Вестник казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет13/35
Дата03.03.2017
өлшемі3,59 Mb.
#6132
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35

 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Николис Дж. Динамика иерархических систем. – М.: Мир, 1989. – 489 с. 
2.
 
Акоста В. и др. Основы современной физики. – М.: Просвещение, 1981. – 495 с. 
3.
 
Ілиясов Н. Жалпы физика курсы. – А.: Білім, 2004. – 351 б. 
 
Резюме 
Н.Ильясов, к.п.н., профессор, А.Сарсембаева, магистрант, Г.Т.Айдарова, магистрант 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университеті) 
Явления, приводящие к нарушению симметрии 
Для большинства структур, встречающихся в природе, характерна сильная асимметрия
тем не менее законы природы выводятся на основе тщательного анализа обширных классов 
естественных  структур.  Однако  можно  предположить,  что  при  образовании  степеней 
симметрии  объекта  существенную  роль  играют  какие-то  внешние  факторы,  например, 
асимметрия  начальных  и  граничных  условий,  а  также  неустойчивости,  приводящие  к 
бифуркациям, т. е. ветвлениям решений, и тем самым к нарушению симметрии начального 
образования  или  структуры.  Кроме  того,  существуют  идеально  симметричные  законы,  но 
рождающие  асимметричные  явления  не из-за нарушения  симметрии за  счет  вмешательства 
каких-то внешних факторов, а просто из-за того, что симметричное решение неустойчиво. В 
статье  на  основе  выше  изложенного  рассматривается  ряд  модельных  и  представительных 
примеров относящихся как и широтой симметрии, так и к нарушению симметрии. 
Ключевые слова: скрытая симметрия, осциллятор, бифуркация, лазер, активная среда. 
 
SUMMARY 
N.Ilyasov, candidate of ped. sciences, professor, A.Sarsembayeva,  G.Aidarova, masterts 
(Almaty c., Kazakh state women’s teacher training university) 
The phenomena that lead to the violation of symmetry 
For the majority of the structures encountered in nature, characterized by a strong asymmetry, 
yet  the  laws  of  nature  are  derived  on  the  basis  of  a  thorough  analysis  of  the  extensive  classes  of 
natural structures. However, it can be assumed that in the formation of degrees of symmetry of the 
object    significant  role  plays  some  external  factors,  such  as  the  asymmetry  of  the  initial  and 
boundary  conditions,  as  well  as  the  instability,  leading  to  the  bifurcation,  t.  e.  the  branching  of 
solutions,  and  thereby  to  the  symmetry  breaking  of  primary  education  or  structure.  Besides,  there 
are perfectly symmetric laws, but giving birth to asymmetric phenomenon is not due to symmetry 
breaking  due  to  the  intervention  of  some  external  factors,  but  simply  due  to  the  fact  that  a 
symmetric solution  is  unstable On the basis of the above stated discusses a number of model and 
representative  examples  relating  to  both  the  symmetry  and  the  latitude,  and  to  the  symmetry 
breaking. 
Keywords: hidden symmetry, the oscillator, bifurcation, laser, the active medium 
 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
80 
 
ӘОЖ 37.026.9:371.212:371.385.3 
ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 
 
Н.А.Сәндібаева, п.ғ.к.,  
қауымдастырылған профессор м.а.,  
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті) 
Қ.Зейдін, оқытушы  
(Алматы қ., Алматы индустриалды колледжі) 
 
Аңдатпа:  Қарастырылған  мәселенің  өзектілігі  Қазақстан  Республикасының  «Білім 
туралы» Заңында, ҚР стратегиялық даму бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2011-
2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында,  сонымен  бірге  мемлекеттік 
саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамыту, білім 
берудің  дамытушы  сипатын  арттыру  мәселелерінде  басты  міндеттер  қатарында  қойылған. 
Әрбір  жеке  тұлға  бойындағы  мүмкіндіктерді  дамыту  –  шығармашылық  қызығушылықты 
қалыптастыру  арқылы  жүзеге  асырылады.  Шығармашылық  іс-әрекет  продуктивті  процесс 
ретінде  қарастырылады.  Сондай-ақ  физика  сабақтарында  оқушылардың  эксперименттік 
тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары қарастырылды. 
Түйін сөздер: физика, оқушы, шығармашылық, эксперименттік тапсырмалар, оқыту. 
Физика 
сабақтарында 
оқушылардың 
эксперименттік 
тапсырмалар 
арқылы 
шығармашылық  қабілетін  дамытуға  бағытталған  зерттеулер  ғылыми  идеялар  мен 
практикалық  дайындықтың  білім  беруде  оқушылардың  шығармашылық  іс-әрекеттерін 
ұйымдастырудың  көптүрлілігін  көрсетеді,  бірақ  оқушылардың  оқу  үдерісінде  анық 
қамтылмаған.  Осылайша  білім  берудің  теориясы  мен  практикасындағы  қазіргі  кездегі 
жағдайды сипаттауға болады:  
-  қоғамның  мәселелерді  жүйелі,  тізбекті  және  сапалы  шеше  алатын  шығармашылық 
белсенді  тұлғаларда  қажеттілігі  және  жеке  тұлғалардың  шығармашылық  дамуына  қажетті 
педагогикалық әдістемелер мен шарттардың жеткіліксіздігі
-  оқушылардың  алуға  тиіс  білім  деңгейіне  талаптардың  жоғарылығы  негізгі  мектептің 
оқу процесін қайта өзгертуге және оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін қамтамасыз 
ете алмайтындықтан қажет деңгейге жеткізу керек; 
-  оқушылардың  шығармашылық  іс-әрекеттерін  дамытудың  әлеуметтік  қажеттігі  және 
оқушылардың  шығармашылық  іс-әрекеттерін  ұйымдастырудың  ғылыми-әдістемелік 
жеткіліксіз қарастырылмағандығы;  
-  оқушылардың  шығармашылық  іс-әрекеттерін  дамытудың  объективті  бағалану 
керектігі  және  оқушылардың  шығармашылық  іс-әрекеттерін  дамытудың  нәтижелерін 
бағалаудың педагогикалық тұрғыдан құралдық жеткіліксіздігі.  
Осы сынды мәселелерді саралай отырып, қазіргі таңда физика пәнін оқыту барысында 
да,  көптеген  ғылыми-әдістемелік  әдебиеттер  мен  нұсқаулардың  қажеттілігін  айқын  көре 
аламыз. Білім беру процесін барынша жандандыру және оқушылардың техникалық пәндерге 
деген  қызығушылығын  арттыра  отырып,  олардың  шығармашылық  белсенділігін  дамыту 
мектептің  қазіргі  кезеңдегі  кезек  күттірмес  мәселелерінің  бірі.  Физика  сабақтарында 
оқушылардың эксперименттік жұмыс дағдысын, шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысын 
арттыруға болады. Қабілеттілік  - дегеніміз дамудың нәтижесі болғандықтан, оның туа бітуі 
мүмкін  емес.  Оқушы  қабілеті  дегеніміз,  оның  педагогикалық  ықпал  аясындағы  білім  алу 
әрекеті.  
Жеке  тұлғаны  дамыту,  оқыту  оның  шығармашылық  қабілетінің  дамуына  әсер  етеді. 
Әрбір оқушы оқу материалын шығармашылық деңгейде игере алады, яғни шығармашылық 
қабілетін  дамытады.  Бұл  үшін  оның  шығармашылық  ойын  дамыту  негізінде  оқуға,  яғни 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
81 
 
өздігінен білім алуға үйрету қажет. Сондықтан, ең алдымен оқушы даяр білімді мұғалімнің 
түсіндіруімен  алатын  дәстүрлі  оқыту  практикасынан  бас  тарту  керек.  Бізде  әлі  күнге 
мектепте  сабақтағы  белсенді  бірде-бір  тұлға  –  оқу  материалын  түсіндіруші  мұғалім,  ал 
оқушының рөлі  тыңдаумен, оқумен және оны білімді  тексеру кезінде қайта айтып берумен 
шектеледі.  Шығармашылық  үрдістегі  басты  мәселе  –  есептің  шартынан  оның  шешіміне 
барар  жолдағы  логикалық  алшақтықты  түйсік  арқылы  жеңу.  Толғандыратын  мәселе  (есеп, 
зертханалық жұмыс, эксперименттік тапсырма, т.б.) оны толық билеп, күші мен назары соған 
ауады.  Оқушы  басқа  жұмыстармен  шұғылданса  да,  оның  сана  түкпірінде  осы  мәселенің 
шешімі  қарастырылып  жатады.  Оның  ұзақтығы  шығармашылық  қызметтің  тәжірибесіне 
байланысты.  
Шығармашылық  қызметтен  тәжірибе  жинақталған  сайын  есеп  бұрынғыдан  да  тез 
шығарылатын 
болады. 
Шығармашылық 
қабілеттерін 
арттыруда 
эксперименттік 
тапсырмаларды  үйге  берудің  маңызы  ерекше.  Экспериментті  жүргізудің  дидактикалық 
құрылымы  төмендегідей  болуы  мүмкін:  демонстрациялық  тәжірибелер,  фронтальды 
зертханалық  жұмыстар,  физикалық  практикум,  үй  жағдайындағы  тәжірибелер.  Физиканы 
оқыту  әдістемесі  эксперимент  тұрғысында  дамыған.  Әсіресе  көрнекілік  тәжірибелері    оқу 
үрдісінің жалпы бөлігінің елеулі үлесін қамтыған.  Соның ықпалы болар, біздің мектептердің 
де  сабақ  процесінде  оқытудың  физикалық  эксперименті  арнайы  дидактикалық  мәселелерді 
шешетін,  әдістемелік  діңгекті  ғылымға  айналды.  Мектеп  физикасының  экспериментіне 
енген, көрнекілік тәжірибелер жинақталған, белгілі оқу жүйесіне байланыстырып, теориялық 
заңдылықтардың  мектеп  бағдарламасына  қажет  деп  табылған  бөлімдерін  математикалық 
интерпретацияларымен  бірге  пайдалану  орынды.  Эксперименттің  арасында  физиканың 
теориялық  маңызын  сезім  мүшелерімен  қабылдап  қана  қоймай,  оның  басқа  да  пәндермен 
тығыз байланысы бар екенін оқушылар ұғынады. 
Тәжірибені  көрнекілеудің  көп  мақсаттарының  бірі  –  ол  жаңа  тақырып  өту  барысында 
оқушыларды физика пәніне қызықтырумен өтілетін физикалық ұғымдарды дұрыс қабылдап, 
нақты  ғылыми  түсінік  иемденуіне  ықпал  етуі.  Тәжірибе  көрнекілеу  сабақта  айтылған 
оқытушының  теориялық  шарттарын  нақтылап  түсіндіруге  зор  ықпалын  тигізеді.  Бұл 
мақсаттардың  орындалуы  үшін  оқытушының  айтқан  қағида-тұжырымдарына  тәжірибедегі 
физикалық заңдылықтар мен құбылыстар көрнекілігі болуы керек.  
Мұғалімнің  үйге  эксперименттік  тапсырмалар  беруі  сирек  кездеседі.  Дегенмен,  оқу 
процесінде  дәл  осы  тәсілді  қолданудың  ерекше  маңыздылығы,  біріншіден,  үй  жұмысының 
формасын түрлендіреді (кітапты оқыту, есеп шығару), екіншіден оқушының шығармашылық 
қабілетін аша отырып,алдына тек қана өздігінен эксперименттік тәжірибе жасау арқылы ғана 
шешілетін мәселені қояды. 
Үй  тапсырмасы  ретінде  эксперименттік  тапсырмалар  беру  оқушының  төмендегідей 
қабілеттері мен шеберліктерін дамытады: 
-
 
интеллектуалдық  (салыстыру  қабілеті,  негізгіні  ажырата  білу,  зерттеу,  эксперимент 
нәтижелерін жазу және қорытындылау); 
-
 
пәндік  (теорияны  практикамен  ұштастыру  шеберлігі,  шығармашылық  ізденісін, 
физикалық  білімдерін құбылыстарға талдау  жасауға қолдану, көптеген үй жабдықтары мен 
құралдарының жұмыс істеу принципін түсіндіру); 
-
 
ұйымдастыру-танымдық  (құрал-жабдықтардың  функционалдық  міндеттерін  анықтай 
білу,  техникалық  құрылғылармен  жұмыс  істегенде  техника  қауіпсіздігі  мен  құрылғыларды 
пайдалану ережелерін сақтау); 
-
 
еңбек ете білу (үйдегі құралдармен жұмыс істеуді үйрену дағдысы, ұсталық, т.б.). 
Физика 
сабақтарында 
оқушылардың 
эксперименттік 
тапсырмалар 
арқылы 
шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған физикалық эксперименттік тапсырмаларды 
үйге  беру  осы  пәнге  ерекше  қызығушылықты  тудырады.  Өйткені  мұнда  жергілікті,  табиғи 
және  тұрмыстық  (техникалық)  жағдайлар  ескеріледі.  Үйге  берілетін  эксперименттік 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
82 
 
тапсырмалар  жүйесі  құрылған.  Бұл  жүйе  төмендегідей  бірқатар  мәселелерді  шешуге 
бағытталған: 
-
 
тәжірибелерді физикалық тұрғыдан қарастыру; 
-
 
физикалық  шамаларды  өлшеу  арқылы  физикалық  заңдар  мен  заңдылықтардағы 
функционалдық тәуелділікті анықтау; 
-
 
физикалық үдерістерді тұрмыстық техника көмегімен басқару мүмкіндігін түсіндіру; 
-
 
тұрмысқа қажетті техникалық құрылғылардың параметрлерін өлшеу және есептеулер 
жүргізу (элекр құрылғыларының – үтіктің, электрқыздырғыштың қуатын электр энергиясын 
есептегіш  пен секундтық  тілі бар сағат арқылы анықтау және оны осы құралдың құжаттық 
көрсеткіштерімен салыстыру; егер олар сәйкес келмесе себептерін түсіндіру); 
-
 
техникалық  білімдерін  күнделікті  еңбек  тәжірибесінде  қолдану  (май  қабатымен 
жабылған  суда  картоп  тезірек  піседі.  Мұны  тәжірибеде  тексеріп,  құбылысты  түсіндіру 
керек). 
Физикалық  құбылыстардың  негізін  ұғыну,  түсініктерді,  теорияны  игеру  процесі  әр 
оқушыда  бірдей  жүрмейді.  Оқыған  материалды  біреулер  тез  игереді,  енді  біреулеріне  ой 
қорытуына  және  есіне  сақтауына  көп  уақыт  қажет.  Үйде  оқушылар  әрқайсысы  өз 
қарқынымен  жұмыс  істейді.  Үй  тапсырмасы  дұрыс  ұйымдастырылса,  сабақ  кезіндегі  алған 
білімдерін бекітуге және тереңдетуге көмектеседі. 
Эксперименттің 
физика 
сабақтарында 
жүйелі 
орын 
алуы 
оқушылардың 
шығармашылық қабілетін дамыту мен оқушылардың танымдық іс-әрекетінің қызықты және 
белсенділігіне  тәрбиелік  әсер  етуін  қалыптастырады.  Оқушылар  әрбір  ұғым  дәлелденген 
пәнге үлкен сыйластықпен қарайды. Сол бойынша олар заттың ашылуын жеңіл қарастырып, 
сабақтағы  тәжірибелерді  қызығушылық  тудыруына  қарай  бағалайды.  Шығармашылық 
қабілеттерін қалыптастыру оқушыларға экперименттік әдістің маңызын көрсету, теория мен 
практиканың  байланысын  ашып  көрсету  арқылы  да  жүзеге  асырылады.  Академик 
П.Л.Капица  «Эксперимент,  теория,  практика»  деген  мақалалар  жинағында  (М.  Ғылым, 
1974ж  91-96б)  теория,  эксперимент,  практика  туралы  жаратылыстану  ғылымдарының 
бәрінде  осы  көрсетілгендердің  маңызы  туралы  айтып  өтті.  П.Л.Капица  «Теория  –  жақсы 
дүние, бірақ дұрыс эксперимент мәңгіге қалады», – деді. 
Оқыту  барысында  теориялық  және  эксперименттік  әдістерді  қарама-қарсы  қою  дұрыс 
емес. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қарастырылу қажет сұрақтар: 
1. «Физикалық эксперимент» сөздерімен нені түсінуге болады. 
2.  Қандай  да  бір  эксперимент  біздің  физика  заңдары  туралы  түсінігімізді  өзгерте  ала 
ма? 
3. Физикалық теорияны экспериментсіз құруға бола ма? 
4. Қандай эксперимент маңызды? 
5. Тақырыпқа сай тәжірибе қоюға бола  ма? 
Сауалнаманы  толтыру  арқылы  оқушылардың  ізденіске  көңіл  қоюына,  ғылыми-
көпшілік  әдебиетті  оқуына,  ақпараттар  ағымы  мен  жаңалықтар  легінде  ізденіп  болашақ 
баяндамалардың  маңызын  ұғынуына  көмектеседі.  Қойылған  эксперимент  Галилей, 
Гильберттен  басталғанымен,  тек  ХVІІІ  ғасырдың  аяғында  ғана  жаратылыстанудың  дамуы 
күрт көтеріле бастады. 
«Физикалық  тәжірибе»  сөздерінің  өзі  көп  ұрпақтың  зертханалық  эксперимент, 
табиғаттағы  бақылаулар  және  зерттеулерді  қамтиды.  Оқушылардың  анкета  жазылған 
сөздерін  мысалға  келтіре  отырып,  жүргізуші  бірнеше  қызық  және  маңызды  тәжірибелерді 
көрсете алады. 
Эксперимент – бұл ғылым есігі. Архимед нақты проблемалармен және құбылыстармен 
шұғылданған ғалым. Архимед өзі құрастырған көпірлерді салды, өзендердің ағысын реттеді, 
аудан  мен  көлемдерді  өлшеу  әдістерін  ашты,  тіреу  нүктелеріне  түсірілетін  күштерді 
анықтады,  денелердің  жүзу  шарттарын  анықтап  берді.  Архимед  инженерлік  практикада 
өзінің  ғылыми  тұжырымдамалары  мен  эксперименттерін  қолдаған,  алғашқы  ойшыл  еді. 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
83 
 
Табиғи эксперименттер қайта өрлеу дәуірінде дамыды.  «Ғылым  – қолбасшы, ал практика – 
әскерлер» – деп еді Леонардо да Винчи.  
Физика  пәні  тәжірибе  ғылымы  ретінде  оқу  функцияларын  жаңа  құбылыстармен 
таныстыру,  жаңа  материалды  игерудегі  көрнекіліктер,  құбылыстарды  сандық  өлшеу, 
оқушылардың  эксперименттік  дағдыларын  қалыптастыруды  міндеттейді.  Жаппай  тәжірибе 
жүргізуді  түрлендіру  аса  маңызды.  Мысалы,  «Температура  және  оны  өлшеу»  тақырыбын 
зерттелетін дененің жылу алмасуы мен термометрді бақылау арқылы бастау керек.  
Екі оқушыдан тұратын топта эксперимент жасау керек. Оның әрқайсысы суы бар ыдыс 
пен  термометр  алады.  Ол  өзінің  бағалау  шегін  жасап,  өзі  жасаған  «термометрмен» 
зерттеулер  жүргізеді.  Термометрді  өз  зерттеуіндегі  судың  температурасын  өлшеу  арқылы 
және  қасындағы  оқушының  ыдысындағы  судың  температурасын  өлшеп  салыстырулар 
жүргізеді. Екі  оқушы да өз ыдысындағы су температураларын  салыстыра отырып, бірқатар 
зерттеулер  жүргізеді.  Неге  адамның  температурасын  өлшеуде  термометрді  5-10  минут  қою 
керек? Оны одан да жылдам өлшеуге бола ма? Әртүрлі оқушылардың алған нәтижелері бір 
ыдыста бірдей болып шыға ма? Неге? Елер ыдыстар өте кішкентай болса не өзгерер еді? Осы 
сияқты біршама сұрақтарға жауап бере отырып, теория мен  практикалық білімді қатар алып 
шығуға болады. 
Маңыздысы тәжірибе барысында алынған білімді жұмыстың басқа да түрлерінде тиімді 
қолданылуы  керек.  Оқу  материалын  зерделеуде  танымдық  қабілетті  арттыру  үшін, 
оқушылардың эмоциялық қабылдауына әсер етеміз.   
Сонымен  бірге,  қызықты  материалды  ұсыну  арқылы  оқушылардың  қойылған 
сұрақтарға  дұрыс  жауап  беруін  қадағалаймыз.  «Су  тамшысының  құпиясы»,  «Ыстық  және 
суық»,  «Аномальды  құбылыстар»  және  т.б.  ұқсас  тақырыптарды  оқып,  сәйкес 
материалдармен танысу оқушылардың ой-өрісін сұраққа жауап іздеуге бағытталады.  Оқыту 
барысында жазу мәдениеті, яғни белгілі жүйе, нақтылық және реттілік қалыптасады. Үйдегі 
тәжірибелерді  және  бақылауларды  баяндау  оқушыға  көргенін  терең  ойлауға,  негізгіні 
ажырата  білуге  үйретеді.  Тәжірибелік  көрнекілеудің  тағы  бір  ұтымдысы  ол  оқушылардың 
зейінділігі  мен  зерде  деңгейін  анықтау  мақсатында  эксперимент  арқылы  физика  пәнін 
жалпылай ұғыну мүмкіншіліктерін айқындап, әрбір оқушының кемелді тағылымдарға үңіле 
білуін,  ойын  айтып  жеткізе  білу,  оқытушы  айтқан  қағидаларды  өзіндік  пайымдай  білу 
нышандарын  дифференциалды  түрде  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Эксперименттік 
тапсырмалар  оқушылардың  ізденісін  арттырып,  қана  қоймай,  олардың  жаңалыққа 
құштарлығын оятып, шығармашылық тұрғыдан белсенділігін арттырады.   
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2014ж. 
2.
 
Paul  J  Meyer.  Management  Review  by  George  T.  Doran.  There’s  a  S.M.A.R.T.  way  to 
write  management’sgoals  and  objectives  //  Management  Review.  –  Volume  70,  Issue  11(AMA 
FORUM). – P. 35-36.  
3.
 
Терминдер глоссарийі 
4.
 
А.Әлімов.  Интербелсенді  әдістемені  ЖОО-да  қолдану  мәселелері  атты  курс 
материалдарынан. Алматы, 2014.  
5.
 
САЙТ: http.//Сlass-fizika. narod.ru, http://www.pfmesi.com/ 
6.
 
Н.А.Сәндібаева  «Өрлеу»  біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығының  курс 
тапсырмаларынан 
Резюме 
Н.А.Сандибаева, к.п.н., и.о. ассоц. профессор, 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
К.Зейдин, преподаватель (г. Алматы, Алматинский индустриальный колледж) 
Развитие творчества учеников на уроках физики с помощью экспериментов 
Развивать  творческую  деятельность  учащихся,  можно  с  помощью  эксперимента
Большое внимание уделяем учебным экспериментам на разных этапах урока и с различной 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
84 
 
целью  при  постановке  проблемы,  закреплений  знаний,  проверке  усвоения  теоретического 
материала.  А  так  же  экспериментальные  задачи.  Задавая  эксперимент  на  дом,  мы  обучаем 
школьников  умению  самостоятельно  пополнять  знания.  Это  один  из  самых  педагогически 
эффективных  и  интересных  для  учащихся  приемов  творческой  работы.  Он  способствует 
осознанному  изучению  курса,  воспитывает  самостоятельность  и  находчивость,  развивает 
индивидуальные творческие способности, мыслительную деятельность, интерес к предмету. 
Ключевые слова: физика, ученик, творчество, экспериментальные задачи, обучение. 
 
Summary 
N.A.Sandibayeva, 
c.ph.cs.
, about. assoc. professor, 
(Almaty city, Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
K.Zeydin, lecturer (Almaty city, Almaty Industrial College) 
The development of creativity of pupils at the lessons of physics through experimentation 
The development of creative activity of students is possible by means of experiment. We pay 
more attention to the educational experiments at different stages of the lesson with different purpose 
in the formulation of problems, consolidation of knowledge, checking the assimilation of theoretical 
material.  And  also  experimental  tasks.  By  setting  the  experiment  at  home,  we  teach  students  the 
ability  of  raising  knowledge  by  their  own.  This  is  one  of  the  most  pedagogically  effective  and 
interesting approaches of creative work for the students. It contributes to conscious learning of the 
course,  brings  up  the  independence  and  resourcefulness,  develops  individual  creative  abilities, 
intellectual ability, and interest to the subject. 
Keywords: physics, student, creative, experimental tasks, training. 
 
 
 
ФИЛОЛОГИЯ – PHILOLOGY 
 
ӘОЖ 81’374(574):004 
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАР АРАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ 
ТЕРМИНОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
А.Т.Абуова, PhD 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа: Қазіргі кезде ақпараттық технологиясыз және ғаламторсыз өмірді еслестету 
мүмкін  емес.  Сол  себептен,  білім  беру  саласында  жаңа  терминдер  мен  қысқартулар  кең 
таралуда. Қазіргі түркі халықтары арасындағы ортақ терминология мәселесі,  соның ішінде, 
терминология саласындағы соңғы ақпараттық технология бойынша ортақ терминдерді қолға 
алу  өзекті  мәселе  болып  отыр.  Тіл  арқылы  кез  келген  халықтың  болмысын,  сана  сезімін, 
дүниетанымын байқауға болады. Бүгінгі күні бұл мәселені жан-жақты, арнайы қарастырудың 
маңызы  ерекше  екені  сөзсіз.  Әр  саланың  дербес  мақсаты,  өз  зерттеу  объектісі  бар.  Ұлттық 
тілге  тек  тілші  ғалымдар  ғана  емес,  сонымен  қатар  энографтар,  психологтар,  педагогтар, 
философтар және техника саласының мамандары да айрықша көңіл бөліп келеді.  
Түйін  сөздер:  ақпараттық  терминология,  түркі  халықтарының  ортақ  терминологиясы 
мәселесі, сөзжасам, сөздік, компьютер, ғаламтор. 
Қазақстан  өз  тәуелсіздігін  алғаннан  кейін  жақын  және  алыс  шет  елдермен 
дипломатиялық  байланыс  құра  бастады.  Осы  орайда,  бұрынғы  Кеңес  Одағының  ішіндегі 
тәуелсіздігін  алған  түркі  халықтары  болсын,  мейлі  шалғайда  жатқан  Түркия  Республикасы 
болсын, арада барыс-келістермен бірге мәдени байланыстар да қанаттана бастады.  

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
85 
 
ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының арасындағы үзілген байланыстың зардабын 
біз тәуелсіздіктен кейін тартып отырмыз. 1926 жылы Баку қаласында өткен Бірінші Одақтық 
Түркология съезінде барлық түркі халықтарының зиялы қауымдарының басқосуында, қазіргі 
күнгі  өзекті  мәселелерге  айналған  түркі  халықтарының  ортақ  терминология  мәселесі 
көтерілген болатын. Сол кездерде қазақ зиялылары «терминдерді түркі тілдерінен алғанымыз 
дұрыс,  себебі  түбіміз  бір  тіл  болғандықтан  тез  сіңеді,  әрі  мағынасы  түсінікті,  бұлыңғыр 
емес»,  –  деп  ортақтасуға  жол  іздеген  [1;  13-17  б.].  Егер  де  сол  кездерден  бүгінге  дейін 
біздердің байланыстарымыз үзілмеген жағдайда кім білер еді, қазір біздер бұдан да ауқымды 
мәселелермен  айналысар  ма  едік?  ХХ  ғасырдың  басынан  ХХІ  ғасырға  дейін  технология 
қарқындап дамып, тілімізді маңына жуытпай келеді. Ал тәуелсіздігін алған түркі халықтары 
өздерінің  тілдеріндегі  интернационалды терминдердің  құрсауынан  толығымен  арыла  алмай 
отырған жағдайы тағы бар.  
Тіл  байлығы  сөз  санымен  ғана  емес,  оның  сапасымен,  мағына  тереңдігімен, 
ауқымдылығымен де өлшенеді. Тілдің лексикалық байлығын көне заманнан бері қалыптасып 
келе жатқан бір буынды және екі буынды түбір сөздер мен олардың негізінде пайда болған 
мыңдаған туынды түбірлердің жалпы саны мен солардың беретін мағына саны мен мағына 
ауқымы  негізінде  өлшеуге  болады.  Тіліміздегі  сөздер  ғасырлар  бойы  өздігінен  пайда 
болмағанын ескерсек, жалпы тіл лексикасының дамуын, ең алдымен, ұғым  – түсініктер мен 
мағынасының дамуы деуге болады. Кезінде орыс тілін ғылым тілі бола алмайды дегендерге 
қарсы:  «Егер  белгілі  бір  ойды  өз  ана  тілімізде  дәл  бере  алмасақ,  бұны  тіліміздің 
оралымсыздығынан  көрмей,  өзіміздің  дәрменсіздігімізден  көру  керек»,  –  деп  М.Ломоносов 
айтқандай, біз де тіліміздің бар мүмкіншілігін сарқа пайдалана алмай жүрсек, оның себебін, 
ең  әуелі,  өзімізден  іздегеніміз  жөн  шығар.  Өйткені  «жасандылық»  пен  «жасампаздықты» 
ажырата  алмайтын,  «басынан  бал-бұл  ұшты»  деп  тұрақты  тіркестерді  қалаған  жерден 
ұшырып, қалаған жерге қондыратын көбейіп кетті. 
Тілді  жетілдіру  –  барлық  адамзаттың  міндеті.  Сол  тілдің  бүгіні  мен  ертеңі  тілді 
қолданушылардың өз қолында. Сондықтан тіл білімі ғылымының бір саласы ретінде соңғы 
кездері зерттеле бастаған лингвоэкология ғылымы осы бағытта ерекше орын алады. Себебі, 
лингвоэкология әлеуметтік, психологиялық,  философиялық  ғылымдардың тоғысында пайда 
болған. Бұл ғылымның қазақ тіл білімінде де кең өріс ала бастағаны Нұргелді Уәлиұлының 
авторефератында  көрініс  тапқан.  Тілдік  орта  лингвоэкологиялық  зерттеудің  түпқазығы 
болып  саналатын  қоғам  мүшелерінің  тілдік  санасының  қалыптасуына  ықпал  ететін,  тілдік 
жүйенің  жай-күйі  мен  сол  тілді  қолданудың  қоғамдық-тілдік  тәжірибесі,  тілдің  қоғамдағы 
болмысына,  оның  дамуы  мен  қызмет  етуіне  әсер  ететін  экономикалық,  идеологиялық, 
мәдени, әлеуметтік-психологиялық, этнопсихологиялық факторлардың жиынтығы [1]. 
Кез  келген  термин  –  сөзжасамдық  әрекеттің  нәтижесі.  Сөзжасамдық  құрылымдарға 
жатпайтын  тұлғаларды  қолданып,  жоқты  жонғандай  болып,  оңай  жерден  термин  жасай 
қоюды әдетке айналдырып жатқан сияқтымыз. Тілде жаңа сөздің пайда болуы – үлкен оқиға. 
Ол – сана-сезімдегі сонылықтың, ой-өрістегі өзгерістердің хабаршысы. Бірақ, амал не, қазіргі 
«жаңалық» дегендеріміздің көбі ойлаған жерден шыға бермейді. 
Қазіргі  қазақ  терминологиясының  дамуы  мен  қалыптасу  тарихы  бірнеше  кезеңдерді 
басынан  өткеріп  келеді.  Осы  кезеңдердің  әрқайсысы  қоғамымыздың  саясаты  мен 
экономикасы,  мәдениеті  мен  тарихы  кезеңдеріндегі  өзгерістермен  тығыз  байланысты. 
Қоғамдық өмірдегі мұндай өзгерістер терминология саласында сөздік қордың дамуына әсер 
етті.  
XX  ғасырда  қазақ  халқының  саяси-әлеуметтік,  рухани-мәдени  өмірі  қаншалықты 
дүрбелең  оқиғаларға  толы  болса,  сол  оқиғалар  терминологияның  және  тілдің  ғылыми 
дамуына  да  әсер  етті.  Сол  себептен,  ұлттық  терминқор  әрбір  кезеңнің  ерекшелігін,  өзіне 
қатысты  тақырыптар  аясында  зерттеу  жұмыстарын  жүргізудің  маңызы  өте  зор.  Соның 
нәтижесінде мына жаңа ғасырдың басында түркі әлемі терминологиясының ортақ кезеңдері 
басталуда. Қазіргі кезде ақпараттық технологиясыз және ғаламторсыз өмірді елестету мүмкін 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
86 
 
емес.  Сол  себептен,  білім  беру  саласында  жаңа  терминдер  мен  қысқартулар  кең  таралуда. 
Соның  салдарынан  қазақ  тілінде  жаңа  терминдер  қолданысқа  еніп,  олардың  жаға 
мағыналары  мен  аттары  қалыптасуда.  Бұл  мағына  атаулары  мамандық  тіліне  қатысты 
болғандықтан,  сол  саланың  маман  иелеріне  ғана  түсінікті.    Сонымен  қатар,  осы  заманның 
талаптарына  зер  салсақ,  ақпараттық  технология  тек  мамандардың  ғана  емес,  күнделікті 
өмірмен  бірге  еншілескен  жайы  бар.  Бірақ  та  бұл  сала  бойынша  қазақша  бірнеше 
жарияланған оқулықтар мен сөздіктер негізінде шектеліп, дені орыс тіліндегі жариялымдар 
салмағын  басып  келеді.  Қазақ  тілінде  жазылған  сөйлемдерде  орысша  немесе  ағылшыншы 
терминдерді  қолданбаған  кездерде  сөйлемнің  мағынасы  төмендейді.  Соның  салдарынан 
терминдердің аударылу мәселелері де белең алуда.  
Түркі  әлемі  термин  жасау  ісінде  тіл,  ұлт  мәселесі,  ұлттық  тілдің  және  оның 
ерекшеліктері  мен  мүмкіндіктерін  зерттеу  жұмыстары  негізінде  жүргізілуде.  Осы  бағытта 
қазақ ғалымдарының қай сала болмасын, қазіргі кезде алдымен ұлттық тіл мен ұлттық ділдің 
байланысы негізінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, термин мәселелерін қолға алса, бұдан да 
жақсы  нәтижелерге  қол  жеткізуге  болар  еді  деген  де  пікірлер  туындауда.  Бірақ  бұл,  әрине, 
уақыт  таразысының  еншісінде  қала  бермек.  Соған  қарамастан  бір-бірлеріне  жақындасып, 
сіңісе бастаған терминдеріміз де жоқ емес. 
Мысалы,  түріктер  «компьютер»  сөзінің  орнына  «bilgisayar»  сөзін  қолданады.  Бұл 
сөздің  мағынасы  «мәлімет»  немесе  «ақпаратты  санау»  дегенді  білдіреді.    Ал  біздер  латын 
тілінен  шыққан  сөзді  орыс  тілі  арқылы  олар  қалай  қабылдаса,  солай  біздер  де  ала  салдық. 
Бірақ осы ақпараттық терминология бойынша зерттеу жүргізіп жүрген ғалым Г.Зәуірбекова 
қытай  тіліндегі  баламасын  қазақ  тіліне  аудару  арқылы  «компьютерге»  –  «санауыш»  деген 
сөзді  ұсынады.  Сонымен  қоса  ғалым  процессорға  «амал  жәшік»,  түрік  тілінде  «kasa» 
термині  қолданылады;  «компьютерлік  бағдарлама»  түрік  тілінде  «bilgisayar  programı 
(yazılım)» – Г.Зәуірбекованың ұсынысында «жұмсақ бөлшек» деп көрсетілген. Әрине, қытай 
тілінің  құрылысына  қарай  ұтымды  шыққан  терминдер  болуы  мүмкін,  ал  қазақ  тілінің 
сөзжасамына  сәйкес  келмейді.  Мұндай  мысалдар  тек  қазақ  тілінде  кездеспейді,  бұл  мәселе 
өзге де түркі тілдер арасында да кездеседі.  
Егер  қазақ  және  түрік  тілдеріндегі  терминдерді  салыстырар  болсақ,  мысалы:  Түрік 
тілінде «fare» деп қалыптасып кетсе, ал қазақ тілінде орыс тілінің тікелей аудармасы арқылы 
жалпы  қолданысқа  ие  болған  «тышқан»  сөзі  қолданылуда,  бірақ  жарыспалы  түрде 
«дәйекші»,  «қолтетік»,  ал  қытай  қазақтары  «тінтуір»  деп  қолданылып  келеді.  Мағына 
жағынан қазақ тіліне жақын болған «қолтетік» сөзі термин ретінде ұсынылып отыр.  
Қоржын – KlasörКомпьютерлік қоржын – Bilgiayar dosyası
Ғаламтор  –  İnternet  (Ağ),  түрік  тілінде  бұл  сөздің  орнына  Ахмет  Сөнмез  «genelağ»  
сөзін ұсынады.   
Жад – Hafıza   
Жұмыс столы – Masaüstü   
Ақпарат – Bilgi   
Пернетақта – Klavye   
Перне –Tuş   
Дерекқап – Dosya   
@ айқұлақ – @ kuyruklu-a, güzel @  
Қосу – Başlat  
Тетік – İmleç / ok т.б. [3-7]. 
Ал  татар  тілінде  бұл  терминдер,  Джевдет  Сүлеймановтың  еңбегінде  көрсетілген: 
computer – sanaq, calculyator - sansanaq, dıspley - küräk, menu - saylaq, klavisha, knopka, key - 
töymä, keyboard, klaviatura - töymäsar, cursor, kursor - kürsär; splash screen, zastavka – alsürät; 
exposure, viderjka – açıqça; Start -Başlau Mouse, Mish – Tıçqan, yomrı: variantlar – kürsetkeç, 
baqa, uqyörtkeç, Ok –  Xup, Yes - äye, No - yuq, Save as –  saqlau räweşe, Save - saqlau;Delete  - 
beterü, yägni - beteregä, beter tügel, Find - ezläü, Save - saqlau, Read - uqu, Write – yazu vb.  [8]. 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
87 
 
Ақпараттық  технология  терминдерін  жасау  барысында  болсын,  жалпы  термин  жасау 
барысында  ғалымдардың  жалпы  қолданылатын  үш  тәсілі  бар.  Олар:  жүйелілігі,  тілдің 
құрылысына  үйлесімділігі  және  эстетикасы  [9,  16].  Жүйелік  тұрғысынан  айтар  болсақ, 
термин ретінде қолданылатын сөз бір мағынада қолданылуы тиіс. Тілдің құрылысына келер 
болсақ, бұл жерде терминнің сыртқы көрінісі, яғни морфологиялық құрылымы мағынасымен 
үйлесуі  тиіс.  Эстетикалық  тұрғыдан  келер  болсақ,  термин  ретінде  қолданылған  сөз  қысқа 
айтылып, қысқа жазылуы тиіс. Сонымен бірге құлаққа жағымды, сыпайы естілуі тиіс. Міне, 
байқалғандай термин де әрбір ұлттың логикалық ойлау мәдениетімен тығыз байланысты.   
Қорыта  келе,  «Қазақстанның  болашағы  –  қазақ  тілінде.  Тілсіз  ұлт  болмайды.  Өз 
тілімізді  сақтау,  өз  тіліңді  құрметтеу  отаншылдық  рухты  оятуға  қызмет  етеді,  әрі  ата-баба 
алдындағы  ұлы  парызымыз»,  –  деп  Елбасымыз  айтқандай  тіліміздің  мерейін  көтеріп, 
асқақтату баршамыздың басты міндетіміз болып есептелетінін естен шығармастан, түбі  бір 
түркі  халықтарының  мәдени  қарым-қатынастары  негізінде  терминология  саласы  бойынша 
дипломатиялық,  технологиялық  және  өзге  салалық  сөздіктер  мен  тілашарлар  дайындалуы 
қажет.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет