Роберт Кийосаки


VIII Тарау Неден бастау керек?



Pdf көрінісі
бет22/41
Дата16.02.2023
өлшемі1,48 Mb.
#68513
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Байланысты:
Бай әке, кедей әке

VIII Тарау
Неден бастау керек?
Кедергілерді жою
Адамдар білім алып, қаржы туралы сауатты болғанымен, толық
қаржылық тəуелсіздікке қол жеткізуде кейбір кедергілер болады.
Мысалы, қаржы жөнінде сауатты адамда, ақша ағымын
арттырып, көп ақша түсіретін үлкен активтер колонкасының
(бөлігінің) болмаушылығынын мынандай бес себептері бар:
1. Үрей.


2. Өз күшіне сенбеушілік.
3. Жалқаулық.
4. Жаман дағдылар.
5. Менмендік.
1.Бірінші себеп.
Ақшаны жоғалтып алу үрейін қалай жоюға болады?
Мен ақша жоғалтуды жақсы көретін бірде-бір адамды
кездестірген емеспін. Дегенмен, байлардың да бірде-біреуінің
ешқашанда ақша жоғалтпағанын көргенім жоқ. Қайта, керісінше
кедейлердің көпшілігінің, ғұмыр бойы бір тиында жоғалтпағандарын
жақсы білемін. Ақшаны жоғалтып алу үрейі ол шынайы құбылыс. Бұл
барлық адамдарға тəн түйсік. Байлар да қорқады. Алайда, проблема
ақшаның жоғалуында емес, оған Сіздің қалай қарайтындығьыңызда,
яғни ұтылыс Сізге қалай əсер етті, қандай жағдайға соқтырды, əңгіме
сонда.
Мұндай жағдай тек қана ақшаға ғана байланысты емес, ол
өмірдің барлық қырларына қатысты. Мұнда байдың кедейден
айырмашылығы, оның үрейге қалай қарайтындығында. Қорқушылық-
табиғи түйсік. Ақша мəселесінде қорқушылық ол орынды жəйт.
Бəрібір, Сіздің бай болуға мүмкіншілігіңіз бар.
Біз бəрімізде бір ахуалда батырмыз, ал екіншісінде қорқақпыз.
Менің бір жолдасымның жұбайы аурухананың реанимация бөлімінде
медбике болып жұмыс істейді. Ол қанды көргенде шапшаң қимылға
кірісе бастайды, ал мен инвестиция жөнінде сөз көтере бастағанымда,
тайып тұрады. Ал, мен қанды көргенде қашпаймын, тек есімнен танып
құлаймын.
Бай əке адамдарда ақшаға байланысты фобияның барлығын
білетін. «Біреулер жыланнан қорқады. Басқалары ақшаны жоғалтып
алудан қорқады. Мұның екеуі де-фобиялар». -деп қашанда айтатын.
Осындай үрейлерден арылу үшін, ол: «Егерде барлығын жоғалтып
алудан қорыксаң, істі жас кезіңнен баста», -дейтін.
Міне, сондықтан банктер ақша жинауды жас кездеріңнен
бастаңдар, -деп үгіттейді. Егерде істі ерте бастасаң. бай болу жеңіл
болады. Бұл мəселеге егжей-тегжей тоқталмай айтарым: ақша


жинауды 20 жасынан бастаған адамның, 30 жасынан бастаған адамнан
айырмашылығы өте көп. Жер мен көктей деп айтуға болады.
Манхэттен аралын сатып алушылық-əлемдегі ең үлкен ұтымды
мəміле (сделка). Ия, Нью-йорк тұрған жер небəрі 24 доллар тұрарлық
моншақ жəне əртүрлі ұсақ-түйек заттарға сатып алынған. Егерде, осы
24 доллар жылына небəрі 8 проценттік пайдасы бар инвестицияға
салынғанда. 1995 жылы олар 28 триллион долларға айналған болар
еді. Бұл ақшаға жылжымайтын мүліктің 1995 жылғы бағасымен
Манхэттенді жəне Лос-Анджелестің бір үлкен бөлігін сатып алуға
болар еді.
Менің көршім компьютерлер компаниясында 25 жыл жұмыс
істеді. Бес жылдан кейін, ол жұмыстан кетеді. ал оның зейнетақы
жоспары 4 миллион долларды құрайды. Бұл ақшалар негізінен өзара
қорларға инвестиция ретінде салынған, енді олар облигацияларға жəне
мемлекеттік құнды қағаздарға айналдырылған. Ол зейнетке шыққанда
55 жаста болады, сөйтіп оның пассивтік табысы, жылына 300 мың
долларды құрайды бұл қазіргі жалақысынан əлдеқайда артық. Сіз
ақшаңызды жоғалтудан қорқып, қатерге ұрынбасаңызда, оңтайлы
жағдайлардың тууы əбден ықтимал. Бірақ, істі ерте бастап жəне
міндетті түрде зейнетақы жөнінде жоспарлар болуы қажет, алдымен
ақшаны инвестицияға салардан бұрын, міндетті түрде қаржыны
жоспарлау маманын тауып алу керек.
Егерде Сізде уақыт аз қалып, зейнетке ерте шыққыңыз келсе, онда не
болады? Ақшаны жоғалтып алу үрейлігін қалай жеңуге
болады?
Менің кедей əкем, бұл жөнінде ештеңе істемейтін. Ол, мұндай
тақырыптан қашқақтап, талқылаудан бас тартатын.
Менің бай əкем, маған ойланғанда, техастықтар сияқты ойлану
керек, -деп кеңес беретін.
-Маған, Техас жəне оның тұрғындары ұнайды, -дейтін ол.
-Техаста барлық іс-ірі көлемде жүргізіледі. Техастықтар бірдеңе
ұтса? опырып қтады. Ұтылулары да сондай.
-Оларға ұтылу оңай ма? -дедім мен бірде таңданып.
-Жоқ, менін айтпағым ол емес. Ұтылуды ешкімде жақсы
көрмейді. Маған ұтылыстан бақытты болған адамды көрсетші, мен
оның ешуақытта да ұта алмайтындығын айтып бере аламын, -деп
жауап берді бай əке.


-Мен техастықтардың үрейден сескенбей, тəуекелшілдікке
баруларын жəне соның арқасында үлкен жұмыстарға шыққандықтары
жөніндегі көзқарастарын айтамын. Оларға ғаламат ірілікпен өмір
сүреді. Оларда ақша туралы əңгіме көтерілгенде қысылу, қымтырылу,
үрей дегендер жоқ. Дүкеншінің 5 тиынын қайырмай қалса, итше
қыңсылап, оны талап етушілік оларда жоқ. Көрінгенге ұсақтанбайды.
Тағыда айтам, Маған техастықтардың өмірге деген көзқарастары
ұнайды. Ұтқандарында масаттанады, ұтылғандарында мұңаймайды.
керісінше мақтанады. Оларда мынандай мəтел бар: «Егер банкрот
болғың келсе, оны ірілікпен жаса». Ұсақ-түйек бір нəрседен жанып
кеттім-деп мүсəпірсудің не қажеттілігі бар-дейді олар. Ал, көпшілік
бұлай ұтылуға қорқады, банкротқа түсіп қалмау үшін, мұндай
мəмілелердең (сделкалардан) аулақ жүреді.
Ол қашанда, Майк екеуімізге: жұрттың көпшілігінде қаржы
Жетістігінің болмаушылығы себебтерінің бастысы олардың
тəуекелділікке бармаушылықтарында дейтін. «Жұрттың ұтылыстан
соншалықты қорқуы -олардың қашанда болмасын соншалықты
ұтылуы»-деп, бізге осылай түсіндіретін.
Ұлттық футбол лигасының атақты қорғаушысы Фрэн Таркентон, бұл
жөнінде кішкене басқаша айтады: «Жеңіс-ол жеңіліп қалу
үрейінің жоқтығы». Мен, өз өмірімде байқағаным, жеңілістен кейін,
қашанда жеңіс келеді. Велосипед тебуді үйрену үшін, мен одан талай
рет құлағанмын. Допқа қашанда дəл соғатын гольфшыны ешқашан
көргенім жоқ. Сол сияқты,ақша жоғалтпаған байларды көргенім жоқ.
Жұрттың көпшілігінің қаржылық жоғары дəрежелікке қолдарын
жеткізе алмаушылықтары: ақшаны жоғалтып алу , үрейінің, бай болу
қуанышынан үстем болуы.
Техастатағы былайда айтушылық бар: «Бəріде аспанға
барғылары келеді, бірақ өлгісі келетіндер жоқ». Көп адамдар бай
болуды армандайды, алайда ақшаларын жоғалтып алудан қорқады.
Сондықтан, олар аспанға бара алмайды.
-Егер сендер, қауіптілікке, ұтылысқа жəне ұлысқа дұрыс қарауға
үйренгілерің келсе, Сан-Антониоға барыңдар. Алома да болыңдар.
Алома- бұл батыл адамдардың тарихы, олар жау күші өздерінен
бірнеше есе артық болсада соғысудан бас тартпаған. Жауға
берілгенше, өлімді қалаған. Мұндай тарихты білушілік шарт. Бұл,
дегенмен əскери жеңілістің тарихы. Айту керек, дегенмен бұл
сəтсіздік. Олар жеңілді. Техастықтар сəтсіздікке калай қарайды? Олар
осы уақытқа дейін: «Аломаны есінде сақта!» -дейді. Бұл тарихты, ол
бізге бірнеше рет айтқан болатын. Əсіресе, мұны үлкен мəмілелер


(сделкалар) жасап, оны бекітерде жиі есіне алып, толқитын. Мұны, қате
жіберіп алып, ақшамды жоғалтып алам ба деп қорыққанында, əр
сайын ойлайтын.
Бұл оған күш-қуат беріп, қаржының жоғалуын, қашанда жеңіске
айналдыруға болады деген ұғымды есіне алатын. Ұтылыс- оны
ақылды жəне күшті қылатындығын білетін жəне ұтылғысы келмейтін.
Өзінің кім екенін жəне ұтылысты қалай қабылдайтынын білетін.
Ұтылысты қайткенде де соңында жеңіске айналдыратын. Сондықтан,
ол ғұмыр бойы жеңуші, ал қалғандары жеңілуші болатын. Бұл тарих
оған, басқалар шекарадан тайсақтап өте алмай тұрғанда, рух беріп,
жеңіп шығуына ықпал ететін. «Міне, сондықтан маған техастықтар
ұнайды. Олар өздерінің ірі жеңілістерін, туристердің ағылып келіп,
көретін орынға айналдырып, миллиондаған пайда табуда»-дейтін.
Егерде Сізді ұтылыс əлсірететін болса, қатерге ұрынбаңыз.
Балансты инвестициямен айналысыңыз. Егер Сіздің жасыңыз 25-тен
асса жəне тəуекелден қорықсаңыз, өзіңізді сындырмаңыз.
Қорықпай ойнаңыз, бірақ ерте бастаңыз. Ақша жинауды жас
кезіңізден бастаңыз, ол көп уақытты талап етеді. Егерде Сіз
бостандықты армандап, «егеуқұйрық жүгірісінен» қалай шығуды
ойласаңыз, онда Сіз өзіңізге мына сұрақты қойыңыз:
«Мен ұтылысқа қалай қараймын?» Егер Сізді ұтылыс жеңіске
ынталандырса, онда Сізге тəуекел етуге болатын шығар. Егерде Сізді
ұтылыс əлсіретіп, шатақ жағдайға жеткізетіндей болса, онда қатерсіз
қимыл жасаңыз. Мұндай жағдайда, негізгі жұмысыңыздан кетпеңіз.
Облигациялар немесе өзара қорлардың акцияларын сатып алыңыз.
Есіңізде болсын, мұндай қаржы құралдары да қауіпті, бірақ аз
дəрежеде. Сөйтіп, мен Сізге Техас жəне Фрэн Таркентон туралы
айттым, оның себебі: активтер колонкасын (бөлігін) қалай көбейтуді
көрсету еді. Бұл, ерекше қаблеттілікті талап етпейтін-ойын ғана.
Үлкен білімнің де қажеттілігі жоқ, бес класстық арифметиканы білсе
жеткілікті.
Айту керек, активтер колонкасы (бөлігі) бойынша ойнау- бұл
түбірімен басқа іс. Мұнда батылдық, шыдамдылық жəне шалысқа
салқынқандылықпен қараушылық керек. Қашанда ұтылыл жүргендер,
жеңілістен қашып жүреді. Бірақ, жеңіліс шалғанда жеңімпазға
айналдыруы мүмкін.
Қашанда Аламо Есіңізде болсын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет