KAYNAKÇA
1.
(2006), Qarabağnamәlәr, Şәrq-Qәrb, Bakı, I K., 216 S.; II K. 288 S.; III K., 248 S.
2.
(2012), Azәrbaycanlıların Soyqırımı: Tarixin Qanlı Salnamәsi: C. 2, Azәrbaycan Bakı, I
C., 448 S.; II C., 422 S.
3.
Anayasa Kitabı, (1978), Sovet Sosialist Respublikaları İttifaqının Konstitusiyası (Әsas
Qanunu). Azәrnәşr, Bakı, 56 S.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
155
4.
Cavadov, Q.C (2000), Azәrbaycanın Azsaylı Xalqları Vә Milli Azlıqları (Tarix Vә Müasir-
lik), Bakı: Elm, 2000, 440 S.
5.
Әhmәdov, E.İ (2012), Ermәnistanın Azәrbaycana Tәcavüzü: Tәhlili Xronika (1987-2011),
Letterpress, Bakı, 912 S.
6.
Әliyev, (2015), İ.H. Nazirlәr Kabinetinin 2015-Ci İlin Birinci Yarısının Sosial-İqtisadi
İnkişafının Yekunlarına Vә Qarşıda Duran Vәzifәlәrә Hәsr Olunan İclasında Yekun Nitqi, “Xalq
Qәzeti”, Bakı, 14 İyul
7.
Әliyev, H.Ә (1997-2013), Müstәqilliyimiz Әbәdidir. Çıxışlar, Nitqlәr, Bәyanatlar,
Mәktublar, Müsahibәlәr, Mәruzәlәr, Müraciәtlәr, Fәrmanlar: 1-46-Cı Kitablar. Azәrnәşr, Bakı.
8.
Әliyev, İ.H (2013), 2013-Cü İl Oktyabrın 19-Da Andiçmә Mәrasimindә Nitqi. “Xalq Qәze-
ti”, Bakı, 20 Oktyabr.
9.
Әliyev, İ.H. (2013), “Azәrbaycanın Milli Bayramı – Respublika Günü Münasibәtilә Keçi-
rilmiş Rәsmi Qәbulda Nitqi”, “Xalq Qәzeti”, Bakı, 28 May
10.
İsimsiz, (2010), Qarabağ Xanlığı, Sabah, Bakı, 330 S.
11.
İsmayılov, F.C (2001), Qarabağ Konflikti ABŞ-In Qlobal Siyasәti Kontekstindә, AME
NPB, Bakı, 150 S.
12.
Mahmudov, Yakup(Baş Red.) (2007-2008), Azәrbaycan Tarixi:, C. 7, Elm, Bakı, I C.,
520 S.; II C., 608 S.; III C., 592 S.; IV C., 504 S.; V C., 696 S.; VI C., 568 S.; VII C., 608 S.
13.
Mehdiyev, R.Ә (2010). Gorus – 2010: Absurd Teatrı Mövsümü, Şәrq-Qәrb, Bakı, 96 S.
14.
Mehdiyev, R.Ә (2014), İkili Standartların Dünya Nizamı Vә Müasir Azәrbaycan, Şәrq-
Qәrb, Bakı, 127 S.
15.
Mehdiyev, R.Ә (2015), Avropa Strukturlarının Deqradasiyasının Mәnbәlәri Haqqında
Vә Ya Azәrbaycana Münasibәtdә İkili Standartlar Siyasәti, “Xalq Qәzeti”, Bakı, 29 Oktyabr
16.
Mehdiyev, Ramiz (Baş Red.)(2010), Qafqazda "Ermәni Mәsәlәsi" 1724-1914:
Rusiya Arxiv Sәnәdlәri Vә Nәşrlәri Üzrә: C. 3, Elm, Bakı, I C., 713 S.; II C., 616 S.; III C.,
345 S.
17.
Mәmmәdov, Ә. M (1999). Müstәqil Azәrbaycan Dövlәtinin Bәrpası Vә Möhkәmlәndiril-
mәsi Uğrunda Mübarizә (80-Ci İllәrin Sonu–1997-Ci İl), Elm, Bakı, 360 S.
18.
Mәmmәdov, İ.M (2013), Azәrbaycana Qarşı Sumqayıt Tәxribatı–“Qriqoryanın İşi”,
Tәhsil, Bakı, 336 S.
19.
Григориу, А. А. Полное Выступление В Парламенте Армении,
20.
https://www.Youtube.Com/Watch?V=Bpbwmcodqea/ 01/02/2016.
Түйіндеме
Саяуыш Гасымов, проректор
(Әзірбайжан, Баку Еуразия университеті)
Ұлттық мүдде және Қарабақ мәселесі
Қазіргі заманда әлемнің барлық жерінде әртүрлі мәселелер болып тұрады. Осы
мәселелер, кейбір ішкі мәселелер, ал, олардың кейбіреулері халықаралық мәселеге айналып
отыр. Кавказ облысындағы ірі мәселелердің бірі – Таулы Қарабақ қақтығысы Арменияның
агрессивті саясаты нәтижесінде пайда болады. Әзірбайжан тарихи және ғылыми зерттеулері
бойынша сұрақты түсіндіруге тырысады, бірақ Армения мәселені шешу үшін, олар
шовинистік жолмен мәселені шешуге кедергі жасайды. Шын мәнінде, екі ел үшін бұл мәселе
әлеуметтік және стратегиялық маңызы бар аймақ болып табылады, алаңдаушылық болып
табылатын бар аймақтың тарихы көптеген елдердің назарын аударады. Біз осы мәселені
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
156
қараған кезде осы мемлекеттердің Арменияға жалған және негізсіз талап қоюы бойынша
әрекет ету және мәселені шешуге мүдделіміз. Осыған байланысты, Түркия Әзірбайжанмен
тарихы, діні және жалпы ұлттық сезімдері мен сипаттамалары бар және әрдайым осы елге
қолдау көрсететін жалғыз ел болып табылады.
Түйін сөздер: Әзірбайжан, Таулы Қарабақ қақтығысын шешу, мүдделері.
SUMMARY
Sayawış Gasimov, Vice-President
(Azerbaijan, Baku University of Eurasia)
National interests and karabakh issue
Various problems almost everywhere in our contemporary world. While some of these
problems are internal issues, some of them have become an international problem. In the region of
Caucasus, one of the biggest problem is the Nagorno-Karabakh conflict emerged as the result of
aggressive policy of Armenia.
While Azerbaijan is trying to clarify the question according to the historical and scientific
research, but Armenia approaches the problem through a chauvinistic way, they obstacle to solve
the problem.
Essentially, the history of the region that the problem exists in which two countries are
concerned about, for it is the region that is of social and strategic importance involves many
countries’ attention. When we look through the states that are involved in this problem, they act
according to the false and baseless claim of Armenia and are interested in delaying the problem.
In this regard, Turkey is the only country, which has common feelings and characteristics in
history, religion and nation with Azerbaijan and always supports this country. We are trying to
assess to the problem of that Azerbaijan puts forward ways of solution in the basis of the existing
condition in the line of national and international law in the research.
Key words: Azerbaijan, Nagorno-Karabakh conflict, interests.
ӘОЖ 316.624:616.89
ҚОҒАМДА СУИЦИДАЛЬДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Д.Ғ.Жармағанбетова, магистрант
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Мақалада қазіргі қоғамдағы ең өзекті әлеуметтік мәселелердің біріне
айналып отырған өзіне-өзі қол жұмсау, яғни, суицидальды мінез-құлық жайлы жазылған.
Ғылыми әдебиеттерде суицидальды мінез-құлық – адамның саналы түрде өзін-өзі өлтіргісі
келетін тұлғаның мінез-құлқының бір түрі деп айтылады. Ғылыми теориялық әдебиеттерге
көз салсақ, адамзат тарихында суицид әрекеті әртүрлі бағаланады. Еуропа халқында өзін-өзі
өлтіретін адамдар вампирға айналады деген. Ал көне Грекия, Спарта, Афинада өзін-өзі
өлтірген адамдардың мәйітін өртеп жіберген. Орта ғасырда Австрия, Пруссия, Францияда
өзін-өзі өлтіруші адамдарды діни көзқарас бойынша – қылмыскерлер деп санаған.
Суицидогенді жағдайлар тұлғаның ерекшелігіне, оның өмірлік тәжірибесіне, интеллектісі
және мінез-құлығымен анықталады. Суицидогенді қақтығыс шынайы себептер арқылы
жүзеге асады.
Түйін сөздер: «Суицид», «суицидология», «суицидогенді қақтығыс», суицидальды
мінез-құлық, психологиялық күйзеліс, әлеуметтік көмек.
Қазіргі кезде социология, психология, медицина, демография, психиатрия
ғылымдарының тоғысында суицидология деп аталатын үлкен бір ғылыми бағыт қалыптасты.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
157
Суицидтік әрекетке баратын тұлғаның психологиялық, әлеуметтік әрекеттері мен оның
себептерін зерттейтін бұл ғылыми сала адам психологиясымен тығыз байланысты.
Суицидтің көп тіркелу себебі қоғамның өзгеруінен ғана емес, біріншіден, қатаң
нарықтық талаптардың адам психологиясына әсер етуі болса, екіншіден бұл жеке адамның өз
тағдырымен де тікелей байланысты, сондай-ақ адамды рухани аздыруға әкеліп соқтыратын
қазіргі заманауи фильмдер мен БАҚ арқылы таралып жатқан ақпараттар да өз ықпалын
тигізіп отыр. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қоғамда өзіне-өзі қол салушылардың саны
жүрек-қан тамырлар ауруымен ауыратындардан әлдеқайда көп. Бүгінгі таңда өзіне-өзі қол
салу проблемасы мемлекеттік деңгейде шешілуі керек. Әсіресе, жастар арасындағы суицидке
баса назар аударуға тиіспіз. Себебі, жыл өткен сайын өзіне-өзі қол салушылар саны артып
барады.
Өзін-өзі өлтірудің себептері әртүрлі. Көп жағдайда өзін-өзі өлтіруге себеп болатын
нәрсе өмір
жағдайының шынайы қиындылығы және өмір оңалмайды деп есептеу. Күйзелісті
жағдайлар салдарынан тығырыққа тірелген адам одан шығудың жолы өз-өзіне қол салу деп
түсінеді. Суицид қарттарға, нашақорларға, жазылмайтын аурумен ауыратындарға,
қылмыскерлерге
тән әрекет. Балалардың өзін-өзі өлтіруі ашық қарсылық білдіру түрінде,
көбінесе ата-аналарына қатысты жағдайларда кездеседі. Суицидтің себептері мен
салдарларын көбінесе әлеуметтік психологиялық тұрғыдан қарастыруымыз керек.
Ғылыми теориялық зерттеулерде өзіне-өзі қол жұмсау әртүрлі негіздер бойынша
жіктеледі. Мысалы: қорытынды суицид (өзін-өзі өлтірер алдында өз әрекеттеріне есеп
беретін, бірақ кінәсіз қиын жағдайдаға түскен, ойлану нәтижесінде болашақтың жоқтығына
көзі жеткен адамдардың өзін-өзі өлтіруі, қаржының жоқтығы, жазылмайтын ауру және т.б.);
Ашық қарсыласу түріндегі суицид (бақытсыз махаббат, ажырасу т.б. себеп болатын
жан күйзеліс әрекет); Аяқ астынан суицид (жаман хабар алғаннан кейін, отбасындағы не
жұмыстағы ойда жоқта пайда болған қиыншылықтан кейін өзін-өзі өлтіруге аяқ астынан бел
буу); Психикалық
ауырған кезде өзін-өзі өлтіру [1].
БӘДСҰ (Бүкіл әлемдік денсаулықты сақтау ұйымы) берген мәліметтерге сүйенсек,
дүниежүзінде жыл бойы 500 мың адамдар өз өмірлерін қияды екен. Салыстырмалы түрде
қарайтын болсақ, өзін-өзі өлтіру дерегі дамыған елдерде де кездеседі. Мысалы: ең жоғарғы
суицид көрсеткіші ол ФРГ, ГДР, Австралия, Швейцария, Венгрия, Чехославакияда
болса, ең
төменгі көрсеткіш ол Болгарияда, Ирландияда және Үндістанда. АҚШ-та суицид деңгейі 100
мың адамға орташа алғанда 25-29 адамнан келеді [2].
БӘДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша 15-24 жас аралығындағы жасөспірімдер
арасында суицид екі есе артып кетті. Ол мемлекеттегі экономикалық жағдайларға
байланысты. Мәселен Францияда соңғы 10 жылда суицидттен өлген балалар саны үш есе
артқан. Енді бұл өлімдер жол апатынан қайтыс болған адамдар санымен теңеліп отыр. АҚШ-
та 15-19 жас аралығындағы өзін-өзі өлтіру саны 1 жылда 5000-ға дейін көтерілді. Қазіргі
кезде АҚШ-та ең маңызды өлімдердің арасында суицид 10-шы орында тұр. Онда 1978 жылда
15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 29000 суицид тіркелген. Бұнда соңғы 30
жылда суицид 15-19 жас аралығындағы қыздар арасында 200%, ал бозбалалар арасында
300%-ға дейін көтерілген [3].
Ғылыми әдебиеттерде суицидалды мінез-құлық – адамның саналы түрде өзін-өзі
өлтіргісі келетін тұлғаның мінез-құлқының бір түрі деп айтылады. Ғылыми теориялық
әдебиеттерге көз салсақ, адамзат тарихында суицид әрекеті әртүрлі бағаланады. Еуропа
халқында өзін-өзі өлтіретін адамдар вампирға айналады деген. Ал көне Грекия, Спарта,
Афинада өзін-өзі өлтірген адамдардың мәйітін өртеп жіберген. Орта ғасырда Австрия,
Пруссия, Францияда өзін-өзі өлтіруші адамдарды діни көзқарас бойынша – қылмыскерлер
деп санаған. Суицидальді мінез-құлықтың белгілі бір формасы, тәсілі, даму кезеңдері,
тәуекел факторлары болады. Суицидальді мінез-құлыққа адамның жас ерекшелігі, жынысы,
кәсіби ерекшелігі, өмірлік жолының әртүрлілігі де әсер етеді. 5 жасқа дейінгі балаларда
суицид әрекетіне бару өте сирек кездеседі. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
158
дейін 2,5%, ал 9 жастан кейін 80% суицид әрекетіне барады екен. Жеткіншек кезеңінде
суицидальді әрекеттің себебі болып көбінесе ата-анасымен, мұғалімдерімен және өз
қатарластары арасында ортақ тіл табыса алмауынан болады. Жастар арасындағы суицид
көбіне жауапсыз махаббат салдарынан, яғни, өздерін тек қана бір адамды сүйем деп
сендіруден болады.
Қазіргі кездегі ғылымы мен технологиясы дамыған озық елдердің бірі болып саналатын
Жапонияда тек 1986 жылы ғана 25524 жағдай тіркелген. Швейцарияда әскер қатарына
шақырылған бозбалаларды психологиялық тексеруден өткізген кезде олардың 2% өзін-өзі
өлтіруге барған, ал 24%-да суицидальді ойлар айқын көрінгені мәлім болған. Сондай-ақ
Польшада соңғы 10 жыл ішінде 12-20 жас арасындағы суицидтен өлген балалар саны 4 есеге
көтерілген, ал оның 21% қыздар алса, қалған 79% ұлдар құрайды екен [4].
Дюркгеймнің суицид теориясына байланысты адам бір проблемаға тірелген кезде
немесе ол бейімделген орта не болмаса әлеуметтік топ одан бас тартқан кезде ол өзін-өзі
өлтіруге барады деген. Әлеуметтік байланыстардың ерекшеліктерін ескере отырып, ол келесі
суицид түрлерін бөліп көрсетті: эгоисттік және альтруисттік. Тағы да психопаталогиялық
жағдай негізінен балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтендіру деңгейімен қоғамда алатын
орнына байланысты да болады. Психоанализдік зерттеулер барысында суицид ол жеке
тұлғаның сексуалды бұзылысына байланысты деген тұжырымдарға келді [5].
Суицидогенді жағдайлар тұлғаның ерекшелігіне, оның өмірлік тәжірибесіне,
интелектісі және мінез-құлығымен анықталады. Суицидогенді қақтығыс шынайы себептер
арқылы жүзеге асады. Ол тіпті сау адамда кездесуі мүмкін. Өмірдегі кездесетін әлеуметтік –
психологиялық қиындықтарды кез келген адам жеңе бермейді, моральдық тоқырау
адамдардың күйзеліске ұшырауына әкеледі. Сол проблемалардың шешілмеуіне байланысты
адамдар өз-өздеріне қол жұмсауы мүмкін. Қазіргі кездегі жастардың суицидке бару себебі
олардың алдарына қойған мақсаттарына жете алмауынан және өмір қиындықтарын шешудің
жолдарын іздестірудің орнына жасөспірімдер өмірмен қоштасуға бейім келеді.
А.Г.Амбрумова суицидальді мінез-құлқы бар 770 балалар мен жасөспірімдерді зерттей
келе пубертантты жасқа дейінгі балалар арасында (13 жасқа дейін) – 14,4%, пубертанты
жастағы балалар арасында (13-16) – 51%, пубертантты жастан асқандар арасында (17-18) –
33,8% кездеседі. Өз-өзіне қол жұмсауға барған көптеген жасөспірімдер ішінде қыздар дәрі
ішіп уланып өлуге бейім болса, ұлдар асылып немесе тамырларын кесіп өледі. Жастар
арасында жыныстық қатынас туралы сауатты оқытудың болмауына байланысты қыздардың
басым көпшілігі аяғы ауыр болып қалғандықтан өзіне-өзі қол жұмсауға барады. Осы жасқа
байланысты Железова бұл балалардың көбінің мінез-құлқында ауытқулары бар және
олардың 70% шизофрениямен ауыратын балалар құрайды деген.
А.Г.Амбрумова және В.А.Тихоненко суицидальді әрекеттің екі негізгі типін көрсетеді:
шынайы әрекет және демонстративті-шантажды. Демонстративті-шантажды әрекетте өміріне
сондай қауіпті емес әрекеттерге барады; денеде ірі веналар жоқ жерлерді кескілеу, онша
қауіпті емес дәрілерді ішеді. А.Е.Личко мен А.А.Александров 14-18 жастағы
жасөспірімдерді зерттей келе олардағы суицид мінезі көбінесе аффект жағдайында және ол
балалардың осы жаста өте сезімтал болатындығына байланысты жиі кездеседі деген
тұжырымдарға келді. Шынайы суицидальді мінез-құлық деп тұлғаға деген шынайы немесе
қиын проблемалары шешілмеген кезде өзін-өзі өлтіруін айтамыз. Ал жалған шантажды
мінез-құлық деп ол адам өзі ойлаған ойын жүзеге асыру үшін, оны қоршаған адамдарға
қысым көрсеткен кезде және басқалардың сезімін манипуляциялаған кезде бұл әдісті
қолданады. Ол көбінесе оны ренжіткен адамның алдында жасалады. Бұнда олар өздерін
өлтірмейді, тек өзінің өлгісі келетіндігін демонстрациялайды. Шантажды мінез-құлық
көбінесе бала кезден пайда болады [6].
И.П.Павлов өзін-өзі өлтіруді «мақсат рефлексін» жоғалту деп түсіндірген. Осыған
байланысты ол: «Мақсат рефлексі әр адамның өмір мәні және энергия көзі. Өмір қызығы бір
мақсатқа жетуге талпыну, егер сол мақсатқа жете алмаса басқа мақсатты көздеп, соған қол
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
159
жеткізу, қызығу, ұмтылу. Соған байланысты біздің өміріміз гүлденеді және мәндене түседі.
Егер адамның өмірінде мақсат жоғалса, оның өмірі мәнсіз болады. Сол себепке байланысты
біз өлген адамдар артынан қалған қағаздардан олардың өмірлерінің мәні жоғалғанына
байланысты олар өз-өздерін өлтіруге мәжбүр болғандарын ұғынамыз. Бірақ адам өміріндегі
мақсаттар саны шексіз...» деген [7].
Суицидальді мінез-құлықтың 5 типі бар:
1) Қарсылық көрсету
2) Жанашырлыққа шақыру
3) Қайғыдан қашу
4) Өзін-өзі жазалау
5) Өмірден бас тарту.
Медициналық психологиялық зерттеулерге қарасақ, адамдардың бір жартысын ақыл-
ойы кеміс адамдар, бірін жүйке жүйесі тозған адамдар, бірін мазасыз адамдар десе, енді бірін
өз эмоцияларын басқара алмайтын адамдар құраса, қалған бөлігін ешқандай психикалық
ауытқуы жоқ адамдар құрайды екен [8].
Суицидальді мінез-құлықтың тұрмыстық жағдайда жиі кездесетін ортасы балалар
үйінде және толыққанды емес отбасында өскен балаларда байқалады. Сонымен қатар отбасы
аралық қақтығыс, әке-шешесінің айырылысуы басты себептер болып табылады.
Суицидальді мінез-құлық көбінесе депрессия кезінде, алкогольдік токсикомания,
психопатия және аффект кезінде жиі кездеседі. Өзін-өзі өлтіруге көбінесе индивидуалды
проблемалар итермелейді. Қазіргі кезде жастар өздерінің өмірлерін бағалай алмайды. Егер
бір проблеманы шеше алмай жатса, олар өз өмірлерін қиюға даяр болады, өйткені олардың
ойларынша олар тек осылай ғана тыныштық, уайым-қайғысыз өмір және махаббат табатын
сияқты. Көбінесе жасөспірімдер мен балалар жерлеу рәсімін көз алдарына елестетіп, ата-
аналарының жылағандарын елестетіп, олардан өш алмақ болады [9].
Адам өліміне әлеуметтік жағдайлар, жалғыздық та үлкен әсерін тигізеді. Бірақ
кейбіреулер ұрсысып өзін-өзі өлтіретін болса, енді біреулері түрмеде отырып бостандықты
аңсайды. Сондықтан қоғамда өмір нашарлаған сайын суицид те көбейе түседі. Біздің
пайымдауымызша мектеп қабырғасындағы, тіпті, бастауыш сынып оқушыларының бойында
оптимистік көзқарасты қалыптастыру керек. Қиындықтардың бәрі уақытша, ертеңгі күн
бұдан да жарқын болады деген сенімділікке үйретуіміз керек. Табиғи ауысып отыратын жыл
мезгілдері сияқты адам өміріндегі қиындықтар да әртүрлі болатынын балаларға жеткізуіміз
керек. Сондай-ақ балаларға кез келген қиындықтың түйінін тарқатудың жолдарын іздеу, сол
үшін күресу басты қажеттілік екенін санасына сіңіруіміз керек.
Қорыта келе, халықтың психикалық мәдениетін арттыру үшін алдымен суицид мәселесі
жөнінде кешенді әлеуметтік-профилактикалық, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық,
имандылық, тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырып отыру керек. Сонымен қатар, суицидтік
әрекетке бейім адамдарға әлеуметтік қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін қоғамдық
ұйымдардың санын кеңейту керек. Осындай қоғамдық ұйымдардың материалдық-
техникалық базасын нығайтып отыру шарт. Ең алдымен біліктілігі жоғары – психолог,
әлеуметтік педагог, дәрігер, психиатр мамандарын дайындау қажет. Сондай-ақ діни
тұрғыдан имандылыққа тәрбиелейтін өсиеттерді айтып отырған абзал. Мысалы, Ислам
дінінде өзіне-өзі қол салып қайтыс болған адамды ақ өліммен өлген жоқ деп есептеген.
Кейбір деректерде өз өмірін қиған адамдардың мәйіті бөлек жерленген. Осындай іс-
шараларды әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру мақсатында отбасы, мектеп, ЖОО бірлестікте
жұмыс жүргізгенде ғана қоғамда бұл мәселенің алдын алуға болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ефремов В.С. Основы суицидологии. – СПб.: Диалект, 2004. – С.69.
2. Орлова И.Б. Самоубиство – явление социальное // Социологические исследования. –
1998. – 90 бет.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
160
3. История социологии в Западной Европе и США: Учебник для вузов. – М.: Норма;
ИНФРА, 1999. – С.45.
4. Жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаушылық әрекеттерінің алдын алу //
Алтын ұя, 7 мамыр 2009ж.
5. Дюркгейм Э. Самоубийство. Социологический этюд. – М.; мысль, 1994. – С.114
6. Бородин С.В., Михлин А.С. Мотивы и причины самоубийства // Актуальные
проблемы суицидологии. – М., 1999. – С.31.
7. Әбдірайымова Г.С. Жастар социологиясы. – Алматы, 2008. - 115бет
8. Жүсіп Қ. Суицид әлемнің бас ауруына айналып барады // Заң газеті 2010. – 19 қазан
9. Төлегенов Н. Суицид XXI ғасырдың ең қауіпті дерті // Алматы ақшамы 2010 жыл 4
қараша
РЕЗЮМЕ
Д.Г. Жармаганбетова, магистрант
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Появление суицидального поведение в обшестве
В статье сказано о самоубийстве, то есть, суицидальном характере, который, является
одним из актуальных проблем современного обшества. В научных литературах говорится,
суицидальный характер – это тип характера личности, сознательно идущий на самоубийстве.
Смотря на научно теоретической литературе в истории человечества оценивали различные
попытки самоубийства. Люди в Европе считали если кто-то покончит жизнь самоубийством
то станет вампиром. А в Древней Греции, Спарте, Афинах, сожгли тело одного из тех, кто
покончил с собой. Середина века Австрия, Пруссия, Франция, люди, которые совершают
самоубийство, религиозной точки зрения считается преступниками. Суицидогенные
конкретные обстоятельства человека, его жизненного опыта и интеллекты определяется
поведением. Суицидогенные конфликты осуществляется истинных причин.
Ключевые слова: Самоубийство, суицидология, суицидитический конфликт,
суицидальное поведение, психологический стресс и социальная поддержка.
Достарыңызбен бөлісу: |