Семинар топтамасы



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата03.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#6101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Пайдаланған әдебиеттер

1. «Дамыта оқыту технологиялары» / Б.А.Тұрғынбаева,Алматы 2000ж

2. Оқу үрдісіндегі дамыта оқытудың мәселелері / Психологиялық  ғылым және білім беру №1/2003ж

3. Жеке тұлғаның шығармашылық даындылығын дамыту жолдары Ж.Ажитбаев,2006ж

4. Бәсекелестікке қабілетті тұлға тәрбиелеу.Журнал.Қ.жүнісханов 2008

5. «Бастауыш сынып журналы №2/ 2012ж

6. Оқыту – тәрбиелеу технологиясы» журнал -2010 №3,5, 2011 ж №5/10

27  


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Түркістан қаласы,  Некрасов атындағы № 9 мектеп-гимназияның 

      қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі  Бердиярова Райхан Абтихановна      

    Оқушылардың   функционалдық   сауаттылығын   арттыру   –   білім   беру   процесінің   негізі   болып   табылады.

Қазақстан   Республикасының   Президенті   Н.Ә.Назарбаев   "Жалпыға   Ортақ   Еңбек   Қоғамына   қарай   жиырма

қадам» атты мақаласында стратегиялық жаңғырту барлық саланы, сонымен қатар, білімді де түрлендіруді қажет

ететінін атап көрсетті. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылдық Ұлттық іс-қимыл

жоспарын   қабылдау   бойынша   нақты   міндеттер   Мемлекет   басшысының   2012   жылдың   27   қаңтардағы

«Әлеуметтік-экономикалық   жаңғырту   –   Қазақстан   дамуының   басты   бағыты»   атты   Жолдауында   белгіленді.

Функционалдық сауаттылық, кең түсінікте, білім байланысы мен адамның көпжоспарлы іс-әрекеті арасындағы

кіріккен,   тұлғаның   әлеуметтік   бағдарлану   амалын   көрсетеді.   Функционалдық   сауаттылық   адамдардың

әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық іс-әрекетіне, сол сияқты өмір бойы білім алуға белсенді түрде

атсалысуына   ықпал   ететін   базалық   факторлардың   бірі   болып   табылады.   Оқушылардың   функционалдық

сауаттылығын дамытуда балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі маңызды фактор – ата-ананың белсенді

рөлі екендігін PISA– 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами

іс-әрекеттердің   әртүрлі   салаларында,   сондай-ақ   тұлғааралық   қарым-қатынас   пен   әлеуметтік   қатынастарда

өмірлік   міндеттерді   шешу  үшін   пайдалана   алу  қабілеттерін   бағалау  зерттеулерінде   үнемі   көшбасшы   елдер

қатарынан  табылатын  Австралия,  Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік  Корея және  т.б.

нәтижелері көрсетіп отыр.  Отбасы және мектеп іс-әрекетінің жеткілікті түрде үйлеспеуі ата-аналардың тәрбие

түрлері   мен   әдістерін   тиімді   жүзеге   асыруға   даяр   болмауынан   көрінеді,   мектеп   тарапынан   оқушыларда

функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы әрекетінің нәтижелілігін төмендетеді. 

  Екінші   жағынан,   мектептің   отбасымен   әрекеттілігін   қалыптастырудағы   әкімшілік   және   ағартушылық

көзқарастары   отбасы   әрекетін   шектейді,   оқушылардың   функционалдық   сауаттылығын   қалыптастырудағы

әлеуетін ашпайды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын айтарлықтай арттыру мүмкіндігі мектеп пен

отбасының бала тәрбиесіндегі, ұлттық құндылықтар басымдығын қамтамасыз етудегі отбасы және мектептің

бірлескен   жұмысын   ұйымдастырудағы   субъектілік   принциптерін,   іс-әрекеттік   және   құзыреттілік   тұғырын

жүзеге   асырудағы   мектеп   пен   отбасы   әрекеттерінің   өзара   кірігуінде   болып   табылады   .  PISA-2009   зерттеуі

баланы оқыту мен тәрбиелеу процесіне ата-аналардың қатысуы функционалдық сауаттылық деңгейіне оң әсер

ететінін көрсетті. Осыған байланысты, ата-аналарды мектеп өміріне белсенді түрде қатыстыруға бағытталған

шаралардың  тұтас жүйесін:  қамқоршылық кеңесін, ата-аналар қауымдастығын, ата-аналар  университеттерін

құру қажет.   Отбасы және мектеп іс-әрекетінің жеткілікті түрде үйлеспеуі ата-аналардың тәрбие түрлері мен

әдістерін  тиімді  жүзеге  асыруға  даяр  болмауынан  көрінеді.Білім  беру жүйесін  жаңғыртудың  басты  бағыты

ретінде оқушылардың өзін дамытуы және қоғам өміріне пайдалы үлес қосуы үшін ақпаратты өздігінен алу,

талдау, құрылымдау және тиімді пайдалануын көрсетуге болады. Білім беру ұйымдарындағы оқыту процесі

оқушылардың   функционалдық   сауаттылығын   дамытуға   бағытталуы   тиіс.   Білім   сапасының   мәнін   ашу,

оқушылардың   деңгейлік   тұрғыдан   білімділігі,   білім   беру   сапасының   мониторингі   және   диагностикасы,

оқушылардың   жетістіктерін   бағалау,   құзыреттілік   тұрғы   сияқты   мәселелерге   соңғы   жылдары   көп   көңіл

бөлінуде.   Функционалдық сауаттылықтың ерекше сипаттары: функционалдық сауаттылық – оқу және жазу

білігін күнделікті өмірде қолдану. Басқаша айт-қанда, бұл - адамның іс-әрекетін оның басылым сөзін тұрмыста

қолдануымен анықтайтын сауаттылық деңгейі.

 А.А. Леонтьев өзінің бір еңбегінде «Егер формалды сауаттылық – оқу техникасының дағдылары мен біліктерін

меңгеру   болса,     функционалдық   сауаттылық   –   адамның   нақты   мәтінді   түсінуі.   Оқушылардың   пәндік

білімдеріне,   ептіліктеріне   және   дағдыларына   сүйене   отырып,   оқу   пәндері   арқылы   функционалдық

сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.      

               

              Функционалдық сауаттылық дегеніміз не? 

  Функционалдық   сауаттылығы   дегеніміз   -   адамдардың   әлеуметтік   ,   мәдени,   саяси   және   экономикалық

қызметтерге   белсене   араласуы,   яғни   бүгінгі   жаһандану   дәуіріндегі   заман   ағымына,   жасына   қарамай   ілесіп

отыруы, адамның маман-дығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.   Мұндағы басшылыққа

алынатын сапалар:  -белсенділік   -шығармашылық тұрғыда ойлау   -шешім қабылдай алу       -өз кәсібін дұрыс

таңдай   алу     -өмір   бойы   білім   алуға   дайын   тұруы   болып   табылады.   Бұл   функционалдық   дағдылар   мектеп

қабырғасында қалыптасады. 

    Функционалдық   сауаттылықты   дамытудың   жалпы   бағдары   2011-2020   жылының   мемлекеттік   бағдарлама

Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық

сауаттылығын

 

дамыту



 

мақсатында

 

бес


 

жылдық


 

ұлттық


 

жоспар


 

қабылдады.

Ұлттық   жоспардың   мақсаты   -   Қазақстанда   білім   сапасын   жетілдірудегі,   оқушылардың   функционалдық

сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету болып

табылады. Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт негізгі механизмін бөліп көрсетеді. 

28  


  Оның бірінші механизмі-оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту.   Ол үшін мұғалім оқушының

бойына   әлеуметтік   ортаға   бейімделуіне,   алған   білімін   практиакалық   жағдайда   тиімді   пайдалана   алатындай

негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. 

Олар: басқарушылы;  ақпараттық; коммуникативтік; әлеуметтік; азаматтық . 

  Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың екінші механизмі-оқу нәтижелерінің бағалау

жүйесін өзгерту. /Қазіргі біз қолданып отырған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға болатыны

нақты анықталмаған. Бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып

бөлінеді. Іштей бағалау- оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау. Ал сырттай бағалау- әрбір деңгейді

аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері. 

Функционалдық сауаттылықтың үшінші механизмі  ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді

қатысуын   қамтамасыз   ету.   Ата-ананың  борышы  бала   бойына  жас  кезінен  адами   құндылықтарын  дарытып,

саналы өмір сүруге  баулу.  Ата-ана баласының  функционалдық сауаттылығын  дамыту үшін мұғалімдерімен

тығыз байланыс жасау керек. Бұл үшін мемлекет жаңа әдістемені әзірлеуге кірісті. Осы әдістеменің негізінде

ата-аналарға арналған семинарлар мен тренингтер өткізіледі. Төртінші механизм-қосымша білім беру жүйесін

дамыту.   Бұл   –  шығармашылық   пен   инновацияға   деген   қызығушылықты   арттырады.   Мұндай   оқыту  жүйесі

баланың санасына әлеуметтік  тұрмысына, төңіректегі әлемге  терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын

мәселелерді оңай шешетін болады. 

                   Ұлттық жоспарды іске асырудың күтілетін нәтижелері: 

        1. Ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз етеді. 

        2. Білім беру мазмұнын жаңартады. 

        3. Оқу-әдістемелікпен қамтамасыз етеді. 

        4. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу  жүйесі енгізіледі. 

        5. Материалдық-техникалық базасы жаңартылып, нығайтылады. 

                Бұл   орыс   мектептердегі   «Қазақ   тілі»  пәніне   де   тікелей   қатысты.   Өйткені   мемлекеттік   тіл   ретінде

оқытылатын   оқушылардың   функционалдық   сауаттылығын   қалыптастыру   ҚР   «Білім   туралы»,   «Тіл   туралы»

Заңдарының жүзеге асуының басты шарты болып саналады. Фукционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін

өзге тілді мектептердегі «Қазақ тілі» пәнін оқытудың әдістеме негіздері ХХ ғасырдың 60-70-жылдары орын

алған   әлемдік   білім   дағдарысы   халықтың   функционалдық   сауаттылығына   ауыр   да,   қатал   әсерін   тигізді.

Мамандардың айтуынша, тіпті бұл дағдарысқа міндетті білім алу шарасы ғасыр бойы жүргізіліп келе жатқан

дамыған   елдер   де   ұшыраған.   Мемлекет   басшысы   Н.Назарбаевтың   өзінің   жыл   сайынғы   Жолдауында

«функционалдық сауаттылықты арттыруды» негізгі тапсырма етіп жүктеуі бекер емес. Елбасы дұрыс айтады,

«білім   беру   тек   қана   оқытумен   ғана   шектелмей,   оны   керiсiнше,   әлеуметтiк   адаптация   процесіне   бейiмдеу

қажет". 

   12 жылдық мектептерге арналған жаңа оқулықтарға арнайы тақырыптар мен бөлімдер енгізіп, оқушылар үшін

ең   қажетті   өмірмен,   қазіргі   қоғаммен,   байланысын   арттырып,   жалпы   мәдениетін   қалыптастыру   қажет.

Оқушылардың   оқу   ауыртпашылығын   азайту   мақсатында   негізгі   және   орта   мектептерге   арналған   оқу

материалдарын қайта бөлуді қарастыру керек. Сондай-ақ жаңа мектепке арналған оқулықтар аталмыш пәннің

маңызын   түсініп,   оның   орнын   ұғынуға   ыңғайландырылып,   жалпы   айтқанда,   оқулық   жартылайлингвалды

болып, екі-үш тілде басылғаны дұрыс. 

  Жыл сайын кітабы жарық көріп жатқан ескі авторлардың орнына жаңа  авторлар мен сарапшылар келуі керек.

Функционалдық сауаттылықты арттырудың методологиялық базасы осы бәсекеге қабілеттілігіне байланысты

іске асады. Олай болса, бұл мектептегі білім жүйесіне жаңа мазмұн әкеліп, педагогикалық білім мазмұнының

жаңаруы мен жоғарылауына септігін тигізбек. 

    Баяндамамның   соңында   қазақ   тілі   пәнінен   оқушының   функционалдық   сауаттылығын   дамыту   мәселесіне

мынандай тұжырымдамамды ұсынамын: 

       1.Оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін меңгерте білу 

       2. Оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету; 

       3.Мемлекеттік тілде ауызша,жазбаша қарым-қатынас жасау; 

        4.Әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды     қолдану; 

        5. Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуіне үйрету ; 

        6. Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамыту; 

         7.Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дағдыларын дамыту ; 

         8. Қазақ халқының салт -дәстүрі, мәдениеті, тарихын түсіну және құрметтеге баулу;

                                     Пайдаланылған әдебиеттер:

1. ҰСТАЗДАР САЙТЫ     www.u-s.kz.

2. 1. Н.Ә.Назарбаев Әлеуметтік экономикалық жаңғырту-- Қазақстан дамуының басты бағыты  Ана тілі

газеті.

3. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын  дамыту жөнінде 2012-2016 жылдарға арналған



ұлттық  іс-қимыл жоспары.

29  


МЕНЯЯ МЕТОДЫ И ФОРМЫ…

В. Герасимова.  Учитель русского языка и  литературы 

КГУ «Школа -гимназия № 9 имени Некрасова»

В запасе вечность у природы,А у людей — лишь дни и годы, Чтобы взглянуть на вечный путь, 

И разобраться, в чем тут суть. Валентин Берестов

 Слова Валентина Берестова, как нельзя лучше,  раскрывают важность смысла жизни человека, умение его

задуматься над тем, что необходимо сделать для того, чтобы оставить свой след в жизни. Каждый человек в

процессе своей жизни, стремиться добиться поставленных перед собой целей и самое главное - это не опоздать.

Судьбе было угодно, чтобы я попала на курсы, которые кардинально изменили мое мышление не просто как

человека,   а   как   человека,   на   котором   лежит   ответственность   за   будущее.   Возможно,   это   звучит   немного

пафосно, но моя профессия подразумевает не просто научить детей свободно говорить на русском языке (я

учитель   русского   языка   и   литературы),   но   и   стараться   воспитывать   у   учащихся   умение   самостоятельно

находить знания и стремиться к ним. Прийти к пониманию всего этого, мне помогли именно курсы, на которых

я познакомилась с новыми подходами в обучении и преподавании. Изучив руководство учителя, я пришла к

пониманию того, что традиционная методика преподавания наше время становится мало эффективной. Что

необходимо стремиться к тому, чтобы как можно больше узнавать, достигать все более высоких результатов.

Стержневой  фигурой  в классе  является учитель  и именно от него зависит  то, как  будет  ученик  стараться,

насколько будет повышена мотивация к учебе. Учителю необходимо направлять его так, чтобы в процессе он

сам взял на себя ответственность за свое же обучение. Понял важность самостоятельного обучения, что все

успехи,   достигнутые   в   будущем,   зависят   от   него.   Для   того   чтобы   ученик   это   осознал,   необходимо

способствовать   развитию   в   нем   навыков   критического   мышления.   Используя   разные   формы   и   методы

преподавания, учитель осознанно идет к тому, чтобы поменять мышление учащихся. Становится для ученика

не просто учителем-наставником, а партнером, другом, единомышленником. Мне хочется поделиться как в

процессе изучения новых подходов в обучении и преподавании изменилась я и мое мышление. 

Сейчас я с удовольствием стала апробировать то, чему меня учили в центре педагогического мастерства.  

Все изменения, которые произошли в моем классе, я выразила в этом стихотворении: Прошу вас выслушать 

меня,О том, как изменилась я.То было нормой для меня,Что много говорю лишь я.Была на похвалу скупа,          

Авторитарна и строга.Но это в прошлое ушло.Сейчас мне ясно лишь одно, Что все, что было – позади,И я на 

правильном пути.Глаза открылись, понимаю, что многое в себе меняю.                                                                      

Стремлюсь исследовать, искать. В работе это показать.Меняя методы и формы,                                                  

Добилась в классе я реформы.Ученики мои раскрылись,Сначала, правда, удивились.                                               

Сказали: «Вы теперь другая, Не говорящая такая.                                                                                                            

Что с вами, почему молчите? На нас с улыбкой вы  глядите. Вопросы странно задаете, Мы на уроке, как в 

полете.Мы стали думать, размышлять,                                                                                                     

 Чтоб правильный ответ вам дать.Взгляд на оценку изменили,                                                                                 

Про три, четыре, пять забыли.Самооценка – это то, к чему стремились мы давно!Работа в группе поразила,Наш 

коллектив она сплотила.Еще понравилась нам то, что в группе все мы заодно».Все это слыша, понимаю, что 

правильным путем шагаю.Проблема класса решена,                                                                                                       

И гендерный барьер: «Ура!»- разрушен…                                                                                            

Дружный класс, вот то -к чему стремилась я давно.Пассивные мои детишки, уселись в поиске за книжки,      

И ИКТ им помогло-                                                                                                                

Работать вместе так легко!Теперь, планируя уроки,                                                                                                   

Я акцентирую на то, чтоб было всем уютно в классе,                                                                                                      

И результат был на лицо.Хочу, друзья, всем пожелать-Работать, думать, размышлять.Все недочеты 

исправляйте,Про ЦПМ не забывайте!Учитель нового формата-                                                                                    

Вот что для нас сегодня свято!

30  


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ – ЖАҢАША КӨЗҚАРАС

Түркістан қаласы, Некрасов   атындағы № 9 мектеп-гимназияның

қазақ тілі мен  әдебиеті пәні мұғалімі Г.Б. Ахметова

  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»

Жолдауында   (17   қаңтар,   2014   жыл)   белгіленген   «орта   білім   жүйесінде   жалпы   білім   беретін   мектептерді

Назарбаев   зияткерлік   мектептеріндегі   оқыту   деңгейіне   жеткізу   керек;   мектеп   түлектері   қазақ,   орыс   және

ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең

талдау   машығын   игеру   болуға   тиіс»   деген   міндетін   орындауда   мұғалімдердің   біліктілігі   қашанда   бірінші

орынға шығады. ХХІ ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы

үшін   –   ең   әуелі   сапалы   білім   қажет.   Ол   үшін   еліміздің   білім   саясатындағы   ғылым-техникалық   әлеуетін

жұмылдыру,   ғылымның   басым   бағыттарын   дамыту   жолындағы   ресурстарды   шоғырландыру,   оның

жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі.

Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі

құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Қазақстан-2050  стратегиялық  бағдарламасы  білім  берудің  ұлттық  моделінің  қалыптасуымен  және

Қазақстанның  білім  беру  жүйесін  әлемдік  білім  беру  кеңестігіне  кіріктірумен  сипатталады.  Қазіргі   таңда

мемлекеттік   тілді   оқытуда   жаңа   идеяларды   әр   сабақта   жан-жақты   қолданып,   жаңаша   оқытудың   тиімді

жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы

орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында:

«Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау

керек» деп көрсетілген.

Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында

Қазақстандық  білім беру жүйесін жақсарту үшін, ең  алдымен  ұстаздардың мәртебесін  арттыру,  біліктілігін

дамыту   бағытына   үлкен   мән   берілген.  Осыған   байланысты   қазіргі   таңда   еліміздің   білім   беру   жүйесіндегі

реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып,

жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады. Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті

дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды  дамыған 30 елдің қатарына

жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен

оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. 

Сын   тұрғысынан   ойлау   бағдарламасы   қызығушылықты   ояту,   мағынаны   тану,   ой-толғаныс   кезеңдерінен

түзеледі. Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы

әдістерді   жетілдіре  түсу  қажеттігі  күшейіп   келеді. Мұғалімнің   шеберлігі  қандай  жоғары  болса  да,  мұғалім

оқушының  өз белсенділігін туғыза  алмаса,  берген  білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде

қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

Барлық дамыған елдер өзінің бірегей жоғары сапалы білім беру жүйесіне ие. Негізгі мектеп үшін, барлық

мектептердегі   оқыту   стандарттарын   Назарбаев   Зияткерлік   мектептерінің   деңгейіне   дейін   жақсарту   қажет.

Жоғарғы мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығулары тиіс. Оқытудың нәтижесі

сын тұрғысынан ойлау,  өздігінен зерттеу және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруге  тиіс. Қазіргі

мемлекеттік бағдарламаларда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің білім берудегі  озық іс-тәжірибелерінің ең

үздік үлгілерін еліміздің барлық білім беру мекемелерінде кіріктіру көзделген.

Заманауи  қоғамның зиялы азаматына білім беру-  саналы түрде жоғары дамыған, сын тұрғысынан және

жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеу.

Білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады.

Заманауи мектептердің мақсаты -жоғары білімді, шығармашыл адамның үйлесімді тұлғаланып, дамуы үшін

қолайлы   білім   беру   кеңістігін   жасау  болып   табылады.   Өз     білімінің   нәтижесінде   оқушы   бойында   сын

тұғысынан ойлау, білімін шығармашылықпен пайдалана білу, зертеушілік дағдылары, АКТ дағдылары, топта

және   жеке   жұмыс   істей   білуі,   тілдік   дағдылары,   қойылған   міндеттер   мен   күрделі   мәселелерді   шеше   білу

дағдылары   қалыптасады.   Мектеп   бағдарламасына   кіріктірілген   пәндерді   енгізу   оқушының   жалпы   дамуына

және тақырыпты сабақта тереңірек зерттеп, әлем туралы тұтас ұғымының қалыптасуына септігін тигізеді.

Пәнаралық байланыс негізінде кіріктіре оқыту идеясын Я.А.Коменский: «Бір-бірімен байланысы бар заттар, сол

байланысты көрсетіле отырып оқытылуы қажет», - деген болатын. Қазіргі   таңда кіріктірілген бағдарламалар

оқу-тәрбие процесін технологияландырудың бірден-бір шарты болып табылады.

Бағдарламаның   мақсаты:     Жаңартылған   оқу   бағдарламасының   құрылымын,   мақсат-міндеттерін   меңгерту.

Курста жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және

белсенді оқыту технологиялары қарастырылады.

Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында

табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған

оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп

санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.

31  


Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады, 

нәтижеге жетеді. 

          Қорыта айтқанда, мұғалімдердің міндеті ауыр, мақсаты айқын. Отандық іс-тәжірибе негізінде әлемдік тә-

жірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, функционалды сауаттылығымызды арттыру

үшін   сыни   тұрғыда   ойлай   алатын   мұғалімдер   қатарын   көбейтсек,   жақсы   нәтижеге   жететініміз   сөзсіз   деп

ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет