SUMMARY
Zharmaganbetova D.G. undergraduate
(Almaty city, Kazakh State Women’s Teacher Training University)
The appearance of suicide in society
The article states about suicide, that is, the suicidal nature, which is one of the urgent
problems of modern Società. In the scientific literature says, suicidal character - this is the type of
character of the person, deliberately going to the suicide. Looking at the scientific theoretical
literature in the history of mankind has been evaluated various attempts to suicide. People in Europe
consider if someone commit suicide it will become vampires. And in ancient Greece, Sparta,
Athens burned the body of one of those who committed suicide. Mid-century Austria, Prussia,
France, people who commit suicide, a religious point of view is considered to be criminals.
Suitsidogen i particular circumstances of the person, his life experience and intelligence determined
by behavior. Suitsidogen conflicts carried out the true causes .
Key words: «suicide», «suicidology», «suicidal conflict», suicidal charakter, psychological
depression, help of community (society).
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
161
ӘОЖ:94 (574)
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ – ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛЫ ТҰЛҒА
Қ.Қ.Жылқышыбаева, т.ғ.к., доцент
Г.Е.Бакаева, тарих магистрі, оқытушы
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Бұл мақалада көрнекті қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері,
Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Д.А.Қонаевтың
өмірі мен еңбек жолы қарастырылған. Сонымен қатар, Д.А.Қонаевтың өз заманының білікті
саясаткері бола білгені жөнінде де айтылады. Ол кісі билік басында болған уақытта елдің
экономикасын, әлеуметтік жағдайын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамытуға зор үлес
қосқандығы баяндалады. Д.А.Қонаев туралы Н.Ә.Назарбаевтың және С.Әбдірайымұлының
естеліктері де берілген. Д.А.Қонаевтың Қазақстан алдында сіңірген еңбегі үшін «Д.А.Қонаев
мұражай-үйі», қайырымдылық қор құрылғандығы, бюсті орнатылғандығы туралы да жазылған.
Ол кісінің бастамасымен бой көтерген мәдени орындар, мейрамханалар, цирк және көптеген
ғимараттар Қазақстан Республикасының визиттік карточкасы болып қалатындығы айтылады.
Бұл мақалада жас ұрпақтың алдына ата-бабадан қалған жер байлығына ие болу, бірлікті болу,
рухани дүниелерді қадірлеу секілді бірқатар міндеттер қойылады. Д.А.Қонаевтың үлгілі өмірі
кейінгі ұрпақтың мәңгі есінде сақталатындығы да айтылған.
Түйін сөздер: Д.А.Қонаев, тарих, мұражай, ұрпақ, ғылым, мәдениет.
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993) – аса көрнекті мемлекет және қоғам
қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі,
техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдерінің иегері. Д.А.Қонаев
өз заманының білікті саясаткері бола білді. Ол кісі билік басында болған уақытта
қаншалықты күрделі, қарама-қайшылықта болғанымен елдің экономикасын, әлеуметтік
жағдайын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне ерекше еңбек сіңірді. Д.Қонаев түрлі
деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп орталықтың өктем саясатының ығымен
кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ.
С.Әбдірайымұлы Д.А.Қонаев туралы былай дейді: «Димаш Ахметұлы – тарихи тұлға,
өз заманының ұлы перзенті. Қазақстан үкіметі басшысының орынбасарлығы қызметіне
келген күннен бастап есептесек, ол кісі табан аудармастан республиканы қырық екі жыл
басқарыпты. Үкімет басшысы, Ғылым академиясының президенті және билік басында
коммунистік партияның республикалық ұйымының бірінші хатшылығын былай қойғанда,
кезінде айдарына жел есіп, ұлы держава атанған Кеңес Одағын ашса – алақанында, жұмса –
жұдырығында ұстаған ат төбеліндей Саяси Бюро құрамында ширек ғасыр болу екінің бірінің
маңдайына жазыла бермеген бақ...» [1].
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға
жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық
дәстүрін жақсы білетін, тағлымы терең, ой өрісі биік жан екенін көрсетті. Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің естелігінде: «…Бұл
өткен заманды аңсау емес, тауқыметі мол болса да, өзіңе етене өз тарихыңды қастерлеу.
Д.А.Қонаев Қазақстан тарихында ірі тұлға болып қалары даусыз»- деген болатын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1994 жылдың 24
ақпанында «Д.А.Қонаевтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында» қаулысы шықты. Онда
Д.А.Қонаевтың Қазақстан алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін Алматы қаласында
«Д.А.Қонаев мұражай–үйі» құрылсын делінген. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл
қаулысы біздің тарихымызды ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру, оны білуге ұмтылған адамдарға
және Д.А.Қонаев пен оның серіктестерінің өмірі мен қызметі туралы білуге қажетті
шешімдердің бірі болды [2].
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
162
2002 жылы 12 қаңтарда Д.А.Қонаевтың туғанына 90 жыл толуы қарсаңында
Д.А.Қонаев мұражай-үйі салтанатты түрде ашылды. Оған Алматы қаласының әкімдігі,
мәдениет басқармасының көмегі зор болды. Сондай-ақ, Д.А.Қонаевтың қызметтес
әріптестері мұражай ашылуына үлкен үлес қосты. Мұражайдың тұңғыш директоры болып
Б.З. Батталханов тағайындалды. Оның қаулысы қабылданып, штат саны мен қызметкерлер
орны белгіленді. Мұражай жәдігерлер жинау барысында Д.А.Қонаевтың туыстары мен
әріптестерінің үлесі молынан болды [3].
Д.А.Қонаев орта мектепті бітіргеннен кейін, 1936 жылы Мәскеудегі түсті металдар
институтын тәмәмдап, тау-кен инженері деген мамандық алды. Институтты бітіргеннен
кейін «Прибалхашстройға» жіберіледі, бұрғылау станогы машинисінен Қоңырат руднигінің
директорына дейінгі жолдан өтеді. Ұлы Отан соғысы жылдарында «Алтайполиметалл»
комбинатының бас инженерінің орынбасары және техника бөлімінің бастығы, сондай-ақ
Ленинагор кен басқармасының Риддер кенінің директоры болады [4]. 1942 жылдан 1952
жылға дейінгі аралықта Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі Төрағасының орынбасары
қызметін атқарады. Қазақстанның көрнекті мемлекет және саяси қайраткері, ғалым, таукен
инженері, 1952 жылдан Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі, ал 1968 жылдан бастап
техника ғылымының докторы [5]. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып екі рет
тағайындалған (1955-1960 және 1962-1964 ж.ж). 1960-1962 жж. және 1964-1986 жж.
Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, 20 жылдан аса уақыт СОКП ОК Саяси Бюросының
мүшесі. Д.А.Қонаев 25 жыл бойы КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, 27 жыл бойы Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі, СОКП XIX-XXVII съездерінің делегаты, 3-тен 11-
ге дейін шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі
депутаты болды. Қазақстанның қуатты аграрлы-индустриалды мемлекет ретінде
қалыптасуында Д.А.Қонаевтың сіңірген еңбегі ерекше. Д.А.Қонаевтың қайраткерлік
мезгілінде Өскемендегі қорғасын-цинк және титан-магний, Соколов-Сарыбай, Лисаков,
Балқаш, Жезқазған таукен-металлургия комбинаттары құрылды және дамыды. Оның
көмегімен химия металлургия институттары ашылды [6].
Қазақстандағы ВАСХ-НИЛ, Ақмоладағы Бараев институты әлеуметтік тапсырыс
пакеттерін алды, ядролық физика саласындағы интенсивті жұмыстар бастады. Орта Азиялық
әскери округ, әскери-инженерлік база құрылды. Алматыдағы құрылыс пен жағдайластыруда
да ол аз нәрсе жасаған жоқ. Оның бастамасы бойынша бой көтерген Республика Сарайы,
Достық даңғылындағы тұрғын үйлер, «Медеу» спорт кешені, Балуан шолақ атындағы спорт
және мәдениет сарайы, Республика алаңы, «Қазақстан», «Жетісу», «Алматы», «Алатау»
мейрамханалары, цирк, аэровокзал, аэропорт және көптеген құрылыстар мен мәдени
орындар Қазақстан Республикасының визиттік карточкасы болып қалды. Д.А.Қонаев
республика мәдениетін бағалады және қолдады. О.Сүлейменовтың «АЗ иЯ» атты зерттеуінің
философиялық мәнін түсінді, оны орталықтың «жаласынан» арашалады. Өнерді
тоталитаризмнің идеологиясынан қорғай білді [7].
Д.А.Қонаевтың ғылыми еңбектері кен орындарын ашық әдіспен зерттеудің теориясы
мен тәжірибесінің маңызды мәселелеріне арналған. 1948 жылы кандидаттық, ал 1968 жылы
докторлық диссертация қорғады. 1952 жылдан Қазақ КСР Ғылым Академиясының толық
мүшесі, 100-ден аса ғылыми еңбектері бар. 1992 жылы оның «Менің кезім жөнінде» атты
естелік кітабы жарық көрді. 1994 жылы ол «Сталиннен Горбачевқа дейін» деген атпен қайта
басылды. Д.А.Қонаев сіңірген еңбектері үшін Ленин орденімен және тағы басқа орден,
медальдармен марапатталған. Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері. 1994 жылы Д.А.Қонаевтың
есімімен колледж, тау-кен ісі институты, көше аталды. 1978 жылы Алматыда бюсті
орнатылды. Д.А.Қонаев атында қайырымдылық қоры құрылған.
1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып Колбиннің келуіне
байланысты Д.А.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші
хатшылығынан босатылды [8]. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы
республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
163
оқиғасына ұласты. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар, білікті жан ретінде
елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең
сезініп, қолдай білді. Осы қазақ 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінен кейін, көп ұзамай өзінің
көк туын желбіретіп, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Осыдан былай қазақ өзінің
саяси және экономикалық мәселелерін өзі шешіп, жеке ұлттық мемлекеттер қатарына
қосылып, басқалармен тең жағдайда өмір сүруге құқығы бар халық болды. Дінмұхамед
Ахметұлы тәуелсіздікті жеңіп алған халқының алдында балаша қуанып: «Ту жығылмасын,
Туды ұстаған ұл жығылмасын!» деп тәңіріне сыйынған халқымен бірге масаттанып, бойына
қуанышпен бірге күш-қуат кіріп, бір серпіліп қалды. Дінмұхамед Ахметұлы ұрпақтарына
аянбай еңбек етуді, өздерінің санасын жоғарылатуды, келешегі мол өскелең ұрпақ болып
қалыптасуын тіледі. Ата-бабаларымыздың «Құлын көбеймей жылқы өспес, ұрпақ көбеймей
ұлтың өспес» деген асыл сөздерін естен шығармауды міндеттеді [9].
Қорытындылай келе, осы мақаланы жазуда Д.А.Қонаевтың өшпес асыл сөздерін, өмір
жолын, тарихын оқи отырып, қазіргі мемлекетіміздің негізін қалаушы жастардың алдына
мына міндеттерді қоямыз:
1. Ата-бабадан қалған жер байлығы мен рухани байлыққа ие болу;
2. Қазақтың өзара бірлігі мықты болуы керек. Ұлттық бірлікті рулық бірлікпен
шатастырушылармен күресе білу;
3. Надандықтың ең жаман түрі болып саналатын зиялыларды танымау, таланттармен
табыса білмеу, оларды қадірлемеушілермен күрес жүргізу;
4. Қазақ жұртына тағдырдың сыйға тартқан мүмкіншіліктерін қалт жібермей ұлт
пайдасына жарату;
5. Жастарды ұлттық рухта, ұлағатты дәстүрге тәрбиелеу;
6. Талантты, ойлы, зерделі маман ұлт қадірлілері айтқан пікірлеріне әрқашан құлақ
салып, олардың айтқан ақылдарын елемеушілік сияқты қылықтарды дер кезінде тойтарып
тастау;
7. «Өз халқымды сүйемін» деген желеу сөзге бой алдырмай, халқын жақсы көріп сүюді
тек іс жүзінде көрсеткен жағдайда ғана сеніп, халық тарапынан бақылау жүргізіп отыру;
8. Өз халқының жақсыларын місе тұтпай, әлдекім кездейсоқтарға табынушылықты
болдырмау;
9. Ата-бабаларымыздың және ақылды ұлы адамдардың жақсы қасиеттеріне ие болумен
қатар, оны алға қарай жылжытуға үлес қосуға ұмтылу;
Д.А.Қонаевтың үлгі өмірі кейінгі ұрпақтың мәңгі есінде сақталады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Елу жыл ел ағасы. Құрастырған: С.Әбдірайымұлы. – Алматы, 2002 . –Б. 452
2. Мерекеева С.К. Қазақстан музейлері. – Алматы, 2009. –Б. 25
3. Д.А. Қонаев және Алматы. (У истока большого мегаполиса). – Алматы, 2008. – Б.
398.
4. Қонаев Д.А. Өтті дәурен осылай. – Алматы, 1992. – Б.74.
5. Көмекова Р. Ұлы адамнан ұлағат. – Семей, 2004. – Б.3-7.
6. Жолдасбекұлы М., Салғараұлы Қ., Сейділбекұлы А. Елтұтқа. – Астана, 2001.–Б.38-
37.
7. http://sachok.kz/referat/show/972
8. Алматы. 1986. Желтоқсан. – Алматы, 1991. – Б.20.
9. Тоғысбаев Б., Сужикова А. Тарихи тұлғалар. – Алматы, 2009. – Б.375.
Резюме
Жылқышыбаева К.К., к.и.н., доцент, Бакаева Г.Е., магистр истории, преподаватель
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Динмухамед Ахметович Конаев – великая личность ХХ века
В этой статье рассмотрена биография и трудовой путь видного общественного деятеля,
трижды героя социалистического труда, академика АН Казахской ССР, доктора
технических
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
164
наук Д.А.Кунаева. Вместе с тем, в статье говорится каким квалифицированным, для своего
времени, политиком был Д.А.Кунаев. Так же в статье описываются времена, когда
Д.А.Кунаев был во главе правительства, то какой вклад он оставил в развитие экономики
страны, национальной культуры, науки и ее социальное положение. В статью так же
включены воспоминания Н.А.Назарбаева и С.Абдыраймулина об этом человеке. Вместе с
тем, в статье говорится, об открытии «музея имени Д.А.Кунаева» за его заслуги перед
Казахстаном, создании благотворительного фонда и установлении его бюста. Так же в статье
указано, что многие культурные места, рестораны, цирк и многие здания, построенные под
началом этого человека, являются визитной карточкой нашей страны. В этой статье имеются
напутствия и обязательства молодому поколению нашей страны, такие как беречь богатства,
оставленные нашими предками, быть едиными, ценить духовное наследие. Так же здесь
говорится о том, что подающая пример жизнь Д.А.Кунаева навсегда запомнится в памяти
следующих поколений.
Ключевые слова: Д.А. Кунаев, история, музей, поколения, наука, культура.
Summary
Zhylkyshybaeva K.K., candidate of historical sciences,associate professor
Bakaeva.G.E., master of history, lecturer
(Almaty city,Kazakh State Women’s Teacher Training University)
Dinmuhamed Akhmetovich Kunaev - the great personality of the twentieth century
This article deals with life and career of a prominent public figure, three times Hero of
Socialist Labor, academician of the Academy of Sciences of the Kazakh SSR, Doctor of Technical
Sciences D.A.Kunaev. However, the article states how qualified, for its time, was a politician
D.A.Kunaev. Also in the article describes the times when D.A.Kunaev was head of the government,
what kind of contribution he left in the country's economy and national culture, science and its
social position. The article also includes memories of Nursultan Nazarbayev and S.Abdyraymulina
about this man. At the same time, the article says, about the opening of the «D.A.Kunaev’s
museum» for his services to Kazakhstan, creating a charitable foundation and the establishment of
his bust. Also article states that many cultural sites, restaurants, circus and many buildings
constructed under the authority of the man, the hallmark of our country. There are parting word, and
commitment to the young generation of our country, such as to protect the wealth left by our
ancestors, to be united, to appreciate the spiritual heritage. As it says here that sets an example the
life of D.A.Kunaev forever be remembered in the memory of future generations.
Key words: D.A.Kunaev, history, museum, generation, science, culture.
ӘОЖ 366-648.2(563)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АРДАГЕРЛЕРДІ МЕМЛЕКЕТ
ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
К.Ж.Жайшибекова, соц.ғ.к.
Ж.Д.Қожахметова, магистрант
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Мақалада ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»
Стратегиясында көрсетілгендей Қазақстан халқының дамуына, адамдардың ұзақ өмір
сүруіне, қауіпсіздігіне, жайлы өмір сүруіне арналған құжаттарды атай келе, олардың мән-
мағынасын ашып көрсетеді, сонымен қатар ардагерлерді ерекше әлеуметтік топ ретінде
қарастырып, оларға тиісті мемлекет тарапынан көрсетілетін түрлі қамқорлық іс-шараларға
тоқталады. Автор ардагерлерге көрсетілетін әлеуметтік жұмысқа және әлеуметтік
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
165
қызметкерлердің қамқорлығындағы адамдарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтің алуан
түрлерін атап өтеді. Сонымен қатар қараусыз қалған ардагерлерге арнайы салынған
ардагерлер үйлері туралы және олардың саны жылдан-жылға өсіп келе жатқаны туралы
толық ақпарат берілген. Мақалада зейнетақының мөлшері жыл сайын өсуі нақтыланып,
ардагерлердің баспана мәселесі, медициналық көмек көрсету және басқа мәселелері жақсы
шешімін табуда екенін дәлелді фактілермен көрсетеді.
Түйін сөздер: ардагер, зейнетақы, тұрғын үй, әлеуметтік көмек, қолдау, қорғау.
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстан-2050»
стратегиясында:
«Салауатты
өмір
салтының
орнығуы,
медицинаның
дамуы
қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттырады. Қазақстан әлемде
адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен
тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі дегеніміз – дамыған елдің негізі......» деп атап
айтқан болатын [1].
Адам құқықтарын қалыптастыру және оларды қорғау – демократиялық мемлекет пен
азаматтық қоғамның даму процесінен көрініс табады. Еліміз тәуелсіз даму жылдарында
бірқатар халықаралық құжаттарға қосылып үлгерді. Бірақ Қазақстанның қосылмай келе
жатқан халықаралық келісімдері де жеткілікті. Конституциямен және өзге де нормативті
актілерде белгіленген негізгі құқықтардың тәжірибеде нақты іске асырылуы республикадағы
адам құқықтарын қорғаудың процедуралары мен механизмдерінің оңтайлы жетілдірілуін әрі
нығайтылуын қажет етеді. Адам және азаматтың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру,
олардың алдын алу және болдырмау шараларын қабылдау, заңды бұзған тұлғаларды дер
кезінде жауапкершілікке тарту, құқықтың бұзылғандығы туралы арыз-шағымдарды
уақытында әділетті қарау, заңсыздықтар мен құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу – әр
мемлекет пен азаматтық қоғамның ең басты міндеті болып саналады. Бүгінгі таңда Қазақстан
Республикасында адам құқықтарын қорғау құралдары еліміздің заңнамасында нақты түрде
бекітілген. Осы құралдарды белгілеп отырған заңнама актілерінің негізін құрайтын құжат,
әрине, Конституция.
Қазақстан Конституциясының бірінші бабынан бастап адам құқықтарына деген
мемлекеттің ерекше көзқарасы белгіленген. 1-ші баптың 1-ші тармағында «мемлекеттің ең
жоғарғы құндылығы болып адам, оның өмірі, құқықтары мен міндеттері» табылады делінген.
Белгілі қазақстандық заңгер-ғалым Г.Сапарғалиев бұл жөнінде былай дейді: «Саяси ілімде
демократияны өзіндік құндылық ретінде, мемлекеттік құрылыста бекітілетін жалпы адами
құндылықтардың нақты көрінісі ретінде қарастырады».
Олардың қатарына адам, оның өмірі, құқықтары мен міндеттері жатады. Осылардың ең
жоғары құндылық деп тану мемлекет үшін адам және адамның материалдық игілігінен артық
нәрсе жоқ деген сөз. Адам қалыпты өмір сүру үшін мемлекет барлық қолынан келетін
жағдайды жасауы керек. Мемлекет адамның өмірін қолсұғушылықтан қорғауға міндетті.
Конституцияда бекітілген және күнделікті заңнамада нақтыланған адамның құқықтары мен
бостандықтарының жүзеге асырылуына мемлекет ең алдымен көмектесуі керек деген сөз [2].
Жеке адам қоғамда ерекше істерімен, ақыл-парасатымен, адамгершілік асыл
қасиетімен, беделімен жұртшылыққа танылғанда ғана ардагер болады. Қазіргі кезде еңбек
ардагері, соғыс ардагері деп атаймыз. Өз өмірлерін қиып, бізге азаттық таңын сыйлап кеткен
сарбаздарды ұмыту мүмкін емес. Біз бәрін жадымызда сақтауға міндеттіміз! Өткенді ұмыту –
Отан үшін, келешек ұрпаққа тастап кеткен бейбіт аспан үшін күресіп, жандарын қиғандарға
деген естелікке опасыздық жасау деген сөз. Ардагерлердің үлесі Бүкіләлемдік денсаулық
сақтау ұйымының (БДҰ) есептеуінен асып (6% деп саналған) 10%-ға жетіп отыр.
Қалыптасып отырған осындай жағдайға орай медициналық, биологиялық, әлеуметтік-
экономикалық жүйелі зерттеулермен айналысатын ғылыми қауымдастықтың салауатты өмір
салтын қалыптастыруда ұйымшылдық танытуы – бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.
Ардагерлермен әлеуметтік жұмыстың басым бағыты – орта ұйымдастырушысы оларды
игеруге сол арқылы, ардагерлерді үнемі осы ортамен өзара іс-әрекет жолдарының болуы.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
166
Таңдау еркіндігі қорқынышсыздық, ертеңгі күнге сенімділік, өзінің және басқаның өміріне
жауапкершілік сезімін оятады.
Қазақстан Республикасының ардагерлерді қолдау мақсатында қабылдаған заңдарын
айтатын болса, олар:
-
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы» заңы;
-
ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңы;
-
ҚР «Өмір сүру деңгейінің төменгі мөлшері туралы» заңы;
-
ҚР «ҚР-дағы арнайы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңы;
-
ҚР «Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және
жеңілдіктер туралы» заңы.
2014 жылдан бастап әлеуметтік қызмет көрсету мен әлеуметтік қамсыздандыру жыл
сайынғы республикалық бюджет шығысы 2015 жылға жоспарланған шығыстарды қосқанда,
190 миллиардтан 392 миллиардқа дейін, яғни екі есеге дейін өсті [3].
Әлеуметтік қызмет көрсету кезінде жалғызілікті ардагерлерге көмек ұйымдастыру
ерекше орын алады. Әлеуметтік қызметкерлер үйде көмек көрсете отырып, адаммен қарым-
қатынастың жетіспеушілігін білдіртпейді. Жалғызілікті, қозғалуға шамасы келмейтін
ардагерлерге баратын әлеуметтік қызметкерлер мәжбүр еткен жалғыздықтан арылады.
Әлеуметтік қызметкерлердің қамқорлығындағы адамдарға қызмет көрсетуі аса маңызды.
1457-2005 ҚР Стандартына сәйкес үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері
мынадай әлеуметтік қызмет көрсетеді:
-
ардагерлер күтімі бойынша қызмет көрсетулер;
-
кереуеттен тұруға, киінуге, жуынуға, тамақтануға, дәретхананы пайдалануға, үйде
жүріп-тұруға көмек;
-
хат жазуға және оқуға көмектесу;
-
тамақ өнімдерін, ыстық түскі асты, бастапқы қажетті өнеркәсіптік тауарларды, дәрілік
заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және үйге жеткізу;
-
тамақ дайындауға жәрдемдесу;
-
жеке үйлерде су әкелу, пеш жағу, орталық жылу жоқ үйлерде тұратын адамдар үшін
отынмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
-
заттарды кір жууға, химиялық тазартуға, жөндеуге тапсыру және оларды кері қарай
жеткізу;
-
киімдерді жууға көмектесу;
-
тұрғын үй және коммуналдық қызмет көрсетулерді төлеуге жәрдемдесу;
-
әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулерді ұйымдастыру;
-
денсаулық жағдайын бақылау (температурасы мен қысымын өлшеу);
-
дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді (дәрі қабылдау, тамшы
тамызу, компресс қою, өңдеу, тазарту клизмаларын орындау) жасау;
-
психологиялық көмек көрсету, соның ішінде әңгімелесу, тыңдау, сергіту,
белсенділікке ықылас қою, өмірлік тонусын психологиялық қолдау;
-
шұғыл дәрігерге дейінгі көмек көрсету;
-
госпиталдандыруға жәрдемдесу;
-
медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;
-
тиесілі кепілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды алуға жәрдемдесу [4].
Тізбеден көрініп отырғандай, әлеуметтік қызметкер бастапқы, физиологиялық
сипаттағы өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет көрсетеді, психоәлеуметтік
қызмет көрсетулерді ұсынуға тырысады. Әлеуметтік қызметкер қамқорлығына алған
адамдарға кесте бойынша келеді. Кесте ардагерлер мен мүгедектердің тілегі ескеріліп
жасалады. Оны меңгеруші бекітеді. Әлеуметтік мекемелердің жұмысында үлкен жастағы
халыққа әлеуметтік қызмет көрсету бағдарламасын орындайтын кәсіпқойлардың оқытуы
маңызды орын алуы тиіс. Ардагерлермен жұмыс істеуде негізгі қағидаттардың бірі жеке
адамды құрметтеу болып табылады. Әлеуметтік қызметкерлер ардагерлерде туындайтын
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
167
көптеген психологиялық, психопатологиялық, моральдық-этикалық проблемаларды түсіну,
күнделікті практикалық жұмыста және қызмет көрсетілетін халық топтарымен қарым-
қатынас кезінде олардың күш-жігерін жеңілдететін және көмектесетін әдістер мен
технологияларды игеру қажет. Әлеуметтік қызметкерлерден әрбір қарт адам үшін нақты
қажеттіліктерді шешуде жеделдік, бастамашылық, зеректік талап етіледі. Осыған
байланысты ардагерлерге қызмет көрсетуде бірінші кезектегі міндеттерді шешу үшін білікті
кадрлардың болуы қажет.
Әлеуметтік қызметкерлердің штат санының нормативтері 1457-2005 ҚР Стандартына
сәйкес айқындалған. Соған сәйкес қалаларда 8-10 адамға және селолық елді-мекендерде 4-6
адамға 1 әлеуметтік қызметкерден келуі тиіс. Қазақстан Республикасында барлығын 329
үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі жұмыс істейді және 33 мыңнан астам
жалғызілікті ардагерлерге қызмет көрсетіледі. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, 1950 жылы
әлемде 200 млн. шамасында 60 және одан жоғары жастағы адамдар болса, 1975 жылға дейін
олардың саны 550 млн-ға өскен. Болжам бойынша, 2025 жылы 60-тан жоғары жастағы саны
1 млрд. 100 млн. адамға 5 есе өседі, ол кезде планета тұрғындарының саны 3 есе өседі.
Адамдардың өмірлерінің әлеуметтік шарттары ең алдымен олардың денсаулық
жағдайымен анықталады. Денсаулық жағдайының көрсеткіштері сапасында өзіндік байқау
бағалану кеңінен қолданылады. Өзіндік бағалаулар қатты ерекшеленеді [5]. Денсаулық
жағдайының тағы бір көрсеткіші – белсенді өмір қызметтілігі ардагерлерде хроникалық
аурулар күшінде төмендейді, естудің, көрудің нашарлауы, ортопедиялық проблемалар пайда
болады.
Ардагерлердің ауру деңгейі жастарға қарағанда 6 есе жоғары. Денсаулық таласа алатын
жалғыз проблема – материалдық жағдай. Ардагерлер өздерінің материалдық жағдайларының
төмендігіне, инфекция деңгейіне, медициналық көмектің жоғары тұратынына қиналады.
1998 жылы әлеуметтік-экономикалық дағдарыс нәтижесінде зейнетақыны көбейту мәселесі
өзекті болды. Көптеген ардагерлер материалдық қажеттіліктен жұмыс істеуді жалғастырады.
Өткізілген әлеуметтік зерттеуге сәйкес, зейнеткерлердің 60%-ы жұмыс істегісі келеді екен.
Ардагерлердің ішінде өз үйінде және қарттар үйінде тұратындар арасында едәуір
айырмашылық бар. Кейбір бағалаулар бойынша қарттар үйінде тұратындардың 56%-ының
психикасында хроникалық тежелулер болса, 16%-ы психикалық аурулардан зардап шегеді.
Үй жағдайында өмір сүретіндердің 5-6%-ы қартайғандағы ақыл әлсіздігімен ауырады,
стационарлық мекемелерде олардың үлесі әлдеқайда жоғары. Сонымен бірге, ардагерлерге
арналған интернат үйлерінде психиатр, психолог, әлеуметтік педагог тегін қызмет көрсетеді .
Барлық ел үкіметтеріне ардагерлерге әлеуметтік қолдау облысында келесі шараларды
жасау ұсынылады:
1) ардагерлерге қатысты ұлттық саясатты жасап, сол арқылы заман арасындағы
байланысты нығайту;
2) қайырымдылық ұйымдарын мадақтау;
3) ардагерлерді экономикалық күйзелістен қорғау;
4) ардагерлерге арналған арнайландырылған мекемелерді өмірге бейімдеп қамтамасыз
ету;
Өзара көмек тобы – бұл белгілі бір жерге бауыр басқан мүшелерінің проблемалары
ортақ (бір-біріне айта отыратын қажеттіліктерді) бір-біріне көмектесетін кіші топ. Мұндай
топтар бір-біріне жақын тұратын 5-7 адамнан тұрады. Мұндай топтар кейде аяқасты пайда
болады, бірақ көбіне оларды оның болашақ белсенді мүшесі немесе оларға тұрмыстық көмек
көрсететін әлеуметтік жұмысшы ұйымдастырылады. Топтың әр қатысушысы өзінің
ресурстарын дамыта және өзектелендіре отырып көмекті қабылдап қана қоймай, оны
жасайды, өмірдің бұрынғы нормаларын толығымен жоққа шығару емес, позитивті өмірге
дағдылануға ақырындап үйрету.
Өзара көмек топтарының пайда болу себептері:
1) өзіндік реализация және жеке тұлғаның дамуы;
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
168
2) кризисті ситуация немесе қайғы;
3) әлеуметтік жағдайдың нашарлығы, денсаулық жағдайы, мүгедек болуы;
4) аздаған және тағы басқа топтар жататындығы.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдар бірінші кезекті тәртіппен
қабылданады. Бюджеттен тыс қаражаттың есебінен қызмет көрсету үшін адамдардың
қабылдауына рұқсат етіледі.
Ардагерлерге әлеуметтік қызмет көрсетуге мынадай құжаттардың негізінде
қабылданады:
1.
Өтініш;
2.
Уәкілетті органның жолдамасы (бюджет қаражатының есебінен қызмет көрсету
кезінде);
3.
Жеке куәлік;
4.
Тұрғылықты жері туралы анықтама;
5. Денсаулық жағдайы туралы медициналық карта (белгіленген үлгіде);
6. Амбулаторлық картадан үзінді көшірме;
7. Зейнеткерлік куәлік (зейнет жасындағы адамдар үшін);
8. Мүгедек, ҰОС ардагерлері және соларға теңестірілген адамдар мәртебесін растайтын
куәлік (мүгедектер, ҰОС қатысушылар мен соларға теңестірілген адамдар үшін);
9. Мүгедектігі туралы анықтамадан үзіндінің көшірмесі;
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі.
2015 жылдың бірінші қаңтарынан бастап республикада он бес аумақтық әлеуметтік
қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Оның құрамында үйде әлеуметтік қызмет көрсету
бөлімшесі және жартылай стационарлық күндізгі бөлімше бар. Мысалы, Солтүстік Қазақстан
облысында ардагерлер мен мүгедектерге 65 орынды Булаев аумақтық әлеуметтік қызмет
көрсету орталығы жұмыс істеді. Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының
қажеттілігіне байланысты олардың санын көбейтіп, осындай орталықтарды республиканың
әр облысында құру қажет [6].
Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары туралы ақпарат, 2015 ж. 1 қаңтар
Барлығы
Орталықтардың саны, бірлік
19
Олардың ішінде стационарлар бар
14
Орындардың саны, БАРЛЫҒЫ
965
соның ішінде:
тұрақты және уақытша тұру үшін
95
күндіз болу үшін
915
Тұрақты немесе уақытша тұратындардың саны, адам
85
Тегін тұру шартымен қабылдаған адамдардың саны
0
Бір жыл ішінде ардагерлермен және мүгедектермен өткізілген күндердің-адамның
саны барлығы:
соның ішінде
98927
бес күн болу
9948
соның ішінде ақылы шартпен
0
Есеп беру кезеңіндегі ұстау шығындары, БАРЛЫҒЫ, мың.теңге, соның ішінде
78766,5
ағымды ұстауға
89766,5
күрделі жөндеуге
0
Ақылы қызметтерден қаражат түсті, мың.теңге
1009
Әлеуметтік қызмет көрсету кезінде жалғызілікті ардагерлерге көмек ұйымдастыру
ерекше орын алады. Әлеуметтік қызметкерлер үйде көмек көрсете отырып, адаммен қарым-
қатынастың жетіспеушілігін білдіртпейді. Жалғызілікті, қозғалуға шамасы келмейтін
ардагерлерге баратын әлеуметтік қызметкерлер мәжбүр еткен жалғыздықтан арылады.
Әлеуметтік қызметкерлердің қамқорлығындағы адамдарға қызмет көрсетуі аса маңызды.
Қазақстан Республикасында барлығы 629 үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі
жұмыс істейді және 66 мыңнан астам жалғызілікті ардагерлерге қызмет көрсетіледі.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
169
Қазақстанда 2015 жылдың 1-сәуірінен бастап зейнетақы көбейді. Ұлы Отан соғысына
қатысқан Кеңес Одағының Батырларына және үш дәрежелі «Даңқ» ордендерінің
иегерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 229,190 теңге болып бекітілді. Ұлы
Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері –
56,445 теңге, Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен тыл ардагерлерінің арнаулы
мемлекеттік жәрдемақы мөлшері – 55526 теңге болады. ҰОС қатысушысы немесе ҰОС
мүгедегі қайтыс болған жанұяға — 72542 теңге төленеді.
2010 жылы Алматы қаласында тұруға жайлы жағдай жасалған 650 орынды
«Ардагерлер үйі» пайдалануға тапсырылды. 2011 жылы онда 392 соғыс және еңбек ардагері,
2012 жылы – 437 ардагер, 2013 жылы – 540, 2014 жылдың 1 шілдесінде үйде 650 ардагерлер
тұрады.
Ардагерлер тұрғын үймен қамтамасыз етіліп жатыр. 2014 жылы Алматы қаласында
тұратын ардагерлерге 54 пәтер бөлінсе, биыл ардагерлерге көппәтерлік үй пайдалануға
берілмекші. Жер телімдері мен пәтер алуға барлығы 103 ардагер кезекте тұрса, соның 62-сі
соғысқа қатысқандар.
Алматы қаласында әлеуметтік-тұрмыстық және медициналық қызметке мұқтаж
жалғызілікті ардагерлер, мүгедектер, зейнеткерлер мен зейнет жасындағы ерлі-
зайыптылардың тұрақты тұруы үшін 94-пәтерлі әлеуметтік тұрғын үй құрылды. Әлеуметтік
үйде тұратындардың барлығында бұрын өз пәтерлері болған. Мемлекетке тапсырып, орнына
үйден жаңа пәтер алды. 2010 жылы үйде 80, 2011 және 2012 жылдары – 87, 2013 жылы 94
зейнеткер тұрды. Үйде дәрігер мен үш медбике бар, медициналық қызмет тегін көрсетіледі.
Әр пәтерде қалалық нөмірлермен телефон орнатылған. Үйде шаштараз, кір жуатын, демалыс
бөлмелері бар. Демалыс бөлмесінде тұрғындар фильмдер көре алады. Үйдегі барлық қызмет
көрсетулер тегін. Үйдегі лифтілер жұмыс істейді, тамақ өнімдері аулаға әкелінеді. Үйдің
жанында бірнеше дүкен, дәріхана бар. Ардагерлер кеңесі, кіреберіс бойынша жауаптылар да
бар. Дегенмен де проблемалар да кездеседі. Әлеуметтік үйде тұратын тұрғындар тұрмыстық
жағдайларға кезікті. Жуынатын бөлмелерде жарық жоқ, үйдің шатырынан су ағады, яғни
тиісті стандарт деңгейіне сай келмейді. Әлеуметтік үйдің шатырды жөндеуге өз ақшасы жоқ.
Әкімдіктің қаражатына жүргізілген жөндеу жұмыстары сапасыз болған.
Қорыта келгенде, жеке адам қоғамда ерекше істерімен, ақыл-парасатымен,
адамгершілік асыл қасиетімен, беделімен жұртшылыққа танылғанда ғана ардагер болады.
Ардагерлер жолы – жылдар жаңғырығы. Онда терең тағылым, өлшеусіз өнеге жатыр. Біздің
міндет – соны өскелең ұрпақ санасына сіңіру. Сонымен қатар, Елбасы «Қазақстан жолы –
2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауында ел болашағы саналатын
жастарға зор сенім артты. Ал, біздер жастар мақсат жолындағы бағыты мен бағдарын аға
ұрпақтың саналы соқпағынан іздесек керек. Ардагерлер жас ұрпаққа өмірлік тәжірибесі мен
жылдар жемісі саналатын ұлағатын аманаттауға дайын. Ол – өмір мектебінің қайнауында
құрыштай шыныққан ардагерлер. Ардагерлердің үлесі Бүкіләлемдік денсаулық сақтау
ұйымының (БДҰ) есептеуінен асып (6% деп саналған) 10%-ға жетіп отыр. 9 мамыр –
сұрапыл соғыстың сұм жолдарын бастан кешіп, қан майданда от кешкен қаһарман
жауынгерлеріміздің Ұлы Жеңіске қол жеткізген күні, тарих беттеріндегі ерекше тебіреніске,
қайғы мен қуанышқа бірдей толы күн. Осы жылдарды бастан кешкен алдыңғы аға буын
өкілдерінің төзімділігі мен ержүректілігі бүгінгі және келешек ұрпақ санасында нағыз
адамдықтың, отансүйгіштіктің үлгісі болып қала бермек. Ақтаңдақ жылдар енді ешқашан
қайталанбасын деп тілеп, сондағы айбарлы аға-әпкелеріміздің жан аямас жаужүректілігі мен
тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектеріне құрметпен бас иеміз. Толғанысқа толы күнде еліміздің
түкпір-түкпірінде Мәңгілік алау жанында мыңдаған адамдар елі үшін күресте қаза
тапқандарға тағзым етуге келері анық.
Достарыңызбен бөлісу: |