіліктің ықпалы соншалықты, біз қандайда болмасын
қимыл жасауды тоқтатамыз. Іштей сенімсіздік пайда болады. Кейде
ұйқы қашады. Солай, біз қауіпсіз «жерде қаламыз, ал мүмкіндіктер
Сізді айналып өтеді. Өмір бізді айналып өтіп жатқанын көреміз, ал
өзіміз қалшылдап-дірілдеп, қара терге түсіп, қимылсыз отырамыз.
Осындай сезім аз болсын, көп болсын бəрімізге мəлім.
Питер Линч «аспан құлайды» деген айғайды, жəй дақпырт,- деп
атайды. Мұндай дақпырт не біздің басымызда болады немесе сырттан
келеді-дейді. Көбіне мұны жолдастар, туыстар, əріптестер жəне
жаппай ақпараттық құралдар шығарады. Линн 50-жылдары, газеттерде
ядролық соғыс туралы қаншама шу көтерілгенін еске алады, сол
уақытта жұрт бомбадан қорғану орындарын салып, тамақ, су
қорларын жинақтай бастайды. Осыларға кеткен
қаржыларды,
инвестицияларды нарыққа салғанда, қаржылық тəуелсіздікке тезірек
қол жеткізген болар еді.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Лос-Анджелесте тəртіпсіздіктер
басталғанда, қару сату мемлекет бойынша арта түсті. Дəрі жасайтын
компания, адамдардың гриппен қалай ауыратынын теледидар арқылы
көрсетеді, содан кейін жұрт олардың дəрілерін жаппай сатып ала
бастайды.
Сондықтан, осындай алып-қашпа сөздерге мəн бермеуге, өсектерге
құлақ аспауға, үлкен батырлық керек,1992 жылы Финикске, бізге Ричард
деген жолдасым Бостон қаласынан келді. Ол біздің
акциялар жəне жылжымайтын мүлік арқылы қандай дəрежеге
жеткенімізге таң қалды. Ол уақытта Финиксте жылжымайтын мүлік
бағасы төмен болатын. Біз, оған екі күн бойы, ақша ағымы мен
капиталды өсірудің əртүрлі жақсы амалдарын көрсетумен болдық. Біз,
əйеліміз екеуіміз,жылжымайтын мүлік саудасы агенттігінің кəсіби
маманы емеспіз. Біз тек қана Инвесторлармыз. Біз əдемі жерден жақсы
үй тауып, агентке телефон соқтық, ол сол күні үйді біздің досымызға
сатты. Екі демалыс бөлмесі бар, бүл үйдің құны 42 мың долларды
құрады. Осындай үйлер, сол уақытта 65 мың долларға сатылатын.
Ричард пайдалы мəмілеге (сделкаға) риза болып, Бостонға кетті. Екі
аптадан кейін, агент телефон соғып, біздің досымыздың саудадан бас
тартқанын айтты. Не жағдай болғанын білу үшін, мен лезде Ричардқа
телефон соқтым. Ол көршісімен сөйлескенін, көршісі бұл мəміленің
(сделканың) пайдалы емес, сен артық төледің, -деп айтқанын тілге
тиек етті.
-Көршің инвестор ма еді? деп сұрадым мен.
-Жоқ. Онда сен оны неге тыңдайсың дегенімде. Ричард қорғана
бастап, кішкене күте тұратындығын айтты.
Финиксте жылжымайтын мүлік нарығында жағдай өзгеріп, 1994
жылы мұндай үй айына 1000 доллардан жалға берілетін, ал қыс
айларында 2,5 мың долларға дейін көтерілетін. 1995 жылы бұл үй 95
мың доллар тұрды. Ричардқа небəрі қолма-қол 5 мың доллар ақша
төлеу керек еді, сөйтіп ол «егеуқұйрық жүгірісінен» шыға бастаған
болар еді. Ол баяғыдай қимылсыз отыр. Финиксте қолайлы жағдайлар
бар, бірақ енді оларды табу оңай емес. Ричардтың мəміледен
(сделкадан) бас тартуы мені таң қалдырған жоқ. Бұл баяғы
сенбеушілік. Кіші балапан жеңді, бостандық мүмкіншілігі жіберіліп
қойды.
Тағы бір кішкене мысал. Менің активтерімнің шамалы бөлігі
депозиттік сертификатқа емес, салық сертификатына салынған. Менің
ақшам жылына 16 процент пайда түсіреді, əрине бұл банктің
ұсынатын 5 процентінен əлдеқайда жақсы. Еш сертификаттар
жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген жəне мемлекеттік
заңдылықпен бекітілген, айту керек мұндай жағдай банкімен жұмыс
істегеннен гөрі көп пайдалы. Менің сатып алу тəсілім, оларды қауіпсіз
етеді. Жоғалып кету қауіпі жоқ. Сондықтан, мен оларды екі жылдан
жеті жылға дейінгі мерзім ішінде депозиттік сертификаттар деп
есептеймін.
Біреулер мұны маған қауіпті деп түсіндіргілері келіп, неге істеуге
болмайтындығын айта бастайды. Ал мұны қайдан білесіз?- дегенімде,
бір танысымнан естідім немесе инвесторларға арналған журналдан
оқыдым дейді. Өзі мұны істемесе де, басқа адамдарға ақыл айта
бастайды. Осы сертификаттардан менің жылдық табысымның ең
төменгі бөлігі кем дегенде 16 процентті құрайды, ал күмəнданушы бес
процентке риза болады.
Менің айтайын дегенім, нақ осы күмəнділік жұрттың көпшілігін
кедей қылып, қатерсіз іс-қимыл жасауға тұсау болады. Нақтылы өмір
Сізге бай болу үшін, қандай да болмасын мүмкіншілікті беруге даяр.
Адамды тек қана оның сенбеушілігі мен күмəнділігі-кедей қылады.
Кайталап айтам. «егеуқұйрық жүгірісі» шеңберінен шығу жеңіл. Бірақ,
осы күмəнділік жұрттың күшін құртады.
«Күмəнданушы Ешқашан жеңбейді»-дейтін бай əке.
Дəлелденбеген сенбеушілік жəне үрей, адамдарды қорқақтар мен
арсыздарға айналдырады. Олар тек қана сынайды, ал жеңімпаздар
талдайды»-дейтін. Талдаушылық көзді ашады. Талдау жеңімпаздарға
біреулердің көрмегенін көруге, ықпал етеді. Басқалардың көрмегенін
көрушілік қаблеті ол жеңістің барлық түрлеріне келетін кілті.
Жылжымайтын мүлік қаржылық тəуелсіздікке немесе бостандыққа
қолдарын жеткізгісі келгендердің барлығы үшін, инвестиция салудың
күшті құралы. Бұл ғажайып құрал. Жылжымайтын мүліктің осы
касиетін айтқанымда кейбіреулердің: «Мен əжетхананы жөндегім
келмейді»-дегенді де естідім. Міне, осыны Питер Линч «шу» деп
атайды. Мұны талдаушылар емес сынаушылар айтады. Оны өз-өздерін
күмəнданумен, сенбеушілікпен əлсіреткендер ғана айтады. Біреудің:
«Мен əжетхананы жөндегім келмейді» дегеніне, мен: «Ал саған оны, мен
істегім келеді,-деп кім айтты?»-деймін. Сөйтіп, оларға
«егеуқұйрық жүгірісінен» қалай шығу жолдарын айтып отырғанымда,
көңіл аударғаны əжетхана ғана болды. Бұл бай болғысы келмеген
адамдардың ойлау үлгісі. Талдап түсінудің орнына, олар сынауды ғана
біледі.
Сендердің «керек емес, істегім келмейді» дегендер істің кілті»-
дейтін бай əке. Өзімде əжетханаларды жөндегім келмейді, сондықтан
мен жөндеу жұмыстарын жүргізетін Жылжымайтын мүлік менеджерін
тауып алуға тырысамын.
Егерде, мен үйлер мен пəтерлердің жақсы менеджерін тауып
алғанымда, менің ақша ағымым өсе бастайды. Тағы бір мұның
маңыздылығы, жақсы менеджер, маған бұдан да үлкен жылжымайтын
мүлік алуға кемектеседі, сөйтіп əжетханалармен айналысудың қажеті
жоқ. Мұндай адамды табу, жылжымайтын мүлікті іздеуден
маңыздырақ. Ол пайдалы мəмілені (сделканы) жылжымайтын сауда
агнеттерінен бұрын біледі. сондықтан ол бұданда құнды қызметшіге
айналады. Бай əкенің: «Керек емес, істегім келмейді дегендерін -істің
кілті» дегені, осыны көздегені еді. Менде əжетханаларды жөндегім
келмегендіктен, басқа тəсіл тауып, оданда көп жылжымайтын мүлікті
сатып алып, өзімнің «егеуқұйрык жүгірісінен» тезірек шығу жолын
таптым. «Мен əжетхананы тазартқым келмейді», -деп айғайлаушылар,
өз-өздерін инвестиция салудан аластатады. Солай əжетханалар оларға
қаржылық бостандындығынан да гөрі маңызды болса керек.
Құнды қағаздар жөнінде əңгіме көтерілгенде, жұрттың көпшілігі: «Мен
ақшамды жоғалтқым келмейді»-дейді. Ал, оларға мен немесе
басқа біреулер акшаларын жоғалтқасы келеді, -деп кім айтты?
Олар ақша істей алмайды, себебі: оны жоғалтқылары келмейді.
Талдау жасаудың орнына, олар тағыда бір күшті инвестициядан
айырылады.
1996 жылдың желтоқсанында, мен бір жолдасыммен бірге еріп
АЗС-ке (машинаға май құйып алу орны) келдім. Ол бензиннің
бағасының өскенін көрді. Менің бұл жолдасым байбалам салушы кіші
балапанның нақ өзі еді. Ол үшін аспан қашанда «құлағалы» тұратын.
Оның айтқанындай болатын, бірақ ол оның өз басына «құлайтын».
Жолшыбай маған əртүрлі деректерді келтіре отырып, бірнеше жылдар
бойы мұнайдың бағасы көтерілумен болады деді. Мен мұндай
мəліметтерді көргенім жоқ еді, бірақ менде бір мұнай компаниясының
əжептəуір акциялары бар болатын. Осы мəліметтерді ескере отырып,
мен іздестіруді бастадым, сөйтіп кезінде мəн бермеген бір компания
жаңа құбырлар ашайын деп жатқанын білдім.
Менің брокерім бұл іске құлшыныспен кірісті, сөйтіп мен 15 мың
акцияны 65 центтен сатып алдым. 1997 жылдың ақпанында сол
жолдасыммен, АЗС-тің жанынан өтіп бара жатқанымызда, бағаның 15
процентке көтерілгенін көрдік. Ол тағыда мазасыздана бастады.
Мен күлдім, себебі: 1997 жылдың қаңтарында, сол кіші мұнай
компаниясы жаңа құбырларын іске қосқан еді, енді менің 15 мың
акциямның əрқайсысының құны үш долларға жеткен еді, сөйтіп оның
өзі мəн бермеген дерегінің арқасында пайдаға шықтым. Оның айтқаны
дұрыс болса, мұнай бағасы одан да əрі өсетін көрінеді.
Егерде жұрттың көпшілігі, биржа қорында «стоп»(тоқта) дегеннің не
екенін білсе, ұтылу үшін емес, жеңу үшін инвестиция
салуға тырысар еді. «Стоп»-бұл компьютерлік бұйрық, акция құны
төмендегенде Сіздің салған акцияларыңыз зиян шекпеу үшін, осы
бұйрық бойынша автоматты түрде сатыла бастайды жəне баға
көтерілгенде, қандай да болмасын пайда келтіру үшін, осы бұйрық
қайта қолданылады. Бұл, ұтылудан зəрелері кететіндер үшін, ақша
табудың таптырмайтын құралы.
Достарыңызбен бөлісу: |