Вестник казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет20/35
Дата03.03.2017
өлшемі3,59 Mb.
#6132
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Savignon S.J. Communicative Competence: Theory and Classroom Practice. Reading / 

 
MA: Addison-Wesley, 1983. 
2.
 
Widdowson  H.G. Teaching Language as Communication / 

 N. York: Oxford University 
Press, 1990. 
3.
 
Современные теории и методики обучения иностранным языкам. / Под     ред. Л. М. 
Фёдоровой, Т. И. Рязанцевой. – М.: Экзамен, 2005. – С.57. 
4.
 
Барменкова О. И. Видеозанятия в системе обучения иностранной речи. //ИЯШ. 1994. 
5.
 
Теория и практика применения технических средств в обучении иностранных 
языков. / Под ред. М. В. Ляховицкого. – Киев, 1978. – С. 68. 
6.
 
Рогова Г. В. О повышении действенности урока иностранного языка. // ИЯШ. 1987, 
№ 4. 
7.
 
Төлеухан Ж. Ағылшын тілін оқытудағы тиімді әдістер [Текст] / Ж. Төлеухан, А. 
Құрмет // Шетел тілін оқыту әдістемесі, 2012. № 4. – Б. 6-8. 
8.
 
Кунанбаева  С.С.  Современное  иноязычное  образование:  методология  и  теории.  – 
Алматы, 2005. – С. 74. 
Резюме 
А.А.Нуртаза, магистрант 
Г.К.Рысбаева, к.ф.н., научный руководитель 
(г. Алматы, Казахский государственный  женский педагогический университет) 
Методы работы развития способностей учащихся с помощью фильмов и видеороликов 
В  методике  преподавания  иностранным  языкам  обучение  с  помощью  видеороликов и 
фильмов  широко  развивается.  В  этой  же  статье  написано  процесс  обучения  и  его 
осуществление,  эффективность  видеометода,  также  способы  развития  всесторонних, 
коммуникативных  способностей  и  навыков  учащихся  с  помощью  видеороликов.  В  том 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
135 
 
числе, этот  метод дает возможность повысить желание и интерес, сэкономить время обоих 
преподавателей и учащихся. 
Ключевые  слова:  видеозапись,  видеоматериал,  мотивация,  фильм,  демонстрация, 
сюжет, эпизод, дешифровка. 
Summary 
A.A.Nurtaza, undergraduate,  
G.K.Rysbayevacandidate of phil. sciences, scientific supervisor 
(Almaty city, Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
Methods of learners’ developing skills through the use of video films 
This  article  deals  with  the  learning  process  and  implementation  of  the  method,  it’s 
effectiveness  in  teaching  foreign  language  methodology,  teaching  by  video  and  films.  Also, 
teaching languages by videos increase the cognitive, communicative skills, and interests of learners. 
It is possible to save teachers’ and pupils’ time with the help of this method. 
Keywords: video, videomaterial, motivation, film, demonstration, plot, episode, decription. 
 
 
 
ӘОЖ 82:81-26; 82:81'38  
Ж. ЖАБАЕВ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ КӨРКЕМДІК ТӘСІЛДІҢ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
А.М.Рахышова, магистрант 
(Алматы қ., әл-Фараби атындағы  
Қазақ ұлттық университеті) 
 
Аңдатпа:  Мақалада  әдебиеттің  көрнекті  өкілі,  жырдың  дүлділі,  айтыскер  ақын 
Жамбыл  Жабаевтың  өлеңдерінің  тәрбиелік  мәні,  ақынның  өлеңдеріндегі  көркемдік 
тәсілдерді  оқыту  ерекшеліктері  туралы  сөз  болады.  Зерттеу  ақынның  көркемдік  әлемін 
тануға  бағытталды,  сондай-ақ  оны  тану  үшін  ақынның  қысқаша  өмірбаяны  берілді.  Және 
мақалаға Жамбыл шығармашылығын оқытуға арналған әдіс түрлері енгізілді. 
Түйін  сөздер:  Жамбыл  Жабаев,  эстетикалық  тәрбие,  метафора,  теңеу,  кейіптеу, 
сарказм, эпитет. 
Екі  ғасырдың  куәсі  Жамбыл  жайлы  жазушы  Ғ.Мүсірепов  «Жамбыл  дүниеге  екі  рет 
келді:  тоғыз  ай  тоғыз  күнде  ана  құрсағынан,  тоқсан  жасқа  келгенде  заман  құрсағынан 
туылды»  деген  екен.  Екі  ғасырды  жырлаған  Жамбылдың  айтыстары,  дастандары  мен 
жырлары, өлеңдері болашаққа мұра, жас ұрпақ тәрбиесінің алтын арқауы іспетті.  
Жамбыл  «20-шы  ғасырдың  Гомері»  деген  атпен  халық  жүрегінде  мәңгі  қалды. 
Ақынның  туғанына  150  жыл  толуы  ЮНЕСКО  шешімі  бойынша  әлемдік  деңгейде 
мерекеленді. Биылғы жылы Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толып отыр. Соған орай 
ақын шығармашылығына арналған конференциялар өткізіліп, әдеби мұрасын жаңа қырынан, 
жаңа заман көзқарасымен зерттеушілер саны да арытып келеді. 
Ақынның  қысқаша  өмірбаянына  тоқталар  болсақ,  Жамбыл  Жабаев  1846  жылы 
ақпанның  екісінде  Жамбыл  тауының  етегінде  дүниеге  келген.  Жастайынан  өлеңге  құштар 
болып,  ақын,  жырау,  жыршылығымен  танымал  болды.  Анасы  Ұлданның  бойындағы 
ақындық талант ұлы Жамбылға берілген болса керек. 
Сүйінбайды  пір  тұтқан  ақын  көрші  қырғыз  тілінің  де  әдеби  мұрасына  қанып  өскен. 
Қырғыз  айылдарын  аралап,  өлең  айтып,  күй  тартып,  айтысқа  түскен.  Атақты  Тоқтоғұл, 
Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлділдермен өнер сайысына түскен, 
солармен бірге «Манас», «Ер Төштүк» эпостарын жырлаған.  
Жамбылдың  шығармашылық  өмірі,  негізінен,  XIX  ғасырдың  жетпісінші  жылдарынан 
басталған.  Жамбылды  нағыз  ақын  ретінде  байтақ  елге  танытқан  өнері  –  оның  айтыстары. 
Жамбылдың Сайқал қызбен (1864-1865), Жаныс ақынмен (1866), Бөлектің қызымен (1870), 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
136 
 
Бұрым қызбен (1873), Айкүміспен (1874), Сарамен (1875), Сары ақынмен (1875), Шыбылмен 
(1890),  Бөлтірікпен  (1890),  Майкөтпен  (1891),  Сарбаспен  (1895),  Құлмамбетпен  (1897), 
Досмамбетпен  (1907),  Шашубаймен  (1909),  т.б.  айтыстары  қазақ  әдебиетінің  алтын  қорына 
қосылды.  
Ленин  орденімен,  Еңбек  Қызыл  Ту  орденімен,  Құрмет  белгісі  ордендерімен 
марапатталған көрнекті тұлға 1945 жылы 99 жасында көз жұмған. 
Қазақ  әдебиеттану  ғылымында  Жамбылтану  саласы  Жамбыл  шығармаларын  жинау, 
жариялау және зерттеумен айналысады. Ақын шығармашылығына арналған түрлі жинақтар, 
монографиялық еңбектер, дипломдық жұмыстарда өлеңдері мен дастандары, айтыстары мен 
жырлары  әр  қырынан  зерттелген.  Дегенмен  Жамбылдың  шығармашылығындағы  көркемдік 
жағы мен педагогикалық қыры әлі де ашылмай келеді. 
Ол  үшін  ең  алдымен  көркем  сөз  тудыру  тәсілдерін,  өлең  сөз  құрылымына  қосқан 
үлесін,  көркемдік  шеберлігі  мен  көріктеуіш  құралдарды  тудыру  ерекшелігін  айқындап 
алуымыз  керек.  Ал  ақынның  көркемдік  әлемін  түсіну  үшін  ақынның  өмір  жолын  жетік 
зерттеген дұрыс.  
Кез-келген  ақынның  ақындық  ерекшелігін  оның  әлемін  танығанда  ғана  түсінеміз.  Ал 
көркемдік  әлем  дегеніміз  –  ақиқат  дүниені  қайта  жаңғыртып,  оның  қалыпты  күйін  мүлде 
ұқсамайтын  дүниелермен  теңестіріп,  эстетикалық  аялық  білімін,  пәлсапасын,  қоршаған 
ортаға,  дүниеге  деген  көзқарасын,  оның  эмоциясы  мен  мінез-құлқын  аңғарамыз.  Себебі, 
көркемдік  әлем  –  бұл  автор  тұлғасының  ішкі  жан  дүниесін  танытатын  авторлық 
заңдылықтармен ғана өлшенетін рухани әлем. 
Зерттеуші А. Әмірбекова ақынның көркемдік әлемін тануды былай жүйелеп көрсетеді 
[1,5]: 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сызба 1. Ақынның көркемдік әлемі 
 
Ақын шығармаларының көркемдік ерекшелігі мен ақын шығармаларында көркемдегіш 
құралдардың  қолданылу  ерекшелігін  саралаудың  маңызы  зор.  Сол  көркемдегіш  құралдар 
арқылы  өлең  өрнектерінің  түрленуінде  өзі  өмір  сүрген  орта  мен  қоғамның  сипатын  әсерлі 
бейнелей білуіне көз жеткізе аламыз.  
Жамбылдың ақындық шеберлігі мен ерекшелігін белгілейтін, поэзиясының көркемдігі 
мен суреттілік сырларының тереңдігін, рухани байлығын, қиялының ұшқырлығын, қабылдау 
қабілетінің жоғары екендігін дәлелдейтін осынау күрделі  құбылыстардың шығармаларында 
керемет көрініс тауып, өзіндік бағыт-бағдар алуы мен көркемдік нақыштар туғызуына негіз 
болғандығын  байқаймыз.  Ақынның  поэзиядағы  көркемдік  шеберлігі  қай  кезеңде  болса  да 
айтыскер ақындарға да, жазба ақындарға да үлгі болары сөзсіз.  
«Жамбыл  жырлары  өзіндік  ой  қорытып  толғануға,  әсемдік  пен  әдемілікті  сезінуге 
тәрбиелейді. Отанға деген, халқына деген патриоттық сезімсіз азаматтық, моралдық тұрғыда 
толыққанды  перзент  бола  алмайтындығын  еске  салады.  Жамбылдың  поэтикалық 
шығармаларының  педагогикалық  мазмұны  Отанға  деген  сүйіспеншілікке,  қаһармандыққа 
баулу,  еңбек  үйрету,  сонымен  қатар  өнегелік  пен  эстетикалық  тәрбие  беру  идеяларынан 
құралады,»  –  дейді  М.Б.Көккөзова  «Жамбыл  Жабаевтың  педагогикалық  идеялары»  атты 
мақаласында [2,102]. 
Ақынның ішкі әлемі: 
(эмоциясы, аялық білімі, 
аффектілік мінезі, көңіл-күйі,
 
мәдени, рухани, эстетикалық 
әлемі) 
Шынайы 
ақиқат өмір 
Көркемдік 
әлем 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
137 
 
Ал әдебиеттегі көркемдік тәсіл әдеби шығармашылық иесінің өз туындысында көздеген 
мақсатына  орай,  іріктеп,  шеберлікпен  пайдаланған  бейнелеу  құралдарының  жүйесі  болып 
табылады.  Сондай-ақ  автордың  қолданған  көркемдік  тәсілдерін  оқытуда  да  педагог  өз 
мақсаттарын  жүзеге  асыруға  тырысуы  керек.  Мұндағы    мақсат  тек  көркемдік  құралдарды 
тани  білу  ғана  емес,  әдеби  шығармашылық  иесінің  шеберлігін  таныта  отырып,  шығарма 
арқылы оқушыларға рухани тәрбие беру. 
Жыр  алыбы  Жамбылдың  шығармашылығын  оқыту  –  ұстаздар  қауымының  үлесінде 
болғандықтан,  автордың  айтпақ  болған  идеясын  бүгінгі  заман  талабына  сай  жаңа 
технологиямен оқушының қызығушылығын арттыруға болады. Ақынның шығармашылығын 
оқытқанда, ең алдымен, оқушылардың патриоттық сезімін оятып, ерлік батырлыққа үйретуді 
басты назарға ұстаған жөн [3,60]. 
Дауылпаз  ақынның  балалар  әдебиетіне  қосқан  үлесіне  келер  болсақ,  Жамбылдың 
балалар  әдебиетіне  қосқан  үлесі  орасан  зор.  «Балаларға»,  «Шәкірт  балаларға»,  «Шағым», 
«Ананың  әлдиі»,  «Бесік  жыры»,  «Жеңіс  жырын  сайраңдар»,  «Балама  хат»,  «Жүз  жасаған 
жүректен!» т.б. өлеңдері балалар әдебиетінен өшпес орын алды. Осындай өлеңдері баланың 
қиялын қияға жетелеп, жанына жаңа қуат беріп, жайсаңдыққа тәрбиелейді. 
Әдебиеттанушы  Сұлтанғали  Садырбаев  «Жамбыл  өлеңдерінің  сұлулығы  мен  күші  – 
оның  бейнелілік  (образды)  сипатында»  деген  екен.  Ал  өлеңнің  образдылығы  –  ақынның 
шеберлігі,  поэзияны  троптың  әр  түрімен  келісті  кескіндеу,  әдемі  айшықтау.  Ал  мұндай 
образдылық  Жамбыл  өлеңдерінің  жаны  іспеттес.  Яғни  Жамбыл  жырлары  тропқа  толы.  Ал 
троп дегеніміздің өзі – «сөз немесе сөз тіркестерінің көркем шығармада тура мағынада емес, 
ауыспалы мағынада қолдану тәсілі» [4,639]. 
Ақын  жырында  көркемдік  тәсілдердің  ең  көп  ұшырасатыны  –  теңеу.  1998  жылы 
шыққан Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде теңеуге мынадай анықтама берілген: «Теңеу – 
құбылысты  басқа  нәрселермен  салыстыру  арқылы  сипаттау  тәсілі.  Әр  нәрсені  салыстыру 
негізінде жасалатын бейнелі сөздер, туынды сөздер, құбылту түрлері де аз емес [5,323].»  
Ақынның бала кезінде алғашқы өлеңдерінің бірі – «Шағым». Осы өлеңде: 
Шып-шып етіп молданың, 
Қолындағы тобылғы. 
Қозғалтпайды жон жағым, 
Талай дүре соғылды. 
Торсылдатып танадай
Жыртар болды тонымды – 
деп басталатын алғашқы шумақта молдадан көрген теперішін таяқтың астында қалған 
танаға  теңейді.  Егер  бөлек-бөлек  қарасақ,  тана  мен  бала  екібасқа  тіршілік  иелері.  Ал  ақын 
болса, поэзияда екеуінің ортақ ұқсастығынан әсерлі образ шығарады.  
Ал  табиғаты  теңеуге  ұқсас  көркемдік  тәсіл  метафора  болып  табылады.  «Метафора, 
ауыстыру  (грек.  metapora  –  ауыстырып  қою)  –  екі  нәрсені,  құбылысты  салыстыру  және 
жанастырып-жақындату  негізінде  астарлы  тың  мағына  беретін  бейнелі  сөз  немесе  сөз 
тіркесі» [4,140]. 
Жамбылдың  телегей  жырларында  метафорамен  көркемдеу  де  шексіз.  Мысалы, 
«Балаларға» атты өлеңінде 
Балалар аманбысың шырақтарым, 
Майысып көлге біткен құрақтарым! 
Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын, 
Ішінен асып кетсе бір аптаның –  
деп  балаларды  қарттық  мейіріммен  «майысып  көлге  біткен  құраққа»  балап,  көптік 
мағынадан  бөлек,  балғын  құрақ  пен  балауса  бүлдіршіннің  арасындағы  әркім  байқай 
бермейтін ұқсастықты көрсетеді. 
«Алатау» атты өлеңі 
«Қарлы тау басы биік мұнар кетпес, 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
138 
 
Сырласып бұлттармененен болған кептес. 
Түрлі аңдар мекен етіп, өніп-өсіп, 
Жүреді бір-бірімен боп тілектес» – дегендей әсерлі шумақтардан тұрады. Бұл шумақты әсерлі 
етіп тұрған көркемдік тәсіл – кейіптеу. Ал кейіптеу деген – «әртүрлі табиғат құбылыстарын, жансыз 
нәрселерді  адам кейпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдік тәсіл» 
[4,108].  Осы  өлеңде  ақын  Алатаудың  табиғаты  мен  жан-жануарларына  жан  бітіріп,  жарасымды 
тыныштығын суреттейді. 
Жамбыл  дүниеқоңыздық,  сарандықты  сынаған.  Сондықтан  да  оның  өлеңдерінің  көбі 
сарказмға толы. Мысалы, «Сарыбайға» деген өлеңде: 
Біреулер малмен бәрін бөктеріп жүр, 
Айтқанды ақыл, нұсқа жек көріп жүр. 
Көтеріп дүниенің көң қоқырын, 
Апарып қай шұқырға төккелі жүр –  
дейді. «Сарказм – ащы мысқыл, кекесін, сықақ, келеке» [4,692] дейтін болсақ, бұдан артық 
келекенің керегі не? Ақын осындай кекесінмен кереғар әдеттерге оқушысының көзін ашады. 
Ал  эпитетке  келсек,  «эпитет  –  заттың,  яки  құбылыстың  ерекшелігін,  сыр-сипатын 
бейнелі  түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық  ұғым, экспрессивті айқындаушы 
сөз,  троптың  қарапайым  түрі»  [4,710].  Жамбыл  айтыстарында  эпитетті  зер  салғандай 
қолданады: 
Жау ашпаған есігін, 
Кеудесін тұнық жаратқан
Немесе  
– Домбыра алған бұл кім? – деп, 
Теріс көзбен қарады
«Жырдың  қызыл  жолбарысы  –  Жамбылдың»  жауһар  жырларында  жоғарыда  аталған 
көркемдік тәсілдерден басқа да троптың түрлерінің қолданылуында шек жоқ. 
Сонымен  қатар  көркемдік  тәсілдерді  оқытқанда  салыстыру,  түсіндіру,  жинақтау, 
саралау,  бақылау  т.б.  секілді  әдіс-тәсілдерді  қолданған  жөн.  Мұның  бәрі  оқушыны  жеке 
ізденіске,  шығармашылыққа  баулиды.  Жамбыл  Жабаев  ұлттық  поэзия  тарихындағы  орны 
ерекше  шығармашылық  тұлғасы.  Ақынның  әдеби  мұрасы  соңғы  көп  жылдар  бойы  әр 
қырынан  талданып,  зерделеніп  келеді.  Дегенмен,  Жамбылдың  поэзиялық  шығармаларында 
көркемдегіш-суреттегіш  құралдардың  қолданылуына,  көркемдік  шеберлігіне  қажетті 
деңгейде  барынша  назар  аудару,  зерттеу,  тексеру  –  қазіргі  әдебиеттану  ғылымының  өзекті 
мәселесі.  Әдеби  тұлғаның  биылғы  мерейтойы  қарсаңында  жаңа  зерттеулер  жарияланып, 
соның  ішінде  шығармашылығының  көркемдік  жағы  және  оның  педагогикалық  қырының 
ашыла  түсетініне  күмәніміз  жоқ.  Қорыта  айтқанда,  Жамбыл  жырлары  арқылы  мектеп 
оқушысын,  жас  ұрпақты  адамгершілік,  Отансүйгіштік,  еңбекқорлық,  бауырмалдық  секілді 
эстетикалық  тәрбиелерді  үйретумен  қатар  көркемдік  тәсілдерді  кеңінен  игертуге  әбден 
болады. Оған ақын поэзиясының көлемі де, көркемдігі де жетеді. 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Әмірбекова А. М. Мақатаевтың бейнелі сөздер сөздігі / жауапты ред. Н.М. Уәли.  – 
Қарағанды: «Экожан» ӨК, 2013. -150 б. 
2.
 
Көккөзова  М.Б.  Жамбыл  Жабаевтың  педагогикалық  идеялары  /  М.Б.  Көккөзова  // 
Казахский  национальный  университет  им.  аль-Фараби  на  пути  ускоренной  модернизации 
высшего и послевузовского образования = Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 
жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білімнің  жаңаруы  жолында:  Материалы  XXXVI 
науч.-метод.  конф.  ППС  КазНУ  им.  аль-Фараби.  Кн.  2:  /  Каз.нац.ун-т  им.аль-Фараби;  Отв. 
ред.: Л.В.Екшембаева, З.К.Сабитова. – Алматы: 2006. – 188 c. 
3.
 
Байсейітова С.А. Ж. Жабаев шығармашылығын модульдік технологиялармен оқыту / 
С.А.Байсейітова  //  Жамбыл  Жабаевтың  160  жылдық  мерейтойына  арналған  «Жамбылтану: 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
139 
 
деректер мен дәйектер» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері: 
28 ақпан. – Тараз, 2006. - 131 б. 
4.
 
Қазақ әдебиеті: Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігі, Қазақстан даму институты. 1999. – 750 бет. 
5.
 
Әдебиеттану.  Терминдер  сөздігі  (Құрастырушылар:  З.  Ахметов,  Т.  Шаңбаев).  – 
Алматы: «Ана тілі», 1998. – 384 б.  
 
Резюме 
А.М.Рахышова, магистрант 
(г.Алматы, Казахский национальный университет им.аль-Фараби) 
Особенности обучения художественного приёма  в стихах Ж.Жабаева 
В статье описываются все художественные приемы и воспитательная мораль в стихах 
великого  поэта  Жамбыла  Жабаева.  Исследование  было  направлено  на  познание 
художественного  мира  поэта,  также  для  осуществления  цели  было  дано  его  краткая 
биография.  А  также  в  статью  вошли  виды  метода  по  обучению  творческого  наследия 
Ж.Жабаева. 
Ключевые слова: Жамбыл Жабаев, эстетическое воспитание, метафора, эпитет, 
имитации, сарказм, эпитет. 
Summary 
A.M.Rahyshova, master 
(Аlmaty c., Kazakh national university name after aI-Farabi) 
Ways of studying of artistic reception of Zh.Zhabaev’s poems 
This  article  describes  all  the  artistic  touches  and  educational  morality  in  verses  of  the  great 
poet Zhambyl Zhabayev. The study focused on the knowledge of the art world of the poet, and to 
fulfill the purpose was given to a short biography. Also in the article entered types of method for the 
study of the creative heritage of Zh.Zhabaev. 
Key  words:  Zhambyl  Zhabaev,  aesthetic  education,  metaphor,  equal,  simulation,  sarcasm, 
epithets. 
 
 
 
ӘОЖ 378.016:811.111 
«ҚҰЗЫРЕТ», «ҚҰЗЫРЕТТІЛІК» ЖӘНЕ «КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК» ҰҒЫМДАРЫ 
 
Н.У.Сайбекова, аға оқытушы 
(Алматы қ., Қазақ  мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті)  
 
Аңдатпа:  Құзырет  –  адамның  тұлғалық    қарым-қатынасын  құрайтын  құзыреттілікті 
меңгеруі,  игеруі  болып  табылады.  Құзырет  –  аталған  пәндік  аймақта  тиімді  іс-әрекет  үшін 
қажетті болып табылатын  білім мен тәжірибенің бар болуы болып  табылады. Құзыреттілік 
белгілі  –  бір  пәндер  мен  үдерістерге  және  оларға  байланысты  болып  табылатын  сапалы  да 
өнімді іс-әрекетке негізделген жеке тұлғаның өзара байланысқан  қасиеттерінің (білім, білік, 
дағды,  іс-әрекет  тәсілі)  жиынтығын  құрайды.  Құзырет  –  аталған  пәндік  аймақта  тиімді  іс-
әрекет  үшін  қажетті  болып  табылатын  білім  мен  тәжірибенің  бар  болуы  болып  табылады. 
Құзырет  –  білімді  қолдана  отырып  мәселелерді  шешуге  деген  потенциалды  даярлық: 
мағыналық  (білім)  және  процессуальды  (білік)  компоненттерінен  тұрады  және  мәселенің 
мәні  мен  оны  шешу  білігіне  негізделеді;  білімді  үздіксіз  жаңартып  отыру,  осы  алынған 
білімді нақты жағдаяттарда табысты қолдану үшін жаңа ақпаратты меңгеру, яғни оперативті 
және  мобильді  білімді  меңгеру.  Мақалада  «құзырет»,  «құзыреттілік»  және  «кәсіби 
құзыреттілік» ұғымдары  қарастырылады.  

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
140 
 
Түйін сөздер: құзырет, құзыреттілік, тәжірибе, кәсіби құзыреттілік, білім, білік, дағды.  
«Құзыреттілік»  ұғымы    бүгінгі  күні  оқыту  үдерісінде  білімді  қолданудың    нәтижесі 
ретінде  қарастырылатындықтан,  оқыту  үдерісіндегі  «құзыреттілік»  ұғымы  студенттердің 
білімі  мен  тәжірибесін,  дағдылары  мен  біліктерін  белгілі  бір  мәселені  шешуде  қолдануы 
болып    табылады.  Құзыреттіліктің  мазмұны  жеке  кәсіптік  және  интегралдық  сипаттама 
ретінде  келесі  қызметтерді  жүзеге  асырумен  анықталады:  болжау,  ұйымдастыру,  бақылау, 
реттеу, үйлестіру, сәйкестендіру, белсенділігін арттыру және зерттеу болып табылады.  
Кәсіби  құзыреттілікті  болашақ  шет  тілі  маманының  дербес  сапалары  мен  оның 
психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, 
тәжірибесінің  бір  арнада  тоғысуы  деп  қарастыруға  болады.  Болашақ  шет  тілі  маманы  өз 
ісінің шебері болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және жалпы әлемдік мәдениетті, 
өз елінің мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін және тіл мәдениетін игеріп, интеграциялық 
үрдістер  мен  жаңа  технологияны  меңгеріп,  әлемдік  білім  кеңістігінің  өрісінен  шыға  алуға 
талпынуы қажет. Маманның кәсіби құзыреттілігі – әртүрлі кәсіби бірлестіктерде бейімделуі, 
өнімді  қызмет  етуге  керекті  мәдени,  және  еңбек  ету,  сала  аралық  білім  іскерліктері  мен 
қабілеттіліктері болып табылады [1, 53].  
Кәсіби  құзыреттіліктің  түрлі  бағыттары  ғалымдардың  еңбектерінде  жан-жақты 
қарастырылған. Кәсіби-педагогикалық құзыреттілік пен оның жеке түрлері А.К.Маркованың, 
Э.Ф.Зеердің, В.А.Адольфтың, Е.В. Бондаревскаяның, Н.В.Кузьминаның және тағы басқа да 
ғалымдардың  ғылыми  жұмыстарында,  сонымен  қатар  педагогтың  кәсіби  құзыреттілігінің 
басқа  да  аспектілерін  К.А.Абдульханова,  Н.В.Кузьмина,  Л.М.Митина,  Л.И.Мищенко, 
М.В.Прохорова,  Е.И.Рогов,  Д.С.Савельев,  В.А.Сластенин,  Н.Ф.Талызина,  А.И.Щербаков 
және  тағы  басқа  ғалымдар  зерттеді  [2,78].  Болашақ  оқытушылардың  даярлығын 
қалыптастыру  кәсіби  даярлаудың  құрамды  бөлігі  ретінде  көптеген  ғалымдардың 
зерттеулерінің  негізі  болып  табылады.  Аталған  бағытта  Қ.А.Аймағанбетовтың, 
С.Рахметованың, 
Б.А.Тұрғынбекованың, 
Ш.Х.Құрманалинаның, 
Т.Қ.Оспановтың, 
Б.М.Қосановтың, Ж.Т.Қайыңбаевтың еңбектерін атауға болады [3].  
Д.Дьюн, У.Уоллер, М.Мид, К.Юнг, П.Сорокин, Ф.Знанецкий сынды философтар кәсіби 
құзыреттілікті адамның ортаға үйренуіне қажетті әрекеттер түрі  ретінде қарастырады. Олар 
адамның  мамандығы  оның  белгілі  бір  нәрсеге  деген  қызығушылығын  тудыратындығын, 
көзқарасын  қалыптастыратындығын,  мақсатқа  жетуге  талпындыратындығын  және  ортақ 
пікір  алмастыруға  деген  қызығушылығы  пайда  болатындығын  айтады.  Б.Т.Кенжебеков 
жоғары  оқу  орны  студенттерінің  кәсіби  құзыреттіліктерін  қалыптастыру  жөніндегі  пікірін 
«кәсіби  құзыреттілік  –  жеке  тұлғаның  кәсіби  іс-әрекетті  атқаруға  теориялық  және 
практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі», – деп тұжырымдаған [4].  
Болашақ  шет  тілдер  оқытушыларының  кәсіби  құзыреттілігінің  қалыптасу  ерекшелігін 
С.А.Панина кәсіби құзыреттіліктің жеке түрі, білім, білік, іскерлік пен дағды жүйесі ретінде 
қарастырып,  оқытушының  кәсіби  әрекеті  үшін  қажетті  педагогикалық  нысаналарды 
пайдаланудағы әдістердің сәйкес келуі деп түсіндіреді [5]. 
Кәсіби  құзыреттілікті  қалыптастыру  жеке  шығармашылық  қабілетті  дамытуды, 
инновациялық жаңа үрдістерді дұрыс қабылдауды және күнделікті өзгеріске толы ортаға тез 
бейімделуді  қажет  етеді.  Жоғары  оқу  орнындағы  болашақ  шет  тілі  мамандарының  кәсіби 
құзыреттілігін бірнеше топтарға жіктеуге болады. Болашақ шет тілі мамандарының   кәсіби 
құзыреттілігі көп жағдайда оның біліктілігімен және іскерлік сапаларымен тығыз байланыста 
қарастырылады.  Құзыреттілік  жеке  тұлға  құрылысында  өзінің  мазмұны  мен  не  үшін 
арналғандығына  (коммуникативті,  әдістемелік,  ұйымдастырушылық  және  т.б.)  байланысты 
ғана ажыратылмайды, сонымен қатар жеке тұлғаның даму үдерісіндегі рөліне байланысты да 
жіктелетіндігін атап айтуға болады. 
Б.Т.Кенжебеков  құзыреттілік  жөнінде:  «Құзыреттіліктің  бар-жоғын  адам  еңбегiнiң 
нәтижесiне қарап пайымдау кажет. Кез келген қызметкер, өз әрекетiмен кәсiби iс-әрекеттiң 
түпкi нәтижесiне сай талаптарға жауап беретiн жұмыстарды орындаса ғана, кәсiби кұзыреттi 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
141 
 
болып  саналады»  –  деп,  анықтама  береді  [6].  Білім  берудің  әртүрлі  аспектілеріне  қатысты 
құзыреттілік  пен  құзыреттің  функциялары  А.В.Хуторскойдың  еңбегінде  білім  алушының 
жеке  тұлғасына,  ББД-ға,  білім  берудің  мазмұны  мен  құрылымына,  іс-әрекет  тәсілдеріне 
байланысты деп айқындалады [7,61].  
«Құзыреттілік» пен «білім беру құзыреттілігі» ұғымдарының мәнін ажырата білу қажет. 
Білім  алушы  құзыреттілігі  –  оның  болашағының  бейнесі,  меңгеру  нысанасы  болып 
табылады.  Оқу  үдерісінде  онда  болашаққа  дайындалуға  ғана  емес,  қазіргі  уақытта  да  өмір 
сүруіне  қажетті  болып  табылатын  «ересек»  құзыреттіліктер  қалыптасады,  ол  оларды  білім 
беру көзқарасы тұрғысынан меңгереді. 
Құзыреттіліктердің  дәстүрлі  білім  беру  параметрлерімен  байланысын  қамтамасыз  ету 
үшін, құзыреттіліктің құрылымдық компоненттерін атай отырып, «білім беру құзыреттілігі» 
ұғымының  мазмұнын  ашамыз:  атауы,  олардың  жалпы  иерархиясындағы  түрлері  (тірек, 
жалпыпәндік,  пәндік);  құзыреттілікке  қатысты  ақиқаттың  шынайы  нысандарының  аясы; 
әлеуметтік-практикалық  байланысы  мен  маңыздылығы  (ол  не  үшін  социумға  қажет); 
нысаналарға  қатысты  оқушының  мағыналық  бағдары,  тұлғаның  мағыналық  құзыреттілігі 
(неде  және  не  үшін  білім  алушы  құзыретті  болу  қажет);  шынайы  нысандар  аясы  туралы 
білім;  шынайы  нысандар  аясына  қатысты  біліктер  мен  дағдылар;  оларға  қатысты  іс-әрекет 
тәсілдері; құзыреттілік аясындағы білім алушының іс-әрекетіне қажетті тәжірибенің аздығы 
(оқыту  сатылары  бойынша);  индикаторлар  –  білім  алушының  (оқыту  сатылары  бойынша) 
құзыретінің  сатысын  (деңгейін)  анықтау  бойынша  мысалдар,  оқу  және  бақылау-бағалау 
тапсырмаларының  үлгісі.  Білім  беру  құзыреттіліктерінің  ұғымын,  олардың  иерархиясын 
айқындау  қажет.  Білім  беру  мазмұнының  жалпы  метапәндік  (барлық  пәндер  үшін), 
пәнаралық (пәндер немесе білім беру аясының кезеңі үшін) және пәндік (әрбір оқу пәні үшін) 
болып  бөлінуіне  сәйкес,  құзыреттіліктердің  үш  деңгейлі  иерархиясы  ұсынылады:  тірек  – 
білім берудің жалпы мазмұнына (метапәндік) жатады; жалпы пәндік – оқу пәндері мен білім 
беру аясының белгілі бір саласына жатады; пәндік  – оқу пәндерінің аясында қалыптастыру 
мүмкіндігі  мен  нақты  сипаттамасы  бар  болып  табылатын  құзыреттіліктің  алдыңғы  екі 
деңгейіне  қатысты  дербес  болып  табылады.  Сонымен,  тірек  білім  беру  құзыреттіліктері 
оқытудың  әрбір  сатысы  үшін  оқу  пәндері  мен  білім  беру  аймақтарының  деңгейінде 
нақтыланады.  Тірек  білім  беру  құзыреттіліктері  жалпы  білім  берудің  негізгі  мақсатының, 
тұлғаның тәжірибесі мен әлеуметтік тәжірибесінің құрылымдық түсінігінің, сонымен қатар, 
өмірдегі  дағдылар  мен  қоғамдағы  практикалық  іс-әрекетті  алуға,  әлеуметтік  тәжірибені 
меңгеруге  мүмкіндік  беретін  білім  алушының  іс-әрекетінің  негізгі  түрлерінің    негізінде 
анықталады [7,63]. 
Merriam-Webster  сөздігіне  сәйкес,  «құзыреттілік»  терминінің  шығуы  1605  жыл  болып 
табылады.  Сонымен  қатар,  И.А.Зимняя  құзыреттілік  ұғымы  грек  сөзі  «atere»  сөзімен 
бейнеленетін  «адам  жағдайының  мүмкіндігі,  тұлғаның  ерекше  белгісі  болып  табылатын 
деңгейге  дейін  дамытылған  және  жетілдірілген  күш»  деп  зерттеген  Аристотель  есімімен 
байланысты деп санайды [8,155].  
ХХ  ғасырдың  басынан  бастап  құзырет  ұғымы  тұрмыста  да,  әдебиетте  де  кеңінен 
қолданылады.  1907  жылғы  «Орыс  тілінде  қолданысқа  енген  шетел  сөздерінің  толыққанды 
сөздігінде»  құзыреттілік  «достаточная  осведомленность,  необходимая  для  того,  чтобы 
решать  вопросы  в  известной  области  и  произносить  основательные  суждения  по  поводу 
определенного  круга  явлений»  деп  қарастырылады  [9].  1933  жылғы  «Шетел  сөздерінің» 
сөздігінде  құзыреттілікке  мекеменің  немесе  тұлғаның  өкілдігінің  аясы  деген  анықтама 
береді. Алайда, білім беру саласында «құзыреттілік» пен «құзырет» ұғымдары XX ғасырдың 
60-70 жылдарында ғана пайда бола бастады.  
1959  жылы  Р.Уайт  өзінің  «Motivation
 
reconsidered:  the
 
concept
 
of
 
competence»  атты 
еңбегінде  жеке  тұлғаның  құзырет  ұғымында  маңызды  екендігін  атап  көрсетеді.1965  жылы 
Н.Хомский  құзырет  ұғымын  тіл  теориясына  енгізеді.  Оның  «Синтаксис  теориясының 
аспектілері»  атты  еңбегінде  айтылған  идеяларының  негізінде  өткен  ғасырдың  70  жылдары 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
142 
 
Америкада  құзыретті  қалыптастыруға  бағытталған  білім  беруге  өту  жүзеге  асырылады. 
Сонымен,  1960-1970  жылдары  «құзырет»  пен  «құзыреттілік»  категориялары  енгізіледі, 
аталған  ұғымдардың  маңыздылығы  мен  мәнділігін  түсінуге  негіз  салынады, 
«коммуникативті құзырет» ұғымы қалыптасады. 1984 жылы Дж.Равеннің «Қазіргі қоғамдағы 
құзырет»  (Компетентность  в  современном  обществе)  атты  еңбегі  пайда  болды.  Ол  өз 
еңбегінде  құзырет  ұғымына  анықтама  ғана  беріп  қоймайды,  сонымен  қатар,  құзырет 
табиғаты туралы өз көзқарасын айтады, құзырет түрлерін және олардың сипаттамасын атап 
көрсетеді  [10,253].  Ол  «мотивацияланған  қабілеттіліктермен»  теңестірілген  құзыреттің  37 
түрін  атап  көрсетеді.  Олар:  өздігінен  білім  алу,  өзін-өзі  бақылау,  критикалық  таным,  қиын 
мәселелерді шешуге даяр болуы, өзіне деген сенімділік, табандылық, бірлесіп жұмыс істеуге 
деген  қабілеттілік,  жеке  жауапкершілік  және  т.б.  болып  табылады  [10,281-296].  Аталған 
жұмыс  зерттеушілердің  құзырет  түрлері  мен    ұғымын  анықтау  мәселесіне  түрткі  болды. 
Маманның  қызметтегі  міндеттерін  (құзыреттіліктер)  қамтамасыз  ету  үшін  сәйкес  келетін 
біліктіліктің бар болуы қажет, яғни жоғары және орта арнайы білім беру жүйесінде алынған 
және кәсіби іс-әрекет үдерісінде қолданылатын кәсіби білім, дағдылар мен тәжірибе деңгейі 
[11].  
Басқару  тұрғысынан,  құзыреттілікті  маманның  қызметімен  байланысты  болып 
табылатын  құқықтық  категория  ретінде  қарастыруға  болады,  яғни  міндеттер  мен 
функцияларды  жүзеге  асыру  үшін  құқықтардың,  міндеттері  мен  жауапкершіліктің  бірігуі. 
Қызметтегі  міндеттері  шегінде  жүзеге  асыру  үшін  қажетті  білім,  білік  және  дағдылар 
көлемін  анықтайтын  болғандықтан  біліктілік  құзыреттіліктің  маңызды  компоненті  болып 
табылады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет